Оның киімін өзің ки де, өзіңнің киіміңді оған кигіз. Сөйтіп, әлгі адамды азат ет те, өзің сиыр-
ды бағып қал. Қазір құйрығымнан бір тал қыл ал да, мені қоя бер, сауыт-сайман, құрал-жаб-
дықтарыңды менің үстіме сал. Әзірге саған менің де, құралдың да керегі жоқ. Егер керек бо-
ла қалсам, құйрығымнан алған қылды тұтат. Сонда мен дайынмын.»
Кендебай: «Айырылғырдың суы айырыл!» – деп еді, өзеннің суы екіге айырылып, ортадан
жол ашылады.
Күндерде хан қара биенің тоғызыншы рет құлындауын, олардың жоғалып кетуін айтып, екі
баласын соны күзетуге жібереді, Кендебай да тығылып күзетеді. Екі баласы ұйықтап қалған-
да, бие алтын құйрықты, құндыз жүнді арғымақ құлын туады. Сол кезде аспаннан бұлт түй-
іліп келеді де, құлынды көтеріп ала жөнеледі, Кендебай алтын құйрықты шап беріп ұстай
алады, құйрық жұлынып қалады.
Хан құлындарды тауып әкелуді бұйырады. От дариясында Кендебай көзін жұмады. Аралдан
алтын құйрықты сегіз құлын мен құйрығы жоқ біреуін тауып алып, Керқұланың айтуымен
науаны ұстап жолға аттанады. Бәйтерек басындағы самұрық алты айда бір азық іздеуге кетеді
екен.
Жолай Кендебай бір үлкен таудан жеті басты дәуді кездестіреді, оның бастарын жеті айна-
лып шоқпарымен ұрып, көздерін қоржынына салып алады. Кендебай жаяу жүріп, арыстанды
кездестіреді. Оны тартып ала жөнелген леп арыстанның аузының лебі болып шығады. Қылы-
шпен арыстанды екіге бөледі, азуын алады. Кендебай енді сұлу қыз кейпіндегі жәдігөй кем-
пірді кездестіріп, оның да басын алады. Елге аман оралады. Ханға келу себебін айтады. Хан
оған шындығын айтып, тапсырмаларын орындағаны үшін кенже қызын беріп, құлдағы
адамдарды азат етеді.
Кендебай елге аман орады, содан бері бұл ел «Керқұла атты Кендебай батырдың елі» атана-
ды.
«
Достарыңызбен бөлісу: