салып, қазақтың жамандықты естіртетін көне дәстүрі бойынша, екі қолын көкке
көтере, тізерлей отырып ағыл-тегіл жылаған қалпы суық хабарды естіртті.
«Осыдан екі күн бұрын. Жауыз құшбегі бізді алдап шақырған екен. Мәделіхан
келген күні түнде Есенгелді мен Саржан сұлтанды диуан сарайына шақыртып
алды. Сендердің Қоқан хандығына қарсы шығатын ойларың бар екен деп баста-
рын алдыртыпты. Ержан екеуміз төрелердің жарлығы бойынша керуен сарай
ауласындағы аттарды қарауға кеткенімізде рабатта ұйықтап жатқан өзге жігіт-
терді жендеттері келіп бауыздапты. Біз әзер құтылдық.»
Әлсіреп қалған Ержанды Наурызбай мен Күнімжан сүйеп тұрған. Суық
хабарды естісімен Күнімжан басындағы үкілі сәукелесі мен үлгін торғын
шәлісін жұлып алып, қара шашын жая, екі белін таянып жоқтау айта
Достарыңызбен бөлісу: