Шетел әдебиеті
Әбілхасан Рудакидің туған жері: (Тәжікстан, 858-941ж.)
Рудаки өмірінің 40 жылын Бұхар сарайында өткізгендігінің себебі: (Би ақын боп тұрған.)
Парсы поэзиясының атасы саналған Рудакиден мұраға қалған өлең жолы: (2000)
«Ақылды туған кісінің ақымақ болса баласы,
Ақылдымын деп айтуға келе бермес шамасы.»
Өлеңі осылай екі жолдан құралып отыратын автор: (Ә.Рудаки)
Рудаки «Өмір маған ақыл айтты» өлеңінің соңындағы түйіні: (Қанағат көр басыңдағы бағыңды)
Рудаки шығармасы: ( Егіз жолдар)
Рубаилары әлем поэзиясының өшпес жұлдыздарының бірінен саналатын ақын: (Омар Һәйәм, 1040-1123ж.)
Омар һәйәмді әлем жұртшылығы: (Математика, философ, ақын деп бағалайды)
Омар Һәйәм шығармасы: ( Рубаилар)
Көбінесе философиялық мәнде келетін төрт тармақты өлең атауы: (Рубаилар)
Дағыстан халқының ақыны: (Расул Ғамзатов, 1923-2003ж.)
«Менің Дағыстаным» кітабінің авторы: (Р. Ғамзатов)
«Менің таулықтарым! Өздеріңнің жалаң жабайы жартастарыңды сүйіңдер» деген жолдардың авторы: (Р.Ғамзатов)
Парижде болғанда дағыстандық суретшіні көргенін, қартайған суретшінің суреттерінде туған елге деген сағыныш тұнып тұрғанын әсерлі жазған қаламгер: (Р.Ғамзатов)
Адамның екі көзі, екі құлағы балғанда, тіл неге біреу-ақ? Мәселе мынада ғой: жалғыз тіл ләм дегенше, екі көз көріп, екі құлақ тыңдап алуға тиіс.» Осы үзінді алынған Р. Ғамзатовтың шығармасы: («Менің Дағыстаным»)
Р. Ғамзатовтың «Менің Дағыстанымда» ананың алыстағы тірі ұлын өлді деп есептеу себебі: (Ана үйреткен өзінің туған тілін ұмытқандықтан)
«...Егер тілім ертең болса құрымақ,
Мен дайынмын өлуге де бүгін-ақ,»- деген ақын: (Расул Ғамзатов)
Р. Ғамзатов «Ана тілі» өлеңінде жасайтын түйін: (Өзі өлгенде қабірінің тек туған жерде қазылуын тілейді)
«Қымбат маған елімнің бар даласы-
Балтық пенен Сахалиннің арасы.
Қайда болсын қиям оған жанымды,
Туған жерден қазсын бірақ қабірді.»Үзінді қай ақынның өлеңінен? (Р.Ғамзатов)
М.Әуезов пен Р. Ғамзатов арасындағы байланыс: (Рухани байланыс)
М.Әуезов: «тілің күмбірлеп жатқан тастардың үніне ұқсайды,» -деп айтқан:(Р.Ғамзатовқа)
Шыңғыс Айтматовтың ұлты: (Қырғыз)
«М.Әуезов маған әкемдей қамқор болған кісі,»- деген пікірдің иесі: (Шыңғыс Айтматов, 1928-2008 ж.)
Ш.Айтматовтың алғашқы шығармаларының бірі: («Жәмила»)
«Ақ кеме» кімнің туындысы? (Ш.Айтматов)
Ш. Айтматовтың туындысы: («Боранды бекет», «Жан пида»)
Найман-Ана аңызы Ш.Айтматовтың қай туындысында? (Боранды бекет»)
Найман-Ана аңызындағы оқиға өтетін жер: (Сарыөзекте)
Ш.Айтматовтың «Боранды бекет» романындағы Найман-Ананың үміт артар жолдасы: (Ақ інген)
Ш.Айтматовтың «Боранды бекет» романындағы мазар орналасқан жер: (Сарыөзек)
«Боранды бекет» романындағы мазардың аты: (Ана-Бейбіт)
Мәңгүрт- Ш. Айтматовтың қай шығармасының өзекті кейіпкері (Боранды бекет)
Ш.Айтматовтың «Боранды бекет» романындағы Найман-Ананы атқан адам: (мәңгүрт)
Ш.Айтматовтың «Боранды бекет» романындағы мәңгүрттің шын аты: (Жоламан)
Ш.Айтматовтың «Боранды бекет» романындағы мәңгүрттің әкесінің есімі: (Дөненбай)
Ш.Айтматовтың «Кездесу» әңгімесінде ұрыларды іздеу кезінде балаға кездескен: (Бейтаныс шал)
Ш.Айтматовтың «Ерте келген тырналар» хикаятында «Тырнаның ерте қайтқаны жақсы ырым, биыл егін бітік шығады екен!»- деген жолдарды айтқан кейіпкер: (Сұлтанмұрат)
«Ерте келген тырналар» хикаятындағы Іңкамал апайдың мамандығы: (Мұғалім)
Ш.Айтматовтың «Ерте қайтқан тырналар» хикаятындағы балалардан құрылған десанттың командирі: (Сұлтанмұрат)
Қ. Мұқаметжанов бірігіп пьеса жазған жазушы: (Ш. Айтматов)
Ш. Айтматовпен бірігіп пьеса жазған драматург: (Қ.Мұқаметжанов «Көктөбедегі кездесу»)
Жамбыл өлең арнаған Украина ақыны: (Тарас Шевченко)
Украина әдебиетінің өкілдері: ( П. Тычина, М. Бажан, М. Рыльский)
«Моабит дәптері» деген өлеңдер жинағының авторы: (Мұса Жәлел (1906-1944)
Мұса Жәлел өлеңдерінің жалпы саны: (200)
Ж.Молдағалиевтің «Жыр туралы жыр» поэмасының кейіпкері: (Жас ақын Мұса Жәлел)
Ж.Молдағалиевтің «Жыр туралы жыр» поэмасына арқау болған тақырып: (Театр халқының ақыны Мұса Жәлел фашистер тұтқынындағы тағдыры)
Абай мен М. Әуезовтің шығармашылығына үндес өзбек әдебиетінің өкілдері: (Науаи, Айбек)
Ал Ривера өзінің не үшін, кімдер үшін төбелесетінін терең түсінеді. Оның көз алдына бір сәт елінің аянышты тұрмысы, жанары ыза-кекке толы бейнесі ап-айқын елестеп кетті. Шығарманың авторы, атауы және кейіпкердің қарсыласы: (Джек Лондон, «Мексика ұлы», Дэнни)
Достарыңызбен бөлісу: |