«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны



Pdf көрінісі
бет232/248
Дата18.09.2024
өлшемі3,69 Mb.
#204595
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   248
Байланысты:
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау (1)

Маңызды деректер:
Күн ұзарған, түн қысқарған көкектің кәрі қыздай қылтың-сылтың басы.
Өскеменнен түсте шыққан автобус Ұлан арқылы Самарға тікелей асып,
Ертіс түсіп, Күршімнен бір-ақ шығуға бел байлаған. 
Көкек келсе де наурыз
жылымығының қайырма қызыл шұнағы қала ішін дірдек қақтырып, Ұлан асуы-


на қарай созылған ұзақ жол беті сиыр жалағандай. Жып-жылмағай көк мұз.
Архат ең артқы орындықта отырады.
Ұлан асуына көтерілер тұстағы тау ішіне дендеп енген екен. Ақтұмсық Ал-
тайдың танауына әлі сірге жүгірмепті. Маңай мұрты бұзылмаған сере-сере қар.
Алты ай қыс ағыл-тегіл аспаннан саулаған ақ тасқын қымтаған қалпы.
Күршімге асығып та келеді. Туған жеріне
 жеті жылдан астам уақыт өткенде
оралды-ау бұл. Әне келем, міне келем деп жүріп өмірдің ағымымен келе ал-
маған. Жол түскені - бүгін. Онда да төрт ай бойы сергелдеңге түсіріп, құрдаста-
ры 
«Сергелдең Сері»
атаған 
паспортқа отыру мәселесі 
болмаса, келе қоймас
еді.
Мұнда бірақ ұзақ болмас. Ары кетсе - үш ай. Екі қолға бір жұмыс: табылса -
жеңіл-желпі қызмет, табылмаса - қара жұмыс. Көңілге демеу, Шірікаяқта тұра-
тын үлкен ағасы, соның үйінде тұрмақ. Ол да ауру: әйтеуір ептеп-септеп елмен
бірге күн кешіп жүр. Жеңгесі орысша өскен, шайпау болатын. 1979 жылы жазда
әкесі қайтыс болғаннан кейін бұл аға-іні, жалғыз анасымен Алматыға көшкен-
нен бері тұңғыш көргелі отыр. Қазір екі баланың анасы, бәлкім өзгерген де
шығар.
Ең бастысы - паспортқа “пропискаға” отырып, бес жүз сом ақша тауып,
Алматыға қайту.
Желтоқсанның ызғары армиядан 
«запастағы офицер»
болып оралған.
Көрші-қолаң «желтоқсаншы» екен деп шығармағанда, ал Николай бригадир мұ-
ның туған ағасы Дәуреннен өшін бір алуға қолайлы сәт туды деп: «Інісі әскер-
ден келе салып 17-ші желтоқсаннан 21-не дейін үйінде қонған жоқ. Ел декабри-
стермен бірге Алматыда болыпты деп жүр... Анық-қанығын анықтаңыздар! Аға-
сы коммунистік партия мүшелігіне кандидат болса да «сенімсіз адам», інісінің
іс-әрекетін жасырып отыр. Тексеріңіздер!» деп «донос» жазып, Мемлекеттік Қа-
уіпсіздік комитеті мен Ішкі істер орнына жазбағанда құйрығына қалжуыр
байланбаған болар еді. Өкініш жоқ бірақ, көтеріліске 18-і күні дәрігер жездесін
әдейілеп ертіп барып тұрып қатысты.
Автобустың төңкерілуінің себебі: боран, қардан жол жоқ.
архаттың автобустағы ойы: прописка жөні.
Архат бірінші болып қырынан жатқан автобустың үстіне көтерілді. 
Жас балалы келіншек пен үш-төрт қартаң әйелдерден басқалардың бәрі де шо-
фердің айтуымен автобусты аяғынан тік тұрғызуға кірісті.
Автобустың ұзына бойы бел-уардан ойылды. Ондағы мақсат: бір қырынан
жатқан автобусты түзеген кезде төрт дөңгелегі тең басуы үшін.
шофердің автобуст оталдыра алмауының себебі: корбераторға бірдеңе болған.
Ленинград маңындағы қар жамылған қалың орманда «ЗИЛ- машинасымен» «Р-
радиостанциясы үшін екі жігіт үш күн бойы жалғыз қалғанын еске түсіріп
отырған. Совет армиясында байланыс ротасының старшинасы болған Архат
әскери дайындық кезінде 
«ЗИЛ»
моторының кесірінен Ямов деген жауынгер
жолдасымен орманда қалған еді. Сонда үш күн бойы ашық алаңқай ортасында
ұйқы-күлкісіз күні-түні от жағып, моторды жөндеген. Ладогадан соққан
дымқыл суық лепке дірдектеп шыдап баққан-ды. Бір-ақ күнде жөндейміз деген
жорамал сенімдері ақталмай, үш күн жатып, радиостанция ішінде қатып қалған


қақпыш нанды талғажу еткен. Әскери өмірдің ащы-тұщысын Архат мұғалімдер
даярлайтын институтты бітірген соң татты ғой.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет