Нысанбай Жаманқұлұлы (1821-1870) М. Әуезов "өте ірі тұлға және көреген ақын" деп баға берген Нысанбай - Кенесары ханның ең жақын достарының бірі, оның сүйікті жырауы, жыраулық өнердің ірі өкіл. Кенесарының барлық жорықтарына қатысып, жырларымен жөн-жосық айтып отырған. Осы себептен де халық оны жырау атап кеткен.
"Кенесары-Наурызбай" дастаны 1912 жылы Қазан қаласында Ж. Шайхисламұлының құрастыруымен жарық көрген Х. Досмұхамедовтың құрастыруымен 1923 жылы Ташкент қаласында жеке кітап болып басылып шықты.
Кенесары қозғалысы туралы жазылған шығармалар: ("Жасауыл қырған", "Топ жарған", "Қаншайым", "Кененің арқамен қоштасқаны", "Кенесары-Наурызбай",т.б.)