Әйелдер киімдеріне түсірілетін ою-өрнектердің тарихы туралы түсінік. Ою- өрнектің түрлері Қазақ ою-өрнегінің өзіне тән даму жолы мен тарихы бар



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі18,72 Kb.
#93990
  1   2
Байланысты:
Ою орнек турлери


Әйелдер киімдеріне түсірілетін ою-өрнектердің тарихы туралы түсінік. Ою- өрнектің түрлері 
Қазақ ою-өрнегінің өзіне тән даму жолы мен тарихы бар. Тарихи-ғылыми деректерге жүгінсек, қазақ халқының алғашқы ою-өрнектерінің тарихы сонау көне замандардан, сақ, андронов мәдениетінен басталады. Мысал ретінде, қазба жұмыстарынан табылған құмыра мен ыдыстардағы өрнектер, тау-тасқа бейнеленген суреттер, сәулет өнерінде қолданған өрнектерді айтуға болады.
Дәлірек айтқанда, 1960 жылы Талдықорғанда табылған қазанда «ұлу» өрнегі бейнеленген. Алматы облысында табылған құмырада «лотос қауызы» тәріздес өрнектер болған. Бұл өрнектер неолит және қола дәуірінен бастау алған деген болжам бар. Қазақ қолөнерінің ертеректе пайда болғанын Досбай тауларында бейнеленген суреттер мен Ұлытаудан табылған керамикалық ыдыстар да дәлел бола алады. Көне дәуірде өмір сүрген адамдардың кәсіптерінің бірі-саятшылық болғаны белгілі. Оның көріністері ретінде Қаратау жақпаларына салынған суреттерді айтуға болады. Ал орта ғасырларда өрнектер сәулет өнерінде пайдалана бастады. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесінде, Батыс Қазақстандағы құлпытастарында, Тараз қаласының маңында тұрғызылған Айша-Бибі ескерткіштерінде, сонымен қатар қазақтардың баспанасы саналған киіз үйлерінде көп бейнеленген.
Қазба жұмыстары кезінде сақ қорғандарынан алтыннан, ағаштан, қоладан, теріден, зергерлік бұйымдарынан, яғни жалры қолөнер туындыларынан жасалған барлық ескерткіштеріне ою-өрнек бейнеленген. Ол ою-өрнектер жан-жануарлар мен аңдардың, құстардың бейнелері болған. Сақтар зергерлік бұйымдарына (білезік, сақина, жүзік, алтыннан жасалған моншақтар) негізінен ғарыштық және геометриялық ою-өрнектердің қарапайым элементтерін бедерлеген. Олардың алғашқы оюларының бөлшектері ғарыш әлемінен туындаған деседі. Кейін келе, сақтарда сынық, жолақ, жіңішке, жуан сызықтар мен үшбұрыштар пайда бола бастады. Бұл сақтардың тұрмыс-тіршілігін айқындай бастады. Осындай ізденістің арқасында олардың сана сезімінде табиғатқа байланысты бейнелер (күн өрнегі, жапырақ өрнегі, жұлдыз өрнегі, крест бейнелері) туындап, оларда түстерді бояп, композиция жасап қолдана бастады.
Ғұн мәдениетінде сыртқы пішіні пирамидаға ұқсап жасалынған «үшбұрыш» өрнегі әйелдерінің алқасында бейленді. Ғұндар өнерінде киізге, былғарыға,, тастарға түрлі бейнелер салды. Бұл ата-бабаларымыздың тұмыс-тіршілігінен көптеген мағлұматтар алуға болады. Зергерлеі бұйымдарда жануарлар мен аңдардың бейнелері кездеседі.
Сақ тайпасының жалғасы болып табылатын үйсіндер мен қаңлылардың мәдениеті сақ мәдениетін одан ары қарай дамытты. Оларда темірден жасалған өрнектер көптеп кезедседі. Үйсіндер мен қаңлыларда бейнеленген ою-өрнектері басым бөлігі геометриялық элементтерден жасалынып отырды.
Түрік қағанаты өмір сүрген жәдігерлерге сүйенсек, қолөнер шеберлері үстем тап өкілдеріне арнап үй-жиһаздарын, ер-тұрман, киім-кешек, ыдыс-аяқ, зергерлік бұйымдарына геометриялық және өсімдік тектес ою-өрнектерді салып отырды.
Қарлұқтар мен қараханидтер кезеңінде қазақ ою-өрнегінің стилі геометриялық және өсімдік тәріздес өрнек болды. Бұл кезеңде ою-өрнектерді әрлеу мен түрлі кескін берудің жаңа кезеңі пайда болды. Ою-өрнек салынған бұйымдарға қосымша фон беріп, көркемдік деңгейі өсіп отырды.
Қазақ ою-өрнек өнерін жан жақты зерттеуде ғалымдар мен өнертанушылар, тарихшылар мен этнографтар ат салысты. Ою-өрнек тарихын қазақ ғалымдарының саралай бастағанына небәрі 50 жылдан енді асыпты. Ғалымдардын пайымдауынша, пайда болуының бірнеше себептері бар. Адамзат ғасырлар бойы әсемдікке, сұлулыққа ұмтылған, сондықтан да ою-өрнектерді тұрмыстық заттарды безендіру үшін пайдаланған. Ою-өрнек өнерінде белгілі бір халыққа ғана тән негізгі көркемдік ерекшеліктері сақталады. Сондықтан ол халықтың бейнелеу, сұлулықты қабылдау мәдениетіліктің жоғарлылығымен, ұлттық қолтаңбамен тікелей сабақтасып жатады. Ғалымдар халықтың өнеріне баға беру кезінде жоғарыда аталған өлшемдерді басшылыққа алады. Қай халықтың мәдиениетіне байыппен көз салсақта, сол халықтың өздеріне тән әсемдік талғамы мен танымына, эстетикалық ұстанымына сәйкес дамып отырғанына көз жеткіземіз. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде ою-өрнек қатыспайтын саласы жоқ деуге де болады. Сондықтан да қолөнер саласының бәрінде де бұйымдарды көріктендіру үшін, әшекейлеу үшін ою-өрнекті молынан пайдаланған.
Халықтың тарихы, мәдениеті, дүние танымы құрылымы, тыныс-тіршідігі біртұтас дүние. Демек оның қолөнерінде зерттегенде осы тұтастықты аңғару керек. Ою-өрнекті көзбен көріп қана әсерленбей, оның атауларының мазмұнын, шығу тарихын білудің, тұспалды ойын түсінудің маңызы өте зор. Өйткені, ою – өткен заманның хабаршысы, шежіресі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет