«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны



Pdf көрінісі
бет151/248
Дата18.09.2024
өлшемі3,69 Mb.
#204595
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   248
Байланысты:
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау (1)

мұнара салдырғаны.
Сол мұнарада пәк сезім, адал махаббаттың менмұндалап
тұрғаны үшін кіші ханым да, шебер де өз жазасын алады. Шебердің екі көзі
ойылып, тілі кесіледі. Істің бас-қаында жүрген бас шебер де бұл жазадан аман
қалмайды. «Барар жерің бәрібір жердің асты» деген жазумен өзі салған зындан
оның өз басына сор болды. Ол өзі қазған көрге тірідей тасталды. Әмірші «Басқа
шаһарға мұндай мұнара салынбасын» деп шешеді.
Шебер бұның көкейіндегі жорықта жүрген Ұлы әміршіге деген өзінің қаяусыз
махаббатын, тұңғиық сағынышын бейнелейтін мұнара тұрғызғысы келген ойын
дәл түсінген. Алыстан аяныш шақыратындай қып мұнараны мұңға бөктіріп
қойғаны да соның айғағы. «. Сонау жер түбінен қарағанда ол бәлкім «асыға гөр,


тезірек жете гөр» деп жалынып-жалбарынып тұрғандай көрінетін шығар. Ал
бірақ жақындаған сайын шалқақтай түсетіні несі? Шебер бұнысымен
Әміршінің ашуына тиіп алмас па екен? Қаншама сағынып келген күнде де,
өзіне арнап салдырған мұнараның әлгіндей шекелей қараған астамшылығы оған
ұнай қояр ма? Оның үстіне бұл сарайдың ішінен қарағанда, ол неге осынша
тұнжырап тұрады?»
Ханша күтуші кемпірге айтып, базардағы жұрт жаңа бітіп тұрған мұнара
жайында не айтып жатыр екен, біліп келсінші деп астыртын адамдар жіберіп,
тың тыңдатып еді, халық жорықтағы падишаның алдынан мынандай мұнара
салдыртқан ханымның кемел ақылы мен салған шебердің асқан өнеріне
таңдайларын қаққаннан басқа әлі ештеңе аңғара қоймапты. Ханым
жансыздардың бұл хабарына көңілі біржола көншімегенмен де,
қайдағыжайдағыға мән беріп құр бекерге қуыстанғанына өз-өзінен
ыңғайсызданып қалды.
Кіші ханымда күндесі де қызғаныштан басқа айтар сөз таппас еді, Падиша да
қаншама бәйбіше деп дабырайтып, бастас санап, басын асырып жүрген Ұлы
ханымның қанша жыл отасқанда, қанша жорықтан жеңіспен оралғанда онсыз да
асқақ көңілін астанасына кіре бергенде дәл мынадай қып одан бетер аспандатып
тастайтындай ақыл таба алмағаны сол арада бірден есіне түсер еді, оның қанша
асыл текті болғанмен алтын санап, асыл жиғаннан басқа ештеңені білмейтін
дүние қоңыз, етегіне тоңғақ жұқтырғыштығымен ғана бағы асып тұрған жай
әншейін жабық құрсақ әйел екеніне біржолата көзі жетер еді деген ойлар да
болады. Сондықтан, Әміршінің келген күнін асыға күтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет