Ежелгі астрономия Орындаған: Қадылбек Қалиқан, Пазылбек Салтанат



Дата08.02.2022
өлшемі6,41 Mb.
#121797
Байланысты:
ежелги астрономия
1513915904, Англия және Қытай үкіметтерінің хат алысуынан империализм туралы не біле аламыз

Ежелгі астрономия

Орындаған: Қадылбек Қалиқан, Пазылбек Салтанат

Тексерген: Иманжанова К.Т.


Ерте дүниедегі халық астрономиясы. Ертедегі адамдардың астрономия туралы білімі әр түрлі ертегі, аңыздармен астасып жатады. Оларға аспан әлемі толып жатқан аңдар мен құстардың, адамдар мен құдайлардың мекені болып елестейтін. Тарихи дәстүр бойынша астрономияда қолданылып жүрген көптеген атаулар ертедегі грек мифологиясынан алынған.
Аспан денелері туралы қазақ аңыздарының сарыны гректердің мифологиясына ұқсас. Бұл тегін емес. Тарихтың атасы Геродоттың айтуынша, «киіз туырлыкты, шошақ бөрікті, бие сүтін ашытып ішетін» біздердің арғы скиф-сақ бабаларымыз б.з.б. V I I - V I ғасырларда Эллада (Грекия) елімен де етене араласып тұрған. Бұл Алтай мен Алып (Альпі) тауларының арасындағы скиф-сақ мөдениетінің дөуірлеген кезеңіне сәйкес келеді. Оған бірінші дәлел ретінде археологиялық зерттеулерден табылган аса кұнды материалдық-мәдени айғақтарды келтіруге болады. 
Қазақтардың аңыздарында аспан денелерінің қозғалыстары табиғи нанымдылығымен ерекшеленеді. Мысалы, өлемнің айналу осінде орналасқан «қозғалмайтын» жұлдызды, қазақтар «Темірқазык» деп атаған. Аспанда орнын ауыстырмайтын «Темірказыкка» қарап, қазақтар сапар шеккенде жол бағдарын анықтайды. «Темірқазықты бетке ал» немесе «Темірказык сол иығыңда болсын» деп жолаушыға жол сілтеген. Қазақ аңыздарында көп айтылатын планеталар мен жұлдыздар мыналар: «Темір- қазық» - Полярлық жұлдыз; «Жетіқарақшы» - Үлкен Аю; «Шолпан» - Венера; «Үркер» - Плеяды, «Акбозат, Көкбозат» - Кіші аюдағы ең үлкен ақшыл және көгілдір екі жұлдыз; «Таразы» - Ориондағы қатар тізіліп тұрған үш жұлдыз, кейде оны «Үш аркар» деп те атайды.
Аңыз бойынша «Ақбозат пен Көкбозат» күзетшісі бар және «Темірказыққа» байланған арқандаулы жылқылар. «Жетіқарақшы» оларды түні бойы аңдып, соңдарынан қалмай жүрген ұрылар. Бірақ Күн - «күзетші» шыға келеді де, оларды қуып тастайды. Алайда ұрылар түн жамыла қайта «іске» кіріседі. Қазақ аңыздарында «Жетіқарақшы» аттарды қолға түсіре алмай жүрген жай ұрылар емес, тіскаккан қандыбалақ қарақшылар. Тағы бір аңызда олар «Үркердің» бір қызын алып қашып, қарақшылардың біреуіне еріксіз косады. Шындығында, Үлкен Аю (Жетіқарақшы) ожауының сабындағы ортаңғы жұлдыз, көмескі көрінетін қос жұлдыздан тұрады. Сондыктан ертеде үлкен өркениетке ие болған американдық үндістер соған қарап көздерінің көргіштігін (өткірлігін) сынаған. Үндістер қос жұлдыздың өлсізін - бала, үлкенін - кемпір деп сипаттаған. Қазақтардың аңызында көмескі қос жұлдыздың бірі - ұрланган қыз, ал екіншісі - зорлықшыл қарақшы.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет