«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны


жөнелді.  Қасым төре иленген терідей жұмсарып, үстіндегі жүні уыс-уыс түсіп қы-



Pdf көрінісі
бет181/248
Дата18.09.2024
өлшемі3,69 Mb.
#204595
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   248
Байланысты:
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау (1)

жөнелді.
 Қасым төре иленген терідей жұмсарып, үстіндегі жүні уыс-уыс түсіп қы-
зыл шақа болған көтерем қойдай әлсіз кәрі-құртаң шал. Тек көзінде ғана
ыза, ашу қалдығы бар. Ол сәске көтеріле Кенесары, Наурызбай, Ағыбайды
және аулында қонып жатқан Құдайменді батырды шақырып алды. Айтқа-
ны: 
«Жас кезімде, есер кезімде Көкшетауды мекендеген тағы ақ бураны са-
дақпен атып өлтіріп едім. Бұл қылығымды естіген аузы дуалы ақсақалдар «Шы-
рағым, Абылайдың ақ бурасы Көкшетаудың иесі еді, киесі ұрып жүрмесе нет-
сін!» — деп еді. Көкшетауымнан ырылғанымды сол қылығымнан көруші едім.
Есенгелдім мен Саржанымды да сол ақ бураның киесі атты ма? Олай болса алла
тағала жолыңа ақсарбас айтып, мойныма бұршақ салып тілеймін: қаһарыңды,
өзге балаларымнан аулақ ет!..»
 Кенесарыға батасын беріп, ағаларының кегін
қайтарсын дейді, сүйеулі тұрған киік мүйіз мылтығын береді.
 Кенесары Ташкентке бірден шаппавйды, арақойын Қашырлыға көшуді
ұйғарады. Кенесарыға қосылған қолды бастағандардың бірі: Төлебай.
«Мектеп» баспасы
 Абылай ханның қай қатынынан тараған ұрпағын алсаң да, тастай берік,
ұйымшыл. Әсіресе Қасым төре ұлы-қызы: Есенгелді, Саржан, Күшік, Мұ-
са, Кенесары, Наурызбай, әбілғазы, Кенесарының апасы батыр Бопай,
олардың балалары Құдайменді, Ержан, Иса, Қошқарбай, әбілпейіз. Қасым-
ның інісі Дайырдың балалары Тәті, әті, Сатыбалды, оның баласы Қалды-
бай, бәрі өзен қайда құйса, тамшы да сонда құяды дегендей, үлкені қайда
бастаса, өзгесі соңынан еруге бар. Нағыз бір ұялы көкжал қасқырлар тобы
дерсің. Тек аталас Күшік қана бозөкпелеу. Әкесінің айтқанына тек қатігез
бауырларынан қорыққанынан ғана көнетіндей. Бір биеден ала да туады,
құла да туады, бір шіріген жұмырт- қа кімді бүлдірер дейсің дейді ішінен
Кенесары.
Аға алдына түсу Қасым төре балаларының арасындағы дәстүр емес, сөйтсе де
ағалары Саржан мен Есенгелдінің қылығына Кенесары түсінбейді.
Үш жүзді билеу - сұлтан атаулыны аяғыңа жығылтып, Әбілқайыр, Сәмеке,
Нұралы, Бөкей, Серғазы, Уәли ұрпақтарын өзіңе табындырып, барлық қазақты
аузыңа қарату. Үш жүздің баласын қойдай өргізіп, қозыдай көгендеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет