«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны


Арғын, Найман, Матай, Алшын, Адай



Pdf көрінісі
бет184/248
Дата18.09.2024
өлшемі3,69 Mb.
#204595
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   248
Байланысты:
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау (1)

Арғын, Найман, Матай, Алшын, Адай 
туралы
да сөз етеді. Қазақ елінің ең жауынгер руларын шашпауларын көкке көтере бір
шыр-қап, осы бірлестік Тәуке хан өлісімен тағы бұзылғанын, әр тайпа сұлтанда-
ры хандыққа таласып елдің шырқын кетіргенін айтып берді. 
Содан кейін Ны-
санбай жыршы қарағайлы кәрі домбырасын еңкілдете жылатып, іле-шала
Қаратау мен Шу, Сарысу мен Сыр бойын жайлаған қалың қазақты қалай
Жоңғар ханы Сыбан Раптан шауып, «Ақтабан шұбырынды — алқа көл
сұламаға» ұшырағанын мақам етті. 
Ұлы жүз бен Кіші жүздің көп ауылдары-
ның Арал мен Атырау теңізінің жағасына, ал Орта жүздің Есіл, Нұра, Тобыл
өзендерінің жоғарғы саласына көшкенін әдейі тоқтай айтып кетті. Алдымен
Кіші жүздің ханы Әбілқайырдың, бір жылдан кейін Орта жүздің ханы Сәме-
кенің Россия патшасына бағынғанын, сонан «Ақтабан шұбырындыдан» отыз үш


жыл өткеннен кейін Қытай патшасы бір миллионға таяу қалмақты қырып
Жоңғар хандығын құртқанын бір мәлім етті.
 Осы шақта Найман, Керей рула-
ры бұрын- ғы өзінің ата-мекен жері Тарбағатай тауы мен Қара Ертіс бойы-
на көшіп кеткенін мақұм әуеніне сала зарлана қалды.
Осыдан соң Нысанбай жыршы әр жүздің әйгілі хандары әбілмәмбет, Барақ,
Нұралыларға қысқа-қысқа сөз тастап, үш жүздің басын қосу жолында күрескен,
кейін Абылай деген атпен хан болған әбілмансұрға тоқтаған. әбілмансұрға кел-
генде Нысанбай жыршының екі көзі оттай жайнап, күре тамыры білеудей боп,
кең тамағы торғай жұтқан қурай жыланның көмейіндей ісініп кетті. Домбыра-
сын бәйге атына шапқандай сабалай ұрып, жыр шумағын құшақ-құшақ лақтыр-
ды. Енді Нысанбай домбырасын лақтыра ойнатып, Абылайдың Қоқанға қарсы
шыққанын, Сайрам, әзірет, Шымкент, Созақ секілді жеті қаласын алып, Таш-
кентті қалай бағындырғанын, өзіне сес көрсеткен қырғыздың қалың қолды ма-
наптарын Қызылсу, Шәмсі өзендерінің Шуға құятын сағасында кездесіп, «Жәй-
іл қырғыны» деп аталатын ұрыста қалай жеңгенін айт-қанда екі көзі қанталап,
қоянға түскен бүркіттей шаңқылдай серпіп, тіпті долданып кетті. Әбілмәмбет
сұлтанның есігінде жүргеннен бастап, торғауытқа көрсеткен ерлігі мен ел басқа-
рар ақылдылығы арқасында Орта жүзге хан атағына ие болғанын жыр еткенінде
шабар бурадай тіпті құтырынып алды. Ақын енді алпысқа келген Абылайды үш
жүзден шыққан өңшең қасқа мен жайсаңдарының шешімі бойынша Телікөлдің
жағасында жұрт ақ кигізге көтеріп Үлкен хан сайлағанын толғағанда төбесі көк-
ке тигендей екі көзі жайнап кетті. Бірақ Россия қатын патшасы қазақ елінің ба-
сын біріктірудің қауіпті екенін ойлап тек өлерінен екі жыл бұрын ғана оны Орта
жүзге хан етіп указ бергеніне бір тоқтап, сол Абылайдың жетпіске келгенше
ыңғайына қарай біресе Россия патшасына, біресе Қытай боғдыханына икем көр-
сетіп, Түркістаннан бастап Есіл, Нұра бойына дейін көшкен қалың қазақтың
еркінділігін жоғалттырмай ел ғып сақтап өткенін тағы да бір алуан жыр ғып
шырқатты. Бәйгеге шапқан жүйріктей, жыр желісінен маңдай тері бұршақтап
аққан Нысанбай ақын, бір мезет Абылайға Атығай — Қарауыл рулары алты қы-
зын беріп, оның үстіне Абылай қарақалпақтан бір, қалмақтан бір қыз алып,
олардан отыз бір ұл, қырық қыз көргенін аса бір асқан жыр етіп толғатты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет