Әжем өзінің ұлдарына
өңшең аққұбаша аруларды айттыруға ынтық
болған.
Соның кесірінен менің
әкем Момыш отыз үш жасына дейін салт басты, са-
бау қамшылы жүріпті.
Әкем содан айтыс қуып, әндетіп жүре-жүре отыз үш
жасында
Байтана руынан Әбдірахманның Рәзия атты қызына
үйленіпті. Ол
кісі
мен үш жасқа толар-толмаста қайтыс болған
. Анамның қандай кісі
болғанын тек әжем мен әкемнің әңгімелерінен ғана білемін.
Қайран әжем өле-өлгенше Рәзия келіннің қазасына қайғырып өтті.
Мезгіл-
мезгіл тоқаш қуырып, ас пісіріп, келіннің аруағына бағыштап құран оқытар еді.
Рәзияның тұңғышы Үбіш, онан кейінгілер Үбиан, Сәлима, Әлима кілең
қыз бала болады. Момыш әкемнің айтуынша, мен 1910 жылдың қысында,
Достарыңызбен бөлісу: