Бас шебер - мұнара ісіне араласушы, барлық жайтты біліп жүрген жан.
Ахмет саудагер - жуан қара кісі, майға бөгіп жылтырап көрінетін қысыңқы көзі
бар. Қаладағы адамдардың барлығын дерлік танитын адам, Жаппар мен әкесі
келген үйдің иесі.
Пір - құмандай қара шал елең етпей, бетін құбыладан аудармай безеріп отыра
береді. Шақшадай басына дағарадай ақ сәлде орап апты. Қушық кішкене бетіне
сұс беретін бір уыс сұйқылт шоқша сақалы әуелеп қапты. Шүңірек қастың
астында сығалап жататын күлгін кегіс жылтырақ көзін бұл жолы тарс жұмып
алыпты. Қолындағы аса таяқты мытып ұстап апты. Тарамыс қолындағы бар
сіңір, бар тамыр бадырайып-бадырайып шығып тұр. Пір әлденеге ұйып қалған.
Маңызды деректер: «Мектеп» баспасы 1. «Қызыл алма» Осыдан
он жыл бұрын диуан(кеңесте) күнгей елі жорыққа аттанарда пікір екіге жарылыпты. Үлкен ұлы елдің алтынына ие болсақ, күллі әлемді
билейміз десе, әмірлер қара шыбындай қаптаған көп халықты билесек, көп
ұзамай өзімізді жұтып қояды, ұрпағымыз ана тілін де ұмытып ұалады деп
тартыншаұтайды екен.
Сонда құран аштырып: «Пайғамбар, заң білмес, жөн білмес бұзақыларға қарсы
соғыс аш,» - деген сүренің үстінен шығады.
Барлық тіршілік Әміршіге «ойлан-ойлан» дейтіндей. Бой сергітем деп бақта
серуендеп жүргенде де ойына қайқайдағының бәрі есіне түскендей болады.
Жапырақ сыбдыры, су сылдыры, қыт-қыттаған торғайлар да, аңдып жүрген
киік те мазақтап бара жатқандай көрінеді. Өрік ағашының астынан өткенде
жиылып алынбаған жемітер үзіліп, шашылып жатады. Көбі иістеніп бұзылып
кеткен. Осы өріктерге көкшыбындар үймелеп, кекең-кекең етеді.
«Шіріген жемістен жексұрын нәрсе бар ма? Кеше ғана аппақ боп үлпілдеп
тұрған гүл-ау бұл. Одан түйнек салды, Көк жапырақты жөргек қып, мынау
жатаған ағаштар жан-тәнін салып әлдилеген кішкене түйнек жер қойнауынан
нәр еміп, аспан тесінен нұр еміп өсе берді. Сары алтындай құлпырып, көзге
түскенше асықты. Болдытолды... Болғаны-толғаны осы, сирақтары салтақ-
салтақ мына бір малғұндарға жем болды. Миуаның қадірі, шіркін, көзіңе от боп
басылып биікте тұрғанда ғой... Биіктен бір құлаған соң, мынау өріктердей аяқ
астыланып қор боласың... Жұрт аямақ түгілі тыжырынып жиіркенеді... Кешегі
бал шырынға толып балбыраған тәтті мәуе екеніңді не қылсын.»
Әмірші сұп-сұр күйінде өз бөлмесіне кіргенде, қызметші әйел ернін жымқыра
тістеп, бұның дәл алдына кеп тоқтайды да қолындағы табақшасын дастарқанға
әкеп қояды. Ернін қанша тістегенмен, ұялғанын білдіретін бетіне шапшыған бір
тамшы қан жоқ болады.
Бұрын қызметшілеріне назарын тіктемейтін әмірші, бұл жолы тінте қарады.
Қызметші әйел түк болмағандай шығып кеткенде, көзі қақ алдында тұрған нарт
қызыл алмаға түседі. Бұл жолы пышақпен кесілген сызығы ақсиып көрініп тұр
екен, өзін өзге тағамдардан бөлектеп оқшау қойыпты. Әлгі әйел бәрін білген
екен. Жастығының қасындағы қоңырауға қолының қалай тиіп кеткенін білмей
де қалады. Қызметші әйел босағада мүләйімсіп тұрғанда, ұлы ханша
жібергендігін айтады. Қызметші әйел жалт бұрыла бергенде, жымқыра тістеген
езуінен жымиған күлкі қылаң берді...