Ою-өрнектердің қазақ мәдениетіндегі алатын орны
Қазақ халқымыздың көне дәуірлерден өшпес мұрасы болып ұрпақтан ұрпаққа, әкеден балаға сабақтасып, тізгінің ұшында өзіндік тарихынан әдет – ғұрыппен сәндік көркемдік жолмен көшпенді елімізді бүкіл әлемге өзіндік ерекшілігімен таныта білген – қолөнер.
Қолөнердің халықтың әлуметтік, салт-тұрмысында алатын орынының қаншалықтты биік, жоғары екеніне сене алсаң – оның ішінде қол өнерді нақышына келтіріп әдемілік, әсемдік дүниенің ауқымын кеңейткен ол - ою-өрнек .
Ою-өрнек сөздері бір мағынаны білдіреді. Бедері түсірілген үлгіні ойып кесіп, қиып немесе екі затты ою кесіп, қиюластыру ою деп аталады. Ал киім-кешекке, түскиізге, т.б. қолөнер бұйымдарына кестелеп бейнеленетін бедер, сол сияқты тоқылатын алашаға, басқұрға және қоржынға түсірілген түрлі геометриялық бедерлерді өрнек дейді. Өрнекті тасқа, ағашқа күйдіріп қашап бояп түсіруге болады. Сонымен ою және өрнек деген сөзі бірігіп келіп, латынша «Орнамент» деген ұғымды білдіреді. Бұл сөз көп халықтың тіліне сіңген термин, мағынасы – сәндеу, әсемдеу.
Қазақ ою-өрнегі — ғасырлар бойы дамып келе жатқан өнер туындысы. Халқымыздың қай қол өнері саласын алсақ та, ою-өрнектердің өзіндік ерекшелігін сақтай отырып, белгілі бір тәртіппен орналасқанын көреміз. Оюлардың ежелден келе жатқан нұсқаларындағы элементтер құстың, гүлдің, жануарлардың түрін тұспалдап тұратыны белгілі.
Көне түркілердің түсінігі бойынша, құс — көктің, балық — судың, ағаш — жердің белгісі. Сол қазақ ою-өрнегінің мақұлық аты, нәубет аты, ғарыштағы, тіке сызықты, нышандық, танымдық т.б. сарындарының мазмұнын байыта түсті. Халқымыздың ғасырлар бойы мұра болып келе жатқан алпысқа жуық оюлардың мазмұны мен нұсқасын, атауларын жинақтап келеді
Бұйымдарда жан-жануарлардың мүйізі, дене мүшесі, тұяғы, құстың тұмсығы, түлкінің басы, бөрінің құлағы немесе иттің құйрығы т.б. және өсімдіктердің түрлері кеңінен бейнеленген. Ою-өрнек өнері — қазақ халқының ауыз әдебиеті секілді мәдени шежіре. Мақсат, болашақ ұрпақтарымызға ұмыт болып бара жатқан осы өнерді таныстырып қана қоймай, оны қолөнер, сурет, сәулет өнері және өндіріс салаларына өндіре отырып осы өнерді қайта жаңғырту, оған жаңа мазмұн беру.
Қазақ халқының ою-өрнек өнерін жан-жақты зерттеуге ғалымдар мен өнертанушылар, тарихшылар мен этнографтар ат салысты. Ал еуропа, орыс өнертанушы ғалымдары бұл туындыларды XVIII ғасырға дейін зерттеп, көп ғылыми еңбек қалдырды. Төл өнерімізді Зерттеуге В. Вансалов, А. Хедона, саяхатшы Джен-Кинсон, Р. Карутц, С. Дудин, В.Радлов, В. Бартольд, Е. Шнейдер, М.В. Рындин т.б. сол сияқты көптеген орыс және Еуропа ғалымдары мен жиһанкездері елеулі үлес қосты. Олар қазақтың ою-өрнектерін ғылыми тұрғыдан талдап, шығу тегіне сипаттама беруге тырысқанымен, олардың жасаған тұжырымның бәрі де қазақ ою-өрнектерінің ішкі ұлттық табиғатын, мазмұнын аша алмаған еді. Бұл орайда қазақ ою-өрнегін алғашқы рет зерттеген қазақ ғалымы Т. Бәсенов былай дейді: "Қазақ ою-өрнегін зерттеуде әр уақыттың, әр саланың ғалымдары көп еңбек етті. Бірақ бұл зерттеушілер халық ою-өрнегінің жұмбақ тілін жете түсіне, шынайы сырына үңіле алмады. Олар өз ойларын халқымыздың өнер кілтін ашатын тума тілде емес, буржуазиялық жат тілде, өзге халыққа деген астамшылық көзқараспен саралады. Өнерін зерттеп отырған халықтың тілі мен зерттеушінің ойы мен тілінің үндестік таппауы көптеген бұрмалаушылықтарға, тіпті елеулі ағаттықтарға әкеп соқтырды". Көптеген зерттеушілер кеңестік кезеңге дейін. Қазақстанның халықтық өнерін, атап айтқанда, ою-өрнектерін зерттеуге экзотика немесе құрып бара жатқан мәдени мұра ретінде қарады. Мұның астарында жалпы алғанда, дамудың сарқылмас қайнарларын түсінбеу жатқан еді.
