Отбасы адам қоғамнының қалыптасуымен бірге пайда болды. Отбасының дербестігі болғанымен, бірақ отбасылық қатынастар қоғаммен, оның дамуымен тікелей байланысты
Отбасы адам қоғамнының қалыптасуымен бірге пайда болды. Отбасының дербестігі болғанымен, бірақ отбасылық қатынастар қоғаммен, оның дамуымен тікелей байланысты.
Отбасы – кіші әлеметтік топ, ал оның мүшелері некемен немесе қаны бір туыстығымен, тұрмыстың ортақтығымен және өзара адамгершілік жауапкершілікпен байланысты. Отбасы – қоғамның бастапқы ұясы, қоғамның әлеуметтік құрылымының негізі болып табылады.
Отбасының негізін қалайтын неке - ол ерікті де тең болуы керек, күштеп немесе тәуелділіктің салдарынан некелестіруге болмайды.
Отбасының қоғамдық құндылығы тек меншікке, мұрагерлік мүддеге негізделмеуі қажет, ол жеке адамдардың рухани қалыптасу, дамуына байланысты болуы қажет. Сондықтан да қоғам некелік - отбасылық қатынастың нығаюына тікелей ынталы болып, соған қамқорлық жасайды. Отбасы жұбайлардың, ата – аналардың қоғам алдындағы жауапкершілігі нәтижесінде дамып, нығая түсуі керек.
Әлеуметтанушылар неке мен отбасының рухани-адамгершiлiк негiзi махаббат пен парыздық, жауапкершiлiк пен мiндеттiң бiрлiгi деп атап көрсетедi.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
2. Әбсаттаров Р. М. Дәкенов. Әлеуметтану. Оқулық. Алматы. 2004., 2007ж.
3.Әлемдік әлеуметтану антлогиясы. Алматы. Қазақстан. 10 томдық. 2006ж.
1.Бринкерхоф, Д. Әлеуметтану негізері = EssentialsofSociology. - 9-басылым. - Алматы: Ұлттықаудармабюросы, 2018. - 464 б. - ("Жаңагуманитарлықбілім. Қазақтіліндегі 100 жаңаоқулық"). - ISBN 978-601-7943-15-8 : 3850.70.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!