«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны


Бұл мәселені қарағанда тағы бір ойланатын жағдай туды. Ол - салықтар-



Pdf көрінісі
бет188/248
Дата18.09.2024
өлшемі3,69 Mb.
#204595
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   248
Байланысты:
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау (1)

Бұл мәселені қарағанда тағы бір ойланатын жағдай туды. Ол - салықтар-
ды кім жинайды және қалай жинайды деген мәселе еді.
Бұрын патша салығы
болсын, Қоқан хандығы салығы болсын, әр рудың, әр ауылдың басты адамдары
жинайтын. Кеңес Кенесарының өтініші бойынша бұл тәртіпті де өзгертті. З
екет,
үшір бұдан былай қарай әр ауылдан, әр рудан Кенесары өзі белгілеген жа-
сауыл арқылы жиналсын делінді. Кенесарының бұндағы ойы, қазақ жерін-
дегі жоғарғы үкімет - ханның дәрежесін көтеру еді. Жиналғандар бұған да
көнді.
«
Үшінші әңгіме - ел билеу, әкімдік жүргізу, билік айту жайында болды.
Бұрын ел арасының дау-жанжалдарын, барымта, жесір дауын ру билері,
ақсақалдары шешетін. Осы кеңестен бастап мұның бәрін әр рудан Кене-
сарының өзі тағайындаған билер шешсін десті. 
Бұндағы саясат тағы да
хандықтың дәрежесін көтеру еді. Екі рудың болмашы таласы, жесір ісі, яки


шабындық дауы секілді жеңіл шешілер жанжалды да, осы Кенесары бекіткен
билер қарайды. Ал кісі өлімді барымта, ел шабу тәрізді ауыр қылмысты істі
ханның өзі шешеді. Кенесары қарамағындағы ел мен Россия империясына
жататын рулар арасындағы таласты аға сұлтандар қарайтын болады. Ал кей-
бір асқынып кеткен іс болса, Орынбор шекара комиссиясына хат жазылып
екі жақ бірдей шешімге келуді дұрыс тапты. Кенесары қарамағына жат-
пайтын рулардың таласы, егер екі жақ бірдей келісіп ханға жүгінісе келсе,
хан жарлығымен тағайындалған билер кеңесіп үкім айтулары мүмкін деп та-
былды. Осы мәжілісте Кенесары қазақ елінің бірлігін бұзады деп ру арасын-
дағы барымтаны тыйдыру ісін әдейілеп: «Бұрын есікте жүрген құл өлсе қо-
жасы құн төлемейтін. Құл да ел қорғауға жарайтын жан» деп өлген құлға құн
төлететін еткізді.
«
 Төртінші және ең ақырғы мәселе - сауда-саттық жайында еді.
Бұрын
Кенесары қазақ жерін Россия патшасына Шығыспен сауда-саттық жүргізу
үшін керек деп қана ойласа, енді салынып жатқан бекіністерге, көшін келіп
орналасып жатқан казак-орыстарға қарап бұның бәрі отарландыру саясаты
екенін түсінген. Бұрын керуендерді тонап, Россия мен Орта Азия хандықта-
рының сауда-саттық байланыстарын бұзып келсе, енді бұл саясатынан қайт-
ты. Керуенді өткізбеудің орнына салық салынсын делінді. Бұл салық әр түрлі
болуға тиісті. Өзіне дұрыс қарай бастаған елдерден, рулардан аз, ал теріс қа-
райтын жұрттан көп алынады. Мысалы, Жаппас руының әр қосынан үш
түйе, жиырма төрт зат, татар саудагерлерінің қосынан бір ат, сегіз зат алса,
бұқар саудагерлерінің қосынан тоғыз зат қана салық алынылып, ал арғын ру-
ларының керуендері тіпті тегін өтетін болсын деп бекітті.
«


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет