Шәңгерей Бөкеев (1847-1920)
Туған жері: Батыс Қазақстан облысы, қазіргі Орда ауданы, Жасқұс деген жер.
Шығармалары: "Жігіттің жақсы болса алған жары", "Адамнан артық ажар, ақыл-айлаң", "Қатшекейге", "Ұршық", "Қосаяқ", "Өмірдің өтуі", "Құйрық атып құлия", "Қияға мен бір қыран көз жіберген", "Алдаушы жалған" т.б.
"Қашқын" поэма (М.Ю. Лермонтовтан аударған)
Біраз өлеңдері "Шайыр" (1910) және "Көкселдір" (1912) деген жинақтарда жрияланған, бастырған- Ғұмар Қараш (1876-1921)
Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкеев - Жәңгір ханның немересі . Көлборсы деген жерде ағаштан, тастан сәулетті үйлер, мешіт, медресе, мектеп салдырып, бала оқытқан. Ағаш отырғызып, бақша егіп, егін салып, асыл тұқымды мал өсірген, аңшылықпен әуестенген. "Жігіттің жақсы болса алған жары", "Адамнан артық ажар, ақыл-айлаң", "Қатшекейге", "Ұршық" - махаббат тақырыбындағы лирикалық өлеңдер.
Шәңгерей адамның ішкі дүниесіне сүгіп, сырын ақтарып беретін сезімтал лирика, бейнелі суретті көрініс шебері ретінде танылған. Ол - кәсіби жазушылық мәдениетіне көтерілген ақын.
Шәңгерейдің қаржылай көмек берген газеті: ("Қазақстан")
1911-1913 жылдары "Қазақстан" газетін шығаруға демеушілік жасаған ақын (Шәңгерей)
"Ала ту Абылайдан ала аттансаң,
Аламан артындағы біреуі мен... "- деп айтқан ақын: (Шәңгерей Бөкеев)
Шәңгерейдің М. Ю. Лермонтовтан аударған аудармасы: (Қашқын)
Һарун Шәңгерейдің қайшығармасының кейіпкері? (Қашқын)
Достарыңызбен бөлісу: |