«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны


соңыңнан ереді. Бұқара өз басыңның қамы үшін емес, халқың үшін алы-



Pdf көрінісі
бет180/248
Дата18.09.2024
өлшемі3,69 Mb.
#204595
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   248
Байланысты:
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау (1)

соңыңнан ереді. Бұқара өз басыңның қамы үшін емес, халқың үшін алы-
сып жүргеніңді көзбен көргені жөн. Сөйткен күнде ғана, арманыңа жетесің.
Халық өзі арманыңа жеткізеді».
 Осындай шешімге келген Кенесары, кенет тізесін бүгіп беліндегі Исфаған
шебері соққан наркескенін суырып алып, қылшылдаған суық жүзінен сүй-
ді. Үйге Күнімжан кіреді.
 Кенесары мен Қоңырқұлжаның бітіспес қас-жау болуларының да бір се-
бебі осы Күнімжанда…
 Күнімжан қазақ әйелдерінің салты бойынша Кенесарыны күйеуім, ерім де-
мей тек «төрем» деп қана атайды.
 Наурызбай соңғы кезде өзі туып-өскен Көкшетау туралы көп ойлайтын
болған.
 Құйындата шапқан екі атты жетіп те қалды. Енді олардың «ой бауы-
рымдаған» айқайы да естілді.
Кенесары сазарған қалпынан қозғалған жоқ. Наурызбай мен Күнімжан
шыдай алмай келе жатқандарға қарсы жүгірді.
Ағыбай пұшпағына дейін терге батқан атынан қарғып түсіп, белбеуін мойнына


салып, қазақтың жамандықты естіртетін көне дәстүрі бойынша, екі қолын көкке
көтере, тізерлей отырып ағыл-тегіл жылаған қалпы суық хабарды естіртті.
«Осыдан екі күн бұрын. Жауыз құшбегі бізді алдап шақырған екен. Мәделіхан
келген күні түнде Есенгелді мен Саржан сұлтанды диуан сарайына шақыртып
алды. Сендердің Қоқан хандығына қарсы шығатын ойларың бар екен деп баста-
рын алдыртыпты. Ержан екеуміз төрелердің жарлығы бойынша керуен сарай
ауласындағы аттарды қарауға кеткенімізде рабатта ұйықтап жатқан өзге жігіт-
терді жендеттері келіп бауыздапты. Біз әзер құтылдық.»
 Әлсіреп қалған Ержанды Наурызбай мен Күнімжан сүйеп тұрған. Суық
хабарды естісімен Күнімжан басындағы үкілі сәукелесі мен үлгін торғын
шәлісін жұлып алып, қара шашын жая, екі белін таянып жоқтау айта


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет