«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны



Pdf көрінісі
бет6/248
Дата18.09.2024
өлшемі3,69 Mb.
#204595
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   248
Байланысты:
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау (1)

Ұлттық құндылық: 
Қазақ халқының оғыз дәуірінен сақталған рухани мұрасын, салт-
дәстүрін айғақтайды.
«
Түсінік+өз ойым: 
Бүкіл түркі халықтарына ортақ ұрпақтан-ұрпаққа тарап келе жатқан
бұл жыр - Бәмсі-Байрақ сынды батырлар арқылы батырлықты, ерлікті дәріптеуге шақыра-
ды, тарихи құнды туынды болып табылады.
«
Ұқсас шығарма: 
«Алпамыс» жыры
«Құтты білік»
«
Тақырыбы: 
Халыққа құтты өмір сыйлау, бақытт, әділетті қоғам құру.
«
Идеясы: 
Әділдік, бақ-дәулет, ақыл-парасат, қанағат ынсап мәселесі жайында.
«
Жанры: 
Дастан
«
Композициялық талдау:
Басталуы: 
Күнтуды патшаның әділдігімен жер-жаһанға есімі мәшһүр болуы.
Байланысуы: 
Айтолдының уәзір болып сайлануы, бақ-дәулеттің артуы.
Дамуы: 
Айтолдының қазасы. Өгдүлмішке қалдырған өсиет сөзі.
Шиеленісуі: 
Өгдүлміштің ел басқару ісі.
Шарықтау шегі: 
Одғұрмышпен кездесу, патшамен келіспей, барлығынан бас тартуы.
Шешімі: 
Одғұрмыштың өлімі. Өгдүлміштің өз ісін жалғастыруы.
«
Кейіпкерлері:
Күнтуды - 
ең үлкен әмірші, қатаң тәртіп, заңның, әділдіктің бейнесі.
Айтолды - 
Күнтуды әміршінің бас уәзірі, бақ-дәулет.
Өгдүлміш - 
Айтолдының баласы, ақыл-парасаттың бейнесі, әміршінің ақылшысы.
Одғұрмыш - 
уәзірдің туысы, дәруіш, қанағат-ынсаптың бейнесі.
«
Маңызды деректер:
Күнтудының өз-өзіне берген мінездемесі: “Жарқыраған Күнді көр де, көр мені; Күн сөнсе
егер, тіршіліктің өлгені” деп өзінің айнымас адалдығын мақтан тұтады.
Айтолдының өз-өзіне берген мінездемесі: “Мен де Айдай жаңаланып тұрамын, Бірде бар-
мын, бірде жұмбақ тұрағым”
Өзінің әділ саясатымен жер-жиһанға есімі белгілі болатын патша -Күнтуды.
Сол патшаны іздеп, алыс жолға аттанған данышпан - Айтолды.
Айтолды жазылмас дертке шалдығып, артынан қалған баласы Өгдүлміш пен Күнтуды
патшаға өсиет-уағыз айтады.
Өгдүлміш жас болса да, іскерлігімен, адамгершілігімен, білгірлігімен көзге түседі, патша-
ның ең сенімді жақын адамы болады. Осы кезде мемлекет гүлстанға айналады.
Күнтуды патшаның көмекші болуға жарайды деп іздеген адамы - тау кезіп кеткен дәруіш
Одғұрмыш болады.
Патша Өгдүлмішті үш рет жұмсап, Одғұрмышты қайта-қайта шақырады. Бірақ дәруіш
патша сарайына бармайды. Күнтуды үшінші рет шақыртқанда дана-дәруішті қызметке
емес, менімен жай әңгімелесіп, қонақ болып кетсін, бізге өсиет-ғибрат айтсын деп сәлем
айтады. Сонда ғана Одғұрмыш патшаға келеді.
Ақылы көл-көсір дәруіштің бұл қылығы Өгдүлмішті ауыр ойға салады. «Адам жасы
келіп, қолына таяқ ұстағанда бұл өмірдің күнделікті күйбең істерінен безіп, арғы дүни-


елік дәруіш болып кетуі керек пе? Әлде әркім өзінің ғұмыр бойы жасап келген жұмысын
өле-өлгенше істей бергені жөн бе?»
Дәруіш оған: «Бұл өмірде адам дар үшін еңбек ету – сауап іс, сондықтан өз міндетіңді
бұрынғыша адал атқара бер»,– деп кеңес береді. Өгдүлміш оған ризалығын білдіріп, өз
қызметіне қайтып оралады.
Одғұрмыш ауыр науқас болып дүниеден өтеді, ал Өгдүлміш өз ісін одн әрі жалғастыра бе-
реді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет