«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны


Бұнымен қатар мәжіліс шекара орыс поселкелерімен орынсыз жан-



Pdf көрінісі
бет189/248
Дата18.09.2024
өлшемі3,69 Mb.
#204595
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   248
Байланысты:
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау (1)

Бұнымен қатар мәжіліс шекара орыс поселкелерімен орынсыз жан-
жалды тоқтатып, олардан астық сатып алу ісін жөнге қойсын деді. Со-
нымен қатар әскерге керек қару-жарақ, қорғасын, оқ-дәрімен қамтама-
сыз ету үшін Хиуа, Бұқарлармен де сауда-саттық қарым-қатынасының
күшейтілуін талап етті. 
Осындай шешімге келген ру бастары батыр, сұл-
тан, би ақсақалдардан Кенесары тағы да бір өзіне өте керекті билік алды. Ол
Хандық Кеңесі жайында еді. 
Әбілқайыр баласы Нұралы кезінде Абылай
тұсында жойылып кеткен хан жанындағы Хандық Кеңес қайтадан
құрылған. 
Бірақ ол Хандық Кеңестің қақы үлкен болатын. Хан күрделі мәсе-
лені Хандық Кеңессіз шешуге тиіс емес-ті. Егер Хандық Кеңес дұрыс көрме-
се, хан қандай ойлаған ісі болса да бас тартуы керек-ті. Кенесары жанынан
да осындай Хандық Кеңес құрылды. Бірақ бұл Хандық Кеңес ақылшы ретін-
де ғана тағайындалып, барлық билік ханның өз қолында қалды. Оның
шешімі кімге болса да заң, Хандық Кеңесте қолбасшы батырлар да, қара-
мағындағы ел де хан шешімін бұлжытпай орындауға тиісті делінді.
Көздеген арманына жеткен Кенесары, мәжіліс біткеннен кейін ең жақын серік-
терімен тағы да біраз ақылдасып, кейбір әскер тобының ойын-өнерін көріп, бір
жетіден кейін Қара Торғайдағы өз ордасына қайтты. Көп кешікпей хан
төңірегіндегі жайылымға жасақтарын ертіп өзге батырлары да жинала бастады.


Жаңа алған тұжырым бойынша әскери ойын қыза түсті.
Биліктің бәрін қолына алған Кенесары енді хандық әмірін жүргізіп, кектескен
руларынан, тіпті кейбір жеке адамдардан өшін алуға кірісті. Ол Орынбор әскери
губернаторына жататын орыс поселке, бекіністеріне тимей, бұл ісін Батыс Сібір
генерал-губернаторының шекарасындағы бекіністер мен өзіне бағынғысы кел-
меген қазақ ауылдарын шабуылдаудан бастады... Енді екі жақтан бірдей қан
төгіс күшейе түсті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет