«Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған



бет4/9
Дата31.12.2019
өлшемі0,68 Mb.
#54767
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Өзін өзі тексеру сұрақтары:

  1. Ақын есімін әлемге әйгілі еткен қандай туындылары?

  2. Шығармадағы әрбір адам басып өтуге тиісті төрт басқыш туралы не айтар едің?

3.«Диуани хикметті» ұзақ жылдар зерттеген кім?

Әдебиеттер:

  1. Келімбетов Н. «Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі» А; – 1996 ж.

  2. Қыраубаева А. «Ежелгі дәуір әдебиеті» Астана; – 2001 ж. «Елорда»

  3. Келімбетов Н. Қанафин Ә. «Түркі халықтары әдебиеті» А; 1996 ж.

  4. Келімбетов «Қазақ әдебиеті бастаулары» А; «Ана тілі» ,– 1998 ж.

  5. Айдаров Ғ. «Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі» А; – 1986 ж.

  6. Бердібаев Р. «Кәусар бұлақ» А; – 1989 ж.

  7. Дербісалиев Ә. «Қазақ даласының жұлдыздары» А; – 1995 ж.

  8. Жолдасбеков м. «Асыл арналар» А; – 19986 ж.

  9. Диваев Ә. «Тарту» А; – 1992 ж.

  10. Қоңыратбаев Т. «Көне мәдениет жазбалары» А; – 1991

  11. Марғұлан Ә. «Ежелгі жыр, аңыздар» А – 1985 ж.

  12. Сүйінішәлиев Х. «Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезендері» А –1967 ж.

  13. Қыраубаева А. «Ғасырлар мұрасы» А –1988 ж.

  14. Ақыжанов М. «Қазақтың тегі туралы» А – 1962 ж.


Дәріс 9 Суйлеймен Бақырғани (12ғ.) «Бақырғани кітабы»

Дәрістің мақсаты: С. Бақырғани – сопылық дидактикалық сарындағы әдебиеттің негізін

қалаушылардың бірі екендігін түсіндіру.



Жоспар:

1.Суйлейман Бақырғани өмірі

2.Хакім атаның ақындық мұрасы

3.Әдеби жәдігерліктерінің бірі- « Бақырғани кітабы»

4.«Бақырғани кітабы» бес бөлімі: 1көңіл күй жырлары 2 дидактикалық-философиялық хикмет-өлеңдері 3 Алланы мадақтауға арналған жырлар («Меърож-наме») 4 «Ақыр заман көріністері» 5 «Бибі Мариям» толғауы.

5.«Бақырғани кітабының » басты идеясы

ПОӘК 042-18-29.1.7/03-2013

№1 басылым 05.09.2013

68беттің 27-беті

Дәрістің қысқаша мазмұны

Хакім ата ( туған жылы белгісіз-1186 жылы қайтыс болған)-сопылық-дидактикалық сарындағы әдебиеттің негізін қалаушылардың бірі, ислам дінінің «жахрия» («йассауишілік») деп аталатын ағымын қыпшақ даласына уағыздап,таратушы көрнекті діни қайраткер. Болашақ ақын қазіргі Қарақалпақстанға қарасты Қоңырат қаласына жақын жердегі көне қамал-қала Бақырғанда туған. Түркі әлемінің ғылым мен өнер ошақтары- Исфиджаб (Сайрам), Фараб (Отырар), Йассы (Түркістан) шаһарларында ұзақ жылдар оқып, ислам ілімінің аса көрнекті ғұламаларынан дәріс алған.

Кезінде «ұстаздардың ұстазы»атанып, « ұлы шайхы» дәрежесіне жеткен ғұлама –ақын Ахмет Йассауидің ең қабілетті шәкірті,ізбасары болған.

Бұл туралы Сүлеймен Бақырғани:

Йасси сувиниг ораси,

Етур гавхар пораси.

Машойихлар сараси,

Шайхим Ахмад Йассавий.

Қарғиғони қишлоған,

Шуңқор, логин ушлаган.

Сонсиз мурид бошлаган,

Шайхим Ахмад Йассавий.

Шариати ораста,

Тариқати пайваста,

Хақиқатда шойиста,

Шайхим Ахмад Йассавий.

Жолма-жол аудармасы:

Йассы өзені жағасы,

Жатыр гауһар асылы,

Машайықтар сарасы,

Шейхым Ахмет Йассауй.

Қаршығамен қыстаған,

Сұңқар,лашын ұстаған,

Сансыз шәкірт бастаған,

Шейхым Ахмет Йассауй

Шариғаты-шапағат,

Тариқаты- қанағат,

Хақиқаты- парасат,

Шейхым Ахмет Йассауи,-дейді.

Бақырғани жасы ұлғайған шағында ел арасында Хакім ата деп аталып кеткен. Бақырғанидің сопылық-дидактикалық мазмұндағы хикмет-өлеңдері кезінде ұлан-ғайыр қыпшақ даласы мен Орта Азияның түркі тілдес тайпалары арасындағы кеңінен тарағаны тарихтан жақсы мәлім.Алайда ақын мұрасы тек ХІХ ғасырда ғана қайта жинақталып, Қазан ,Ташкент және Стамбул баспаларынан « Бақырғани кітабы» деген атпен бірнеше рет (1846,1877,1882,1898 жж.) басылып шықты.

«Бақырғани кітабы» -түркі тілдес халықтардың ХІІ ғасырдан сақталған сопылық-дидактикалық ағымдағы алғашқы әдеби жәдігерліктерінің бірі. Бұл жыр жинағы орта ғасырлық қазақ әдебиетінің де мұрасы болып табылады. Ақынның хикмет- жырлары кезінде қазақ- ақын-жыраулары поэзиясында кеңінен тараған ақыл-өсиет айту сарынындағы жыр-толғау үлгісімен үндес болып келеді. «Бақырғани кітабы» негізінен бес бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімді шартты түрде көңіл күй жырлары деуге болар еді.

ПОӘК 042-18-29.1.7/03-2013

№1 басылым 05.09.2013

68беттің 28-беті

Ал екіншісі-сопылық идеясынан насихаттауға арналған дидактикалық-философиялық хикмет-өлеңдері, үшіншісі- Алланы мадақтауға арналған жырлар («Меърож-наме»), төртіншісі – «Ақыр заман көріністері» дастаны, бесіншісі- «Бибі Мариям» толғауы. «Бақырғани кітабының» басты идеясы- оқырманын ізгілікке,имандылыққа,рухани тазалыққа үндеу. Ақынның айтуынша ,әрбір адам рухани тұрғыдан кемелденген дәрежеге жетуі үшін Алланы (Хақты, абсолюттік рухты) толық танып-білуі тиіс. Ал бұл биік мақсатқа жетуі үшін адам алдымен Ахмет Йассауи айтқандай, төрт асудан сүрінбей өтуі керек. Олар:шариғат, тариқат,маърифат,хақиқат екенін жоғарыда айттық.

Ақын өз жырларында сопылық идеяның негізгі қағида – шарттарын айта отырып, сонымен бірге адамның қоғамда атқаратын қызметіне гуманистік тұрғыдан түсінік береді. Бақырғани Алла сыйлаған өмірдің ляззатынан безбеуге, махаббат қызығын көруге, ғылым мен өнерді меңгеруге үндейді. Адамды құрметтеу арқылы құдайға құрмет көрсетуге болатынын зор шабытпен жырлайды. Бақырғани өз хикметтерінің бірінде:

Әрбір адамды көргенде қыдыр деп біл,

Әрбір түнді киелі қадыр деп біл,- дейді.

Ақын мұнда «қыдыр» сөзін –әрбір үйге бақыт,дәулет әкелетін әулие,ал « қадыр» сөзін- құдайдан көмек тілейтін,қасиетті түн мағынасында айтып отыр.

Ол өзінің «Құл Сүлеймен сөйлейді» деп басталатын өлеңінде ғашықтық сезімін көкке көтере мадақтайды.

Ақын өзінің көңіл күй жырларында адам баласына ғана тән сүйіспеншілік сезімін философиялық тұрғыдан түсіндіруге әрекет жасайды. Адам хаққа (Құдайға) жақындау жолында бірте-бірте кемелдене түседі.Тазарып, жақсара береді.

Міне, осындай жан тазалығының бір көрінісі –сүйіспеншілік сезімі. Бұл – адам парасатының ең жоғарғы сатыларында ғана жетіліп,шешек атады. Махаббаттың ұлы құдіреті алдында өзінің пенде,құл екенін сезінеді:

Алла берген сезімді сыйламаған,

Хақ жолында өз жанын қинамаған.

Емделмейтін дертіне дауа іздеп,

Зымырап өтіп барады мына жалған.

Тәуіптер көп тәнінді емдейтұғын.

Шіркін, сезім – шынайы құдірет қой,

Алладан басқаға бас имейтұғын.

Тәуіптер жоқ жаныңды емдейтұғын.

Махаббат та құдіретке тең дейтұғын.

Құдайым сақта мені пенделерден,

Не өзіне, не маған сенбейтұғын.

Сүлеймен Бақырғани адам бойындағы мөлдір сезімді асқақтата жырлай келіп, төмендегідей түйін жасайды:

Менің жаным- саған деген махаббат,

Тәнім әлсіз, бірақ жаным шапағат.

Ұлы сезім болмағанда нетер ем,

Бұл жалғаннан мен қамығып өтер ем.

Махаббатсыз жүректе иман жоқ,

Ғашықтық дертінің дауасы жоқ.

Сүлеймен Бақырғанидің хикмет-өлеңдері бейне бір адам рухы мен адам нәпсісі арасындағы айтыс-тартыс секілді болып келеді:



Нәпсім айтты: бұл бес күндік өмірде,

Бәрін істе , не ой келсе көңілге.



ПОӘК 042-18-29.1.7/03-2013

№1 басылым 05.09.2013

68беттің 29-беті

Гүлстанның аралап қал бағын да,

Жеміс жинап, пісіп тұрған шағында.

Рухым айтты: шариғаттың жолым бақ,

Ілімменен тариқаттың жолын тап.

Таңсәріде оянуды ұғынғын,

Он бесінде жайнамазға жығылып.



Нәпсім айтты: жер-жиһанның бар байлығын жинасам,

Қытай,Қырғыз.Қыпшақ, Үндіні билесем.

Шын еліне жорық жасап,алтын,күміс қаптасам,

Бағым жанса , әлсіздерді шырылдатып таптасам.



Рухым айтты: дін жолына түскенің дұрыс болар,

Жауыз жандар гүлдемей, көктей солар.

Түн болса,тағзым еткін тәңіріңе,

Ал күндіз құл бол Алла әміріне.

Бұл айтыс осылайша ұзаққа созылып,ақыры жүгенсіз нәпсіні, адам бойындағы ең асыл қасиет-қанағат сезімі жеңіп шығады.

Сүлеймен Бақырғани « Ақыр заман көріністері» атты жыр-толғауында адам, заман, қоғам туралы пәлсапалық ой –пікірлерін айтады. Мұндағы басты идея- заманның жақсы яки жаман болуыадамзаттың моральдық-этикалық іс-әрекетіне, рухани тұрғыдан тазалығына, имандылығына,мұсылман парыздарын мүлтіксіз оырндауына, т.б. байланысты деп біледі:

Ақыр заман келгенде нелер болар,

Түрлі-түрлі пәлеге әлем толар.

Ғалымдар шарап ішіп,ойнас жасап.

Абырой-атақ- бәрі де қалар.


Білгішсініп ғұламалар шарап ішер,

Арам жеңіп,адалдар отқа түсер.

Бәле жатқан қаптың да аузын ашып,

Абырой-ақ- барі де босқа қалар.


Адал жандар араммен бірге болар,

Көрер көзге көп әйел ойнас қылар.

Дін білмейтін бейбақтар сайран салып,

Абырой-ақ- барі де босқа қалар.


Ақыр заман болғанда ғұламалар азғындар,

Мұсылманның ұл-қызы есалаң боп,қазмырлар

Кеуде қағып,кәпірлер өктем болар,

Абырой-ақ- барі де босқа қалар.


... Мұхамбет атасына тағзым қылар,

Анасының мойнынан құшып тұрар.

Жастығымнан жетім қалдым,ана деп,

Абырой-ақ- барі де босқа қалар.


Құл Сүлеймен шыдайды сабыр қылып,

Сабр суы сарқылмас босқа тұрып.

Ақыретте Құдайым рақым қылар,

Абырой-ақ- барі де босқа қалар.



ПОӘК 042-18-29.1.7/03-2013

№1 басылым 05.09.2013

68беттің 30-беті

Ақын ақырзаманның үрейлі де жиіркенішті көріністерін әсерлі түрде суреттей келіп, сондай сұмдықты болдырмау үшін адамдар ислам дінінің қарапайым қағидаларын берік ұстануы керек деген тұжырым жасайды.

« Бибі Мариям» - пайғамбарлар, әулие-әмбиелер, әлемнің жаратылысы, т.б. туралы жазылған сопылық- дидактикалық мазмұндағы жырлар. Мұнда Ғайса пайғамбар өз анасы Мариям бибімен өмір мен өлім, мейірімділік пен зұлымдық, жақсылық пен жамандық жайында әңгімелеседі. Бақырғани оқырман қауымды имандылыққа, ізгілікке, құдайға құлшылық етуге шақырады.

Қорыта айтқанда, Қарахан дәуірі көркем сөз өнерінің ғажайып үлгілері болып табылатын Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік», Ахмет Йүгінекидің «Ақиқат сыйы», Ахмет Йассауидің « Ақыл кітабы» және Сүлеймен Бақырғанидің «Бақырғани кітабына» талдау жасау арқылы қазақ ақын- жыраулары поэзиясындағы дидактикалық-шешендік толғаулар мен мақал-мәтелдердің қайнар-бастаулары ежелгі түркі дәуірінің көркем сөз өнерінде жатқанын айқындадық.

Сонымен, ежелгі түркі әдебиеті мен қазақ ақын- жыраулары поэзиясы арасындағы сан ғасырларға созылып жатқан көркемдік дәстүр жалғастығы бір сәтке үзілген емес деген тұжырымға келдік. Қазақ хандығы енді ғана қалыптасып келе жатқан тарихи кезеңде бірқатар аса маңызды қоғамдық- әлеуметтік, саяси мәселелер күн тәртібінде тұрды. Олар: қалың бұқара халық пен ел билеуші әкімдер арасындағы қарым-қатынас нормалары, әрбір адамның қоғам алдындағы міндеттері,мемлекетті басқару принциптері, тағы басқалар.



Өзін өзі тексеру сұрақтары:

1.Сүлеймен Бақырғанидің ұстазы кім?

2.Бақырғани жасы ұлғайған шағында ел арасында қандай есіммен аталып кетті?

3.« Бақырғани кітабы» қай жылдары және қай баспалардан басылып шықты?

4.« Бақырғани кітабы» неше бөлімнен тұрады?

5.Бақырғани өз химеттерінің бірінде « қыдыр» мен « қадыр» сөздерінің анықтамасын

қалай береді?

6.«Ақыр заман көріністері» атты жыр-толғауында қандай пәлсапалық ой – пікірлер

айтылады?



Әдебиеттер:

  1. Келімбетов Н. «Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі» А; – 1996 ж.

  2. Қыраубаева А. «Ежелгі дәуір әдебиеті» Астана; – 2001 ж. «Елорда»

  3. Келімбетов Н. Қанафин Ә. «Түркі халықтары әдебиеті» А; 1996 ж.

  4. Келімбетов «Қазақ әдебиеті бастаулары» А; «Ана тілі» ,– 1998 ж.

  5. Айдаров Ғ. «Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі» А; – 1986 ж.

  6. Бердібаев Р. «Кәусар бұлақ» А; – 1989 ж.

  7. Дербісалиев Ә. «Қазақ даласының жұлдыздары» А; – 1995 ж.

  8. Жолдасбеков м. «Асыл арналар» А; – 19986 ж.

  9. Диваев Ә. «Тарту» А; – 1992 ж.

  10. Қоңыратбаев Т. «Көне мәдениет жазбалары» А; – 1991

  11. Қоңырытбаев Ә. «Қазақ эпосы және түркология» А; – 1987 ж.

  12. Марғұлан Ә. «Ежелгі жыр, аңыздар» А – 1985 ж.

  13. Сүйінішәлиев Х. «Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезендері» А –1967 ж.

  14. Қыраубаева А. «Ғасырлар мұрасы» А –1988 ж.

  15. Ақыжанов М. «Қазақтың тегі туралы» А – 1962 ж.




ПОӘК 042-18-29.1.7/03-2013

№1 басылым 05.09.2013

68беттің 31-беті


Дәріс 10 Хорезми «Мұхаббат-наме»

Дәрістің мақсаты: «Мұхаббат-наме» - алтын орда дәуірі әдебиетінің озық үлгісі

екендігін, зерттелуі мен насихатталуын меңгерту.



Жоспар:

1.Дастанның қолжазба нұсқалары,зерттелуі.

2.Дастанның жалпы мазмұны.

3.Махаббат туралы жырдың көркемдік ерекшеліктері.



Дәрістің қысқаша мазмұны

Алтын Орда дәуірі әдебиетінің ең көрнекті үлгісі – «Мұхаббат-наме» дастаны. Оны жазған – ақын Хорезми. Хорезми – ақынның лақап аты. Ақынның шын аты-жөні, өмірі, шығармашылығы жайлы мәлімет сақталмаған. Ол жайында білетініміз онша көп емес. Ақын Хорезми – Алтын Орда ханы Жәнібектің тұсында өмір сүрген. Сол Жәнібектің Сыр бойындағы әкімдерінің бірі болған – Мұхаммед Қожабектің тапсыруы бойынша 1353 жылы «Мұхаббат-наме» дастанын жазған.



Дастанның қолжазба нұсқалары, зерттелуі.

Бүгінгі күнге «Мұхаббат-наме» дастанының екі қолжазба нұсқасы жеткен. Дастанның екі нұсқасы да қазір Лондонның Британия музейінде сақтаулы тұр. Ресей Ғылым академиясының Азия халықтары институты 1952 жылы осы екі қолжазба нұсқасының фотокөшірмесін алды. Қолжазбаның бірі - 1432 жылы ұйғыр әрпімен көшірілген. Демек, «Мұхаббат-наме» дастанын Хорезми жазғаннан 80 жылдан кейін оны ұйғыр әрпімен қайта көшірген болып шығады. Бұл – дастанның ең көне, алғашқы көшірмелерінің бірі болса керек.

Ал енді «Мұхаббат-наменің» араб әрпімен жазылған нұсқасы – 1509 жылы көшірілген. Басқаша айтсақ, дастан жазылғаннан кейін, араға 166 жыл салып барып араб әрпімен көшірілген екен. Бір қызығы – араб жазуындағы қолжазба ұйғыр жазуындағы нұсқадан 77 жыл кейін көшірілсе де, оған қарағанда әлде қайда кең әрі толық сақталған болып келеді.

1971 жылы Түркияның (Стамбул) Ұлттық кітапханасынан «Мұхаббат-наменің» араб графикасымен жазылған нұсқасының екі көшірмесі табылды. Бұл дастанды орыс ғалымдары В.В.Бартольд (1924), А.Н.Самойлович (1928) және Ә.Нәжіп арнайы зерттегені мәлім.

Бұл әдеби жәдігерліктің ұйғыр әрпімен көшірілген нұсқасын белгілі орыс ғалымы – А.М.Щербак тілдік тұрғыдан зерттеп, орыс тіліне аударды.

Ал «Мұхаббат-наменің» екі нұсқасын да өзара салыстыра отырып, зерттеп, араб әрпімен жазылған нұсқасын қазіргі әріптермен транскрипция жасап, оны орыс тіліне аударып, жан-жақты зерттеген көрнекті түрколог Әмір Нәжіп болды.

Сондай-ақ бұл дастан 1954 жылы өзбек тіліне (Т.Жалалов), 1981 жылы үзінді түрінде татар тіліне, ал 1985 жылы қазақ тіліне (А.Қыраубаева) тәржімә жасалды. Алайда бұл аудармалар ғылыми тұрғыдан да, көркемдік жағанын да сын көтермейтіні кезінде мерзімді баспасөз бетінде жазылғаны мәлім.

Ежелгі дәуір әдебиетін зерттеуші бір топ қазақ ғалымдары (Ә.Дербісәлі, М.Жармұхамедов, Ө.Күмісбаев) «Мұхаббат-наменің» араб жазуымен бізге жеткен ең толық нұсқасын ғылыми негізде жан-жақты талдап, көне мұраның қазақ әдебиетінің көркемдік сабақтастығын дәлелдеп шықты, әрі дастанның түп нұсқаға мейлінше жақын қазақ тіліндегі аудармасын оқырман қауымға ұсынды.

«Мұхаббат-наме» дастанының араб әрпімен жазылған нұсқасы 473 бәйіттен тұрады. Дастанда 11 наме (хат) бар. Жігіттің қызға жазған 11 хаты жырға негіз болған. Солардың ішінде төртінші, сегізінші және он бірінші хаттар парсы тілінде жазылған.


ПОӘК 042-18-29.1.7/03-2013

№1 басылым 05.09.2013

68беттің 32-беті

Қалғандары Алтын Орда түріктерінің бәріне бірдей түсінікті қыпшақ-оғыз тіліндегі жырлар болып келеді. Сонымен, дастандағы 317 бәйіт қыпшақ-оғыз тілінде, 156 бәйіт парсы-тәжік тілінде жазылған. Әйтсе де «Мұхаббат-наменің» негізгі тілі – Алтын Орда қыпшақтарының тілі екенін ұмытуға болмайды. Дастанның әрбір жолы бұған айқын дәлел. Мұнда грамматикалық жағынан да, лексикалық тұрғыдан да қыпшақ тілі элементтері басым екені даусыз.

«Мұхаббат-наме» дастанының кіріспесінде ақын: «Мен де ұлы тәңірге жалбарынып, «Мұхаббат-намені» жаздым» - дейді. Автор сол кездегі әдеби дәстүрді сақтап, алдымен әлемді жаратқан тәңірге сыйынады, сосын пайғамбарларға мақтау сөз айтады. Содан кейін ғана дастанның жазылу себептеріне тоқталады.

Ақын «Мұхаббат-намені» Алтын Орда ханы Жәнібектің Ақ Ордадағы әкімдерінің бірі – Мұхаммед Қожабектің тапсыруы бойынша жазғанын айтады:

Түн ақшам ким көрунди бәйрам айы

Мұхаммәд Хожа – бектің дәвләт хумайы.

Буйырды өрга шадырван урулды,

Кәдәх келтурди лар мәжлис курулды.

Хусәйни пәрдәси узрә түзүб саз

Муғәнни бу ғәзәлни қылды ағаз

....Тәбәссүм қылды, айды: ей фәләни,

Кетүргил бизга лайық әрмәғаны.

Тилармин ким бизниң тил бирла пәйда.

Китаби әйласаң бу қыш қатым да.

Кәбул қылдым, ийр өптим, айдым: ей шах,

Иши киң топрақты дәвләт ли дәргах.

Бұл жырдың жолма-жол аудармасы төмендегідей болып келеді:

Ақшам түні көрінді, мейрам айы,

Мұхаммед Хожа-бек – дәулет құмайы.

Бұйырды (ол) – өрге щатыр тігілді,

Көзелер көтеріліп, мәжіліс құрылды.

Хұсаини пернесіне түсіріп саз,

Жаршы бұл гәзәлді қылды уағыз.

Жымиып күлді де айтты: ей, пәленшеке,

Келтіргін сыйыңды бізге лайық.

Тілер ем, біздің тілде жазуыңды, -

Кітапты осы қыста менің қасымда.

Қабыл қылдым, жер өптім, ей шах – дедім,

Есігіңнің топырағы – дәулет сарайы .

Бұдан кейін «Мұхаббат-наме» авторы оқырманын Мұхаммед Қожабекпен таныстырып өтеді. Әсіресе ол жөнінде дастанның кіріспесінде қорытынды бөлімінде көбірек айтылады. Шығарманың негізгі бөлімінде ол туралы сөз қозғамайды. Себебі ол шығарманың негізгі кейіпкері емес. Автор оған өз дастанын арнағаны үшін мадақтайды.

Ақын өзіне көп қамқорлық көрсеткен Қожабекті батыр, асыл текті, мырза, көреген деп дәріптейді. Сондай-ақ Қожабектің қоңырат руынан екенін, оның Жәнібек ханға жақындығын тілге тиек етеді:

Зехи әрслан йүрәк Қоңрат улуғы,

Кичик йяшдин улығ ларының улығы.

Сә ' адәт м ' дәни иқбал гәнжи,

Мухәммәд Хожа-бек аләм күвәнжи.

Оза жансыз тән ерди мүлки сенсиз,

Шәхинщәк Жаны – бек хан ға иетан сиз.



ПОӘК 042-18-29.1.7/03-2013

№1 басылым 05.09.2013

68беттің 33-беті

Мазмұны:

О, арыстан жүректі, Қоңырат ұрығы,

Кіші жастан ұлықтардың ұлығы.

Бақыт - көзі, береке – кеніші,

Мұхаммед Қожа-бек әлем қуанышы.

Еліміз жансыз тән еді бұрын сенсіз,

Шахтың шахы Жәнібек ханға етенесіз.

Ақын Хорезми осылайша Қожабекті жер көкке сыйғызбай мақтап, оны жомарттықта – Хатымтайдан, батырлықта – Рүстемнен, сұлулықта Шолпан жұлдызынан озасын дейді.

Міне, осындай мадақтау жырлары айтылған соң ғана шығарманың негізгі бөлімі басталады деуге болады.

«Мұхаббат-наменің» негізгі бөлімінде жігіттің сүйген қызына деген мөлдір махаббаты жырланады. Жігіт сүйген қызына әсемдік әлемінен тең таппай, оны Айға да, Күнге де теңеп, жер бетіндегі сұлулық атаулының ғажайып картинасын жасайды.

Махаббат тек адамзатқа ғана тән ғажайып,асыл қасиет екенін ақын зор шеберлікпен суреттейді:

Ики йақту гәвхәр аләм бергән.

Мухәббәт гәнжини адәм ғә бергән.

Хәва үзрә берур шункарғә қуны,

Толун ай дек қылур бир қәтрә суны.

Аның қим ал иниңдә мең йәратты,

Бойы бирла сачыны тең йәратты.

Мазмұны:

Екі жарық гәуһарды әлемге берген,

Махаббат кенішін адамға берген.

Көкте берер (жем қылар) сұңқарға аққуды,

Толған айдай қылар бір тамшы суды.

Оның кемел өңіне мең жаратты,

Бойы мен шашын тең жаратты.

Діни мистикалық бағытта жазылған сол кездегі қисса-хикаяттар адамды бұл өмірдің қызығынан безуге шақырып, сүйіспеншіліктің өзін жұмақтың ісі етіп қоятыны мәлім. Мұндай шығармалар «о дүниенің» ләззәты үшін тіршіліктегі іс-әрекеттен, өмір үшін күрестен бас тартуға шақырады. Жұмақтағы хор қыздарын дәріптейді.

Ал «Мұхаббат-наме» дастанында адамның осы өмірдегі адамға деген сүйіспеншілігі зор шабытпен жырланады. Ақын нақты өмірдің қадір-қасиетін жоғары бағалайды. Шығарманың бас қаһарманы өз сүйіктісі үшін ешқандай қауіп-қатерден тайсалмайды.

Жігіт сүйген қызына жазған хатында «Сүйіктім, қасымда болсаң, жұмақтың маған керегі жоқ» деп батыл сөйлейді:

Сачың бир тарынә мин хур йетмас,

Иүзүң нүң наурынә миң нур йетмас.

Әгәр берсә суйурғаб хәқ тә ала,

Керәкмас сен сизин Фирдәвси-ә'ла.

Киши ниң сен сизин не жаны болсун,

Аның тек умурниң на саны болсун.

Қазақшасы:

Шашыңның бір талына мың хор (қызы) жетпес,

Жүзіңнің нұрына мың нұр жетпес.


ПОӘК 042-18-29.1.7/03-2013

№1 басылым 05.09.2013

68беттің 34-беті

Хақ тағала жарылғап берсе егер,

Керек емес сенсіз маған жұмақ та.

Кісінің сенсіз не жаны болсын,

Ондай өмірдің не сәні болсын.

Жігіт сүйген қызына осындай пікір айта келіп, «маған сенсіз жұмақтың керегі жоқ, сен арғы дүниедегі хор қызынан мың есе артықсың, сол періште қыздар келіп, сен сұлулығыңа табынсын, сен жоқ жерде – жұмақтың өзі маған дозақ» - дейді.

Сөйтіп, ақын нақты тұрмыс тіршіліктегі сүйіспеншілік сезімін «о дүниенің» барлық қазынасынан мың есе артық деп бағалайды.

Дастанның басты қаһармандары – бір-біріне ғашық болған жігіт пен қыз. Шығарма негізінен жігіттің қызға жазған он бір хатынан тұрады. Дастанда қыздың жігітке жазған жауап хаты берілмейді. Алайда жігіттің хатынан қыздың сүйген жігітке деген сүйіспеншