Бейсембай жылқышы
- Қолында шошайған сойылы бар, астында қатып
қалған ақ бедеуі бар, жылқы бағып жүретін адам.
Құрмаштың әжесі
- Құрмашты қолдап отырған адам. Соңында елді тегіс
еңіретіп, Көксеректі басынан қарғап тұрып тепті.
Жұмаш
- Құрмаштың ауылдасы. Үнемі Құрмашпен ұстасып жүретін бала.
Үлкен қара ала төбеттің иесі.
«
Маңызды деректер:
Оқиға болған жер: Қараадыр
«Ұзын кең өлкені қаптай басқан қарағанның ортасында терең, құр жар бар. Со-
ның бас жағында итмұрынды қалың жыныстың арасында қасқыр іні бар...»
Жеті күшіктің бесеуін көздеріне қарап отырып өлтірді де, екі кішкенесін тірі
қалдырды. Кетерде бұның біреуінің тірсегін қиып қалдырды да, екінші біреуін
— ең кенжесін алып жүріп кетті. Қалған жалғыз күшікті тістелеп алып, екі
қасқыр жоқ болды. Ӏн қаңырап қалды...
Көзін ауылға келгесін екі күннен соң ашты. Жұрт асырауға көнеді десті. Кішке-
не Құрмаш Көксерек деп ат қойып алды.
Жаз ортасына жақындаған кез болды. Көксерек үлкейді. Семіріп жонданғандай
да болды. Бірақ үлкейісі даладағыдай емес, бәсеңдеу. Бұл уақытқа шейін Көксе-
рек ауыл итінен көресіні көрді.
Бір уақыт үлкен үйдің қара ала төбеті оңашада бұны алып соғып, көп езгіледі.
Бірақ Көксерек әлі күнге ешбір уақытта "қыңқ" етіп ауырсынған дыбысын
шығарған емес. Талаймын деп ит ұмтылса, жота жүні үрпиіп, үдірейіп тұрып
алады. Тісі батып, қинап бара жатса, дыбыссыз ғана езуін ыржитады.
Көксерек тамаққа өлгенше ашқарақ еді, тіпті қарны ашып кетсе, өзіне берме-
ген асты да жеп қояды. Кейде сондай жерде ұсталып, таяқ та жейді. Талай рет
оқыста төбесіне таңқ етіп тиген оқтау мен бойын тызылдатып, шыпыртып тиген
қамшыны да татты. Бұның жауабы — езуін ғана ыржитады.
Құрмаш қанша тәбиелесе де, Көксерек ұрлық пен адал астың айырмасы не
екенін ұға алмады.
Осымен жүріп жаз ортасы ауған кезде Көксерек зіңгіттей көк шолақ қасқыр бо-
лып шықты. Енді қара ала төбет те талай алмайды. Жота жүні үрпиіп, көздері
жасылданып, бар тістерін көрсетіп, аузын ақситып ашып жіберіп, тап бергенде,
талай бұралқы төбет, быжыл қаншық қаңсылай, шәуілдей қашатын болды. Мы-
надай кезде Құрмаштың өзі де қорқақтай барып, "қой-қойлайтын" еді.
Қара ала төбетті Көксерек жеңіп кеткеннен кейін ертеңгі күні кешке ауыл жаы-
нада жатқан қойға қасқыр шабады. осы кештен екі күн өткен соң, Көксерек бір
түн ішінде жоқ болды. үш күн өткенде бір күні таңертең ойда жоқта Көксерек
өз-өзінен сап ете түсті. Құрмаш пен әжесі қасқырдың бұл мінезіне сүйсініп, қуа-
на қарсы алды.
Бұл соңғы күйленуі шынымен үлкен қасқыр боп ұлғаюының белгісі еді. Соны-
сын сезген болу керек, күздің бір қара дауылды қара түнінде Көксерек тағы жоқ
боп шықты. Бұл жолғысы шын болды.
Алғашқы рет амалсыздан көкке қарап аузын ашып ышқынғанда, ішінен зор да-
уыс шықты. Күтпеген дауыс. Көксеректің ең әуелгі ұлығаны осы еді.
Көксеректің даусын естіп, маңайда жүрген қаншық қасқыр мұны іздеп келеді
екен. Бұл - Ақ қасқыр. Екеуі бірге жортатын болады, қара ала төбетті жеп ке-
теді.
Даладан қойшы алдынан қой тартып жейтін, жайлаудағы сиырға шауып, тайын-
шадан бастап, үлкен сиырға шейін жейтін — осы екеуі. Февраль, март кезінде
үш-төрт түйе де желінді. "Кісіден қорықпайды. Әсіресе бір көк шолақ бар. Қой-
ды алып соғып жарып жатқанда, қасына сойыл салым жерге келгенше
қашпайды. Даладағы қойға тигенде, әуелі біреуі келіп шабады, соған қойшы ал-
данып жүргенде, бір жақтан келіп екіншісі шабады", — десетін болды.
Бір рет қана белгілі бәйгі жирен атымен Арыстанбек шығып, соңдарынан түсіп
еді. Оны адырдан адырға салып, адастырып кетті.
Үш үлкен жау Қараадырдың ойында тобылғылы шұбардан шығарып алып, екі
қасқырды сатырлатып бастырмалатып қуып берді. Екі айрыла қашты. Ақ
қасқырдың желіні түгел қатқан жоқ екен, оны өлтіреді. Көксерек қайтадан
жалғыз жорта бастайды.
Жаз бойы жалғыз тіршілік етті. Ащыкөлдің солтүстік жағын жайлаған бес-ал-
ты ауыл Көксеректен тағы да көресіні көрді. Күндіз келіп көл жағасында, қамы-
ста жатады.
Бұл жазда Көксерек қатты семіз болды. Алдақашан түлеген тақыр жүн күзелген
жылқының жалындай қайратты, қатты. Денесінің толуы, бойының биіктеуі,
қайратының молаюы — биылғы жыл ерекше болды.
Бір мезгілде ай астындағы ағараң-ағараң еткен көп топты көрді. Бұрылып бір
жаққа қарай жалтарғанша, тасырлатып, қар боратып, қасына ағызып келіп қа-
лыпты. Бұлар: тілдері салақтаған, ауыздары арандай ашылған, жүгіріп келе
жатқанда бәрі тегіс ырс-ырс етеді. Иістері Көксеректің мұрнын жарды.
Бұл топтың саны он шақты. Әзірге басшысы — көк шолақ. Қалғандары қан-
шық қасқырлар. Үшеу-төртеуі күшік, оның ішінде бір-екі арланы бар. Бірақ
олар көк шолақ пен Көксеректен қаймығады, көп ойнайды. Үлкендерімен ырыл-
дасып, таласпайды.
Қара шолақ қасқырды Көксерек жеңіп кетіп, алған топтың жалғыз даусыз
басшысы Көксерек болды.
Түйе үстіндегі адам Көксеректі аяқтан жаралайды.
Қасқырдың астында қалған қойшы бала - Құрмаш. Қойшы ауырып қалып, әкесі
бір күнге қойға жіберген еді. Астына мінгені өзінің жүйрік боз дөнені болатын.
Басына таман арандай ашылып келе жатқан ауыздың жоғарғы жағында өзіне та-
ныс құлақ көрінді. Сол жақтағы тілік құлақтың жартысы салпылдап тұр.
Ақырғы сезген-білгені — сол...
Содан әрі баланың үні өшті. Қасқырдың аузы тиместен бұрын өліп кетті. Көк-
серек ырылдап тұрып: тісінің ұшымен қағып жұлып алып, басын шайқап өткен-
де, баланың бір жақ көзін қопарып алып кетті. Жүріп бара жатып, қылғып сал-
ды... Түнде баланың өлігін тауып алысты. Жанында тайдың ізіндей болып, үл-
кен қасқыр ізі жатыр екен.
Құрмаш аулы мен Қасен аулының арасы жақын болатын. Сондықтан көп уақыт
өтпей-ақ, аңшылар кешегі бала өлген жерге жетті.
Аққасқа өте қабаған. Сіркесі су көтермейтін долы, ызалы. Сондықтан ауылға
келгенде шынжырдан босамайды. Далаға алып шығып, аңның ізіне салғанша,
жә қарасын көрсеткенше, ұзын кендірден босамайды. Әйтпесе жолда кез келген
иттерге де соқтыға береді.
Итке келгендегі жалпы әдеті: өзі барып таласпайды, бірақ ауылдың көп иті ал-
дынан шығып, быжғылдап үре беріп, айналасын қамай бергенде яки біреуінің
жұлып қашқан тісі тигенде құтырып кетеді. Ондайда топ иттің ішіндегі ең үл-
кен төбетті секіріп барып құлақ шекеден алып, топ еткізіп соғып, жаншып-жан-
шып жібереді. Кісі айырмаса, астына түскен итті өлтірмей шықпайды. Өзі жүр-
ген жерде өзге иттің еркелігін көтермейді. Күзден бері Қасен аулының екі-үш
сақ төбетін өлтіріп салды.
Қатты ашуланып, ашқарақтанып кеткенде, иесін де қауып жібереді. Күздігүні
үй ішінде сойып жатқан қойдың етін жегізбей ұмтылғанда Қасенді де бір-екі
рет қолынан ала түсіп, қауып алған.
Бұл қасқырдың төменгі тістері мен тілін қоса шайнағанда, қасқырдың жоғарғы
азулары Аққасқаның тұмсығының екі жағынан жоғарғы ұрттарына келіп, кірш-
кірш кірді. Бейсембай да қара пышақты Көксеректің өкпесіне салып-салып жі-
беріп еді.
Ес жиған соң, жұрт көк шолақтың құлағына қарап отырып, бұрынғы кеткен
Көксерек атты күшікті таныды. Құрмашты ойлап, кейбіреулердің көздерінен
жас та шықты. Ауылға әкелгенде, Құрмаштың әжесі боздап келіп: «Қураған-ай,
неңді алып ем?! Не жазып едім?.. Баурына салып өсіргеннен басқа не қып еді
менің құлыным?!»- деп елді тегіс еңіретіп, Көксеректі басқа тепті.
«
Достарыңызбен бөлісу: |