Композициялық талдау:(2-жыр «Кіші жазу»)
Басталуы:
Қағанның өз халқына айтқан үндеуі.
Байланысуы:
Түркі қағандығының жерінің кеңдігі. Жорықтар туралы
Дамуы:
Табғаш халқының қастандығы. Алданған Түркі халқы.
Шиеленісуі:
Түркі халқының қырылып, азаюы.
Шарықтау шегі:
Білге қағанның түркі халқының даңқын көтеруі.
Шешімі:
Ескерткішті жазудағы себеп болған жайттар мен авторы.
«
Маңызды деректер:
Шад, апа бектер, тархан - әскери атақтар.
Кексіз түркі қағаны Өтүкен қойнауында отырса елде мұң жоқ.
Ілгері Шаңтүң жазыққа дейін жауладым, теңізге сәл жетпедім.
Түстікте - Тоғыз Ерсенге дейін жаулап, Тибетке сәл жетпеді.
Батыста - Інжу өзенін кешіп, Темір қақпаға дейін жаулады.
Терістікте - Байырқы жеріне дейін жауладым.
Ел тұтатын нағыз иесі жоқ жер - Өтүкен. Осында табғаштармен табысты.
Сөзі тәтті, бұйымы асыл - табғаш халқы.
Жазуды жаздырғанның аты Иоллығтегін.
«
Композициялық талдау:(2-жыр, «Үлкен жазу»)
Басталуы:
Көк тәңірі. Түркі халқының қалыптасуы.
Байланысуы:
Білге қағанның абырой-даңқы. Бумын мен Елтеріс қаған.
Дамуы:
Дарынсыз қағандардың таққа отыруы.
Шиеленісуі:
Табғаштардың алдауы. Іргенің шайқалуы.
Шарықтау шегі:
Түркі халқының шарасыздығы.
Шешімі:
Түркілердің қайта орнауы.
«
Маңызды деректер:
Биікте Көк Тәңірі, төменде қара жер жаралғанда, ортасында адам баласы жаралған...
Ата-тегі: Бумын, Істемі қаған - түркі халқын қалыптастырған.
Ілгері Қадырхан қойнауынан, кері - Темір қақпаға дейін жайлаған.
Жылаған халықтар: Бөклі шөлінің елі, табғаш, тибет, авар, үрім, қырғыз, үш құрықан,
отыз татар, қытай татабы.
«Табғаш халқына бек ұлдары құл болды, Пәк қыздары күң болды.»
Әкесі - Елтеріс, шешесі - Елбілге.
Түркі халқы қолдарынан түк келмей бағынды. Елтеріске 17 ер ерді, кейін 70, сосын 700 ер
болып, ата-баба мекенін қайта орнатты.
|