Қасым төре Есенгелді менен Саржаннан бір айдан бері хабар ала алмай
іші бітеу жараға толы еді. Суық хабар сумаңдап әп-сәтте-ақ тарайды ғой.
Еш жаманаттың естілмеуі Саржан мен Есенгелді сау дегендей жұбаныш бе-
ретін.
Қасым төренің оқыс аталған Кенесарының атын хош көргендей болуы ор-
таншы ұлына үлкен сенім артатынын танытты. Жұрт та мұны аңғарса ке-
рек.
Кенесары батыр қазақтардың өз тәуелсіздігінен айрылуының ең басты се-
бебі — «ортақ өгізден оңаша бұзау артық» деп қарайтын ел ағаларының
ауыз бірлігі жоқтығынан деп білетін.
Абылайдың тұсында Россия патшасы Сарыарқаны төңіректеп бекініс салғаны
болмаса, бәлендей ішіне кіре қоймаған-ды. Сондықтан атасы Абылай біресе
Россияны еміндіріп, біресе Қытайды дәмелендіріп екі ортада бостандығын
сақтап жүре берген. Ал қазір қазақта ондай мүмкіншілік жоқ. Бір жағынан әб-
ден орын теуіп алған патша әскері болса, екінші жағынан қазақ жерінің бүкіл
оңтүстігі мен Сыр бойын басып алған Қоқан мен Атырау, Арал тұсынан Үстірт,
Маңғыстауға дейін өкімін жүргізген Хиуа хандықтары тұр. Абылай кезіндегіден
қазір қазақ елінің басын қосудың қиындығы да, жеңілдігі де осында деп
түсінеді Кенесары.
«Хандыққа таласудың екі жолы бар. Оны сан айқастан өткен Кенесары
жақсы біледі. Бірі саған хан билігін әперем деген халықтың артында
тұрып басқара білу. Екіншісі соңынан ерген қолдың алдында жүріп ер-
лігіңмен өзіңе тартып алу. Хандыққа жүз бен жүз, ру мен ру таласса, жұрт-
тың арт жағында тұрып елді қырғынға айдап салып, ақыл-айламен,
зұлымдық-жауыздықпен мұратқа жетуге болады. Ал бүгінгі таластай, қа-
лың бұқараның тәуелсіздігін қорғау арманы мен сенің жұрт билігін қолға
алам деген көкейкесті тілегің ұштасып жат- қанда, соңыңнан ерген қолдың
артында емес, алдына шығу қажет. Сонда ғана саған қара халық сенеді,
Достарыңызбен бөлісу: |