«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны


Осы үшеуің басыңды қос, бәрін де жүрекке билет



Pdf көрінісі
бет84/248
Дата18.09.2024
өлшемі3,69 Mb.
#204595
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   248
Байланысты:
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау (1)

Осы үшеуің басыңды қос, бәрін де жүрекке билет
, - деп ұқтырып айтушының
аты ғылым екен.

Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті
адам - сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, құдай
тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы, 
— депті.
«32 ҚАРА СӨЗ»
«
Түсінік: 
Ғылым-білім үшін білмек керек нәрселерді, оған жетудің алты түрлі жолын өсиет етеді.
«
Маңызды деректер:
«
Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары
бар. Оларды білмек керек, білмей іздегенмен табылмас.
Әуелі - білім-ғылым табылса, ондай-мұндай іске жаратар едім деп, дүниенің бір қызықты нәрсесіне керек
болар еді деп іздемекке керек. 
Оның үшін білім-ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектік-
тің өзін дәулет білсең және әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат хұзур хасил болады. Сол рахат біл-
геніңді берік ұстап, білмегеніңді тағы да сондай білсем екен деп үміттенген құмар, махаббат пайда болады. Сон-
да әрбір естігеніңді, көргеніңді көңілің жақсы ұғып, анық өз суретімен ішке жайғастырып алады.
Егер дін көңілің өзге нәрседе болса, білім-ғылымды бір-ақ соған себеп қана қылмақ үшін үйренсең, ондай білім-
ге көңіліңнің мейірімі асырап алған шешеңнің мейірімі секілді болады. Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-
ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқайды.
Екінші - ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек.
Бахасқа бола үйренбе, азы-
рақ бахас көңіліңді пысықтандырмақ үшін залал да емес, көбірек бахас адамды түземек түгіл, бұзады. Оның се-
бебі әрбір бахасшыл адам хақты шығармақ үшін ғана бахас қылмайды, жеңбек үшін бахас қылады. Ондай бахас
хусідшілікті зорайтады, адамшылықты зорайтпайды, бәлкім, азайтады. Және мақсаты ғылымдағы мақсат бол-
майды, адам баласын шатастырып, жалған сөзге жеңдірмекші болады. Мұндай қиял өзі де бұзықтарда болады.
Жүз тура жолдағыларды шатастырушы кісі бір қисық жолдағы кісіні түзеткен кісіден садаға кетсін! Бахас - өзі
де ғылымның бір жолы, бірақ оған хирслану жарамайды. Егер хирсланса, өз сөзімшіл ғурурлық, мақтаншақтық,
хусідшілік бойын жеңсе, ондай адам бойына қорлық келтіретұғын өтіріктен де, өсектен де, ұрсып-төбелесуден
де қашық болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет