Ежелгі адамдардың өмірі мен еңбек құралдары
-
Мұз басу дәуірі деп аталатын кезең- Палеолит
-
Жер бетінің күрт суый бастауы басталды – 100 мың жыл бұрын
-
Ғалымдардың есептеуінше мұздықтың ери бастаған уақыты – 13 мың жыл бұрын
-
Осыдан мөлшермен 13 мың жыл бұрын бұрынғы іргелі өзгеріс – Мұздықтар ери бастады
-
Жер бетінің күрт сууына алып мұздықтар пайда болған аймақтар – Еуропа мен Азияның оңтүстігі
-
Ғалымдардың есептеуінше мұздардың қалыңдығы – 2 км
-
Ежелгі адамдардың тұңғыш баспаналары – Үңгірлер
-
Ертедегі адамдардың маймылдар мен жануарлардан басты айырмашылығы – Еңбек құралдарын жасай білуі
-
Алғашқы адамдардың жануарлар дүниесінен бөлініп шығуына әсер еткен – Еңбек құралдарын жасауды игеру
-
Ең көне тас құралдар табылды – Шығыс Африкадағы Олдувэй шатқалынан
-
Ең көне тас құралдардың ғылымдағы атауы – Чоппер, чоппинг
-
Тастан жасалған еңбек құралдары – Пышақ, найзаның ұштары, бұрғы, қашау, балға, кескіш
-
Қазақстан жеріндегі ең көне тас құралдардың жасалған мерзімі – 1 миллион жыл бұрын
-
Қазақстан жерінен табылған тас құралдардың жасалған мерзімі – 1 млн жыл бұрын
-
Ежелгі адамдардың ең әуелде отты қайдан алғанын анықтаңыз- Найзағайдың түсуінен жанған ағаштан
-
Алғашқы адамдардың айналысқан кәсібі – Аң аулау мен терімшілік
-
Ежелгі адамдарды егіншілік пен мал шаруашылығына алып келген жағдай- Терімшілік пен аңшылық
-
Алғашқы қауымдық егіншілікке алып келген жағдай – Терімшіліктің дамуы
-
Ежелгі дәуірде терімшілікпен айналысқан адамдар тобы – Әйелдер
-
Алғашқы адамдардың аулаған аңдары – Мамонт пен бизон
-
Палеолиттің аяғына қарай тұқымы құри бастаған суыққа төзімді жануарлар – Мамонт, мүйізтұмсық
-
Археологтардың тапқан сүйек пен мүйізден жасалған мүсіндерінде ең көп кездесетін бейнелер – Әйелдер бейнесі
-
Ежелгі адамдардың алғашқы еңбек құралдары – Үшкір тас, қазғыш таяқ, шоқпар
-
Қаратау үңгірінің ежелгі тұрғындары жасаған қару атауы – Чоппинг
-
Домалақ малтатасты екі жағынан егеп, жүзі өткір, ирек ара сияқты құрал жасаған үңгір тұрғындары – Қаратау
-
Қазақстан жеріндегі ең көне тас құралдардың жасалынған мерзімі – Б.з.б 800-140 мыңжылдық арасы
-
Қаратау үңгірінен табылған жуан емес ағашты кесетін еңбек құралы – Жүзі өткір, ирек ара сияқты құрал
-
Қаратаудағы Қараүңгір мекенінен табылған қыш ыдыстардың түптері боялды – Қызыл бояумен
-
Қазақстан жеріндегі ежелгі адамдардың дөңгелек түптері қызыл бояумен боялған қыш ыдыстары табылды – Қаратаудағы Қараүңгір мекенінен
-
Шақпақ тастар табылған Қараүңгір орналасқан аймақ – Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы
-
Тас дәуірінде шұңқыр, сызық, тарақ таңбасы сияқты өрнектермен әрленген бұйым – Ыдыстар
-
Тас дәуірінде түрлі өрнек салынып, түсті бояумен боялды – Ағаш бұйымдары мен үй заттары
-
Алғашқы қауым суретшілері сурет салуда пайдаланды – Ағаш көмір
-
Алғашқы қауым суретшілері бояу есебінде пайдаланды – Жосаны, көмірді
-
Қазақстан жеріндегі ежелгі адамдар өлтірген аңдардың денесін боршалап, терісін сыпырған құрал атауы – Чоппер
-
Аң еті мен ағаш кесу үшін пайдаланылған еңбек құралы – Чоппер
-
Ашель заманында пайда болған еңбек құралдары – Қол шапқы мен жарғыш
-
Көлемі 35 сантиметрге дейін жететін, екі жағынан ұсақтап жарып жасалған еңбек құралы – Қол шапқы
-
Кейінгі палеолитте жіппен байланып, оқ есебінде қолданылған домалақ тастар – Болос
-
Аңшылық және соғыс қаруы ретінде қолданылған қысқа сапты ағаш найза атауы – Дротик
-
Ұшы сүйектен жасалған, аңға қадалғанда шықпай қалатын ілмек кертігі бар сүңгі-найза – Гарпун
-
Неолит дәуірінің тесілген ұршық басы табылды – Тобыл өңірінен
-
Тас дәуірінде пайда болған құралға жатпайтын еңбек құралы – Дромос
-
Алғашқы адамдардың киім тігу үшін инені қандай заттан жасағанын анықтаңыз- Үшкір сүйектен
-
Тас дәуірінде адамдар үшкір сүйектен жасады – Инені
-
Алғашқы адамдардың киім тігуге жіп орнына пайдаланған материалы – Жануарлардың сіңірлері
-
Тас дәуірінде үңгірді мекен еткен алғашқы адамдар төсеніш ретінде пайдаланды – Аң терісін
-
Тасты бір жағынан соққылау арқылы сындырып, қыр шығарылған еңбек құралының ғылыми атауы – Монофас
-
Тасты екі жағынан сындыра отырып, жүз шығарылған тас құрал атауы – Бифас
-
Бір қабат өңделген тас құралдардың жүзін ұсақ ойықтар жасау арқылы өткірлеу әдісі – Ретушь әдісі
-
Сүйек пен ағаш сапқа өткір жүзді ұсақ қалақша тастарды желімдеп орнатып кескіш құрал жасау әдісі – Қыстырма
-
Қарағанды облысынан табылған тас дәуіріне тән қыш ыдыстардабейнеленген өрнек – Геометриялық
-
Палеолит дәуірінде дөңгелек өзектасты шетінен ортасына қарай жүру әдісі – Нуклеустік
-
Палеолит дәуірінің бастапқы кезінде еңбек құралдарын жасауда кең тараған әдіс – Нуклеус
/ дөңгелек өзектас/
Достарыңызбен бөлісу: |