Қазақ елінің топырағынан таралып, суын ішіп жоғарғы дәрежелі білім алып, сол білімдерін басқа ел мамандарына таныта білген және қазақ қолөнерін жоғары бағалап, талдау жасап, оның ішіңде ою-өрнекті топтастырып бір жүйеге келтірген этнограф, тарихшы, әдебиетші, өнертанушы ғалымдарымыз да бар. Олар Ш.Уәлиханов, Ә.Марғұлан, Х.Арғынбаев, С.Қасиманов, М.Мұқанов, Ө.Жәнібеков, Т.К.Бөсенов, Е.Масанов, Б.Тұяқбаева, Б.Әлмұхамбетов, Б.Ибраев, К.Ибраева, Т.Жанысбеков, Ж.Шәйкенов, Ұ.М.Әбдіғаппарова және т.б. ғалымдар зерттеген.
Қазақ халқы әсемдікті таңдай білген. Осындай әсемдікті таңдай білген хас шебер оюшы зергерлеріміз осы ою-өрнеке бояу түрлерін пайдалануды да, жете меңгерген. Халқымыздың ою-өрнектерінде басым түс ақ пен қара болып келеді. Бұл ою-өрнектердің ең шешімін тапқан жарасымды түрі болып есептелінеді. Ақ пен қара түс бір – бірін айқын ашып, қандай затқа пайдаланса да, анадайдан көздің жауын алып, сән беріп тұрады. Асқан шеберлер былғарын ақ күміспен әшекейлеп, түс киіз жасаған. Бұл түсті халқымыз ең жоғары бағалаған, қастерлеген. Әрбір түстің өз мән мағынасы бар.
Мысалы: қазақ қолөнерінде қолданылатын түстердің символдық мәні бар: көк түс — аспанның, қызыл-оттың, күн көзінің, ақ түс — ақиқаттың, сары-ақыл-парасаттың, қайғы-мұңның, қара-жердің, жасыл-жастықтың, көктемнің символы. Бұйымдағы ою-өрнек осы түстердің бірімен бейнелегенде ғана оған белгілі мән беріледі. Сырмақ сыруда қара мен ақ түсті пайдалану қалыптасқан, сол сияқты көк пен сары түстің, көк пен жасыл, қара мен ашық қызыл, түстің қатар пайдаланылуы ғасырлар бойы дәстүрге айналған. Көбінесе түстер нақ ортадан бастап шетке қарай түрленеді. Сонда ортада қара, ақ, қызыл, жасыл. Сары көк түс келеді. Бұл ұлт өрнегінде түстерді орналастырудың көне мәнері. Өрнек атауларын түгел қамтып, олардың әрқайсысына жеке атау беру мүмкін емес, әр шебер өзі жасаған ою-өрнекке өзі ат береді. Сол оюдың пайда болу тарихын оюшыдан артық ешкім білмейді. Ою-өрнек саласын зерттеп жүрген ғалымдар оларды бір жүйеге түсіріп, мынандай топтарға бөлген:
1. Өсімдік типтес ою-өрнек ("жапырақ", "үш-жапырақ", "шиыршық гүл", "ағаш" т. б.)
2. Зооморфтық ою-өрнек (жан-жануарлардың табиғи және мифтік бейнелері, "қошқармүйіз" жөне оның түрлі нұсқалары: "қосмүйіз" "сынықмүйіз", "қырықмүйіз", сондай-ақ "өркеш" "табан", "ботамойын", "кұсқанаты" т. б.)
3. Космогониялык өрнек («дөңгелек», шымай,төрткөз, айшық )
4. Геометриялық өрнек(«ирек», «қармақ», «балдақ» т.б)
Достарыңызбен бөлісу: |