Ашель кезеңінің ескерткіші Құдайкөл табылған аймақ – Орталық Қазақстан
Палеолит дәуірінің ашель кезеңіне жататын қоныстар – Жаман Айбат, Обалысай, Қозыбай
Жаман Айбат, Обалысай, Қозыбай тұрақтары жататын кезең - Ашель
Палеолит дәуірінің Қозыбай тұрағынан шапқы, екі жағы өңделген құралдар табылған аймақ – Шығыс Қазақстан
Қазақстанның орталық және шығыс аймақтарын адамзат баласы игере бастаған кезең – Мустье кезеңінің басында
Адам баласы мустье заманының басында игере бастаған Қазақстан аймақтары – Орталық және Шығыс
Мустье дәуірінің қоныстарыМустье'> – Обалысай, Мұзбел, Қанай, Қызылрысбек, Шақпақата
Мустье кезеңіне жататын Қаратаудағы тұрақтар- Қызылрысбек, Арыстанды мекеніндегі Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ, Батыс Қазақстандағы Шақпақата, Орталық Қазақстандағы Ағадыр ауданынан табылған тұрақ
Палеолит дәуірінің Мустье кезеңіне жататын Қаратаудағы тұрақ- Қызылрысбек
Ежелгі адамдар бірнеше рет қоныстанған Мустье кезеңінің тұрағы – Ш.Уәлиханов
Мустье кезеңінің тұрақтары ішіндегі ең күрделісі – Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ
Шығыс Қазақстан жеріндегі Қанай қонысынан табылған тас құралдардың пайдаланған уақыты – Б.з.б 140-132 мыңжылдық
Алғашқы адамдар тасты тасқа ұрып от жағуды үйренді – Мустье кезінде
Еңбек өнімділігі артып, алғашқы қауымдық құрылыстың белгілері байқалған кезең – Мустье кезеңі
Археологтар Шығыс Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстан өңірінен тұрақтарын көп тапты – Мустье кезеңінің
Қазақстан жеріндегі ежелгі адамның алғашқы іздері жатады – Ерте палеолитке
Қазақстан аумағында ең ежелгі адамдардың өмір сүрген аймағы – Оңтүстік Қазақстан
Қазақстанда ежелгі адамдардың құралдары алғаш табылды – Жамбыл облысынан
Қазақстан жерінен ең көне тас құралдар табылды – Маңғыстау, Солтүстік, Орталық Қазақстан, Қаратау аумағынан
Маңғыстау, Солтүстік, Орталық Қазақстан, Қаратау аумағынан табылған тас құралдардың жасалынған мерзімі – Б.з.б 800-140 мың жылдар
Қазақстан жерінен табылған ең көне тас құралдардың жасалынған мерзімі – Б.з.б 800-140 мың жылдар
Ерте тас ғасыры тұрақтарының ең көне ескерткіштерінің табылған жері – Шақпақата, Арыстанды
Алғашқы адамдардың Қазақстан аумағына тарала қоныстану процесі жүрді – Кейінгі палеолитте
Алғашқы адамдардың Қазақстан аумағына тарала қоныстанған кейінгі палеолит тұрақтары – Орталық Қазақстан- Семізбұғы, Батпақ, Қарабас, Шығыс Қазақстандағы – Бұқтырма, Шүлбі, Оңтүстіктегі- Ащысай, Жетісудағы – Майбұлақ тұрақтары
Орталық Қазақстан жеріндегі жүзі түзу, кейде қайқы тас пышақ қырғыштар табылған тұрақ- Семізбұғы /кейінгі палеолит/
Орталық Қазақстан жеріндегі кейінгі палеолитке жататын 300-ге таяу тас құрал шыққан ең көрнекті көне мекен – Батпақ
Орталық Қазақстанда Батпақ тұрағының ерекшелігі – 300-ге таяу тас құралдар табылған
Батпақ тұрағының жас мөлшері – Б.з.б 30-25 мыңыншы жыл
Жер бетіндегі мұз басу кезеңі осы дәуірге тән – Палеолит
Ерте тас дәуірінде – От пайда болды
Алғашқы адамдардың еңбек құралдары – Қазғыш таяқ, үшкір тас, шоқпар, шапқы
Достарыңызбен бөлісу: |