жүз есе қиынға түсетін. Өмір бойы өзімнің талабыммен, өзімнің адал еңбегім-
мен ғана нан тауып жүрген адаммын.»
Медеуге баратын жолдың оң қапталындағы қымбат аудандардың бірінде
тұрады екен.
Екеуі таксиден түсіп қалың бақтың арасымен бұлдырап ұзақ жүр-
ген.
Үйі патша сарайына бергісіз зәулім.
Ақ, қара, сары, қызыл мәрмәр діңгек-
тер, әр бұрышта зүбәржаттан
қашап жасаған алып вазалар,
төбеден салбырап
тұрған алтын люстралар. Ат шаптырым залда кем дегенде жүз
адам сиятын
үстел. Ақ дастарханның үсті қисабы жоқ тамақтың, шараптың түрлері...
Екеуі ұзын дәлізбен жүріп жер астындағы қабатқа түсті. Қызыл ағаштан шауып
шыңылтырмен қапталған ауыр есік өзінен өзі ашылған. Бұлар күңіреніп тұрған
тағы бір үлкен бөлмеге кірді. Самаладай жарық.
Қабырғаны жағалай орна-
тылған қисапсыз сөрелер. Биікке қанша кететіні, бөлменің алға қарай қанша со-
зылатыны белгісіз - бұл бөлме гиперкеңістікке, яғни шексідікке кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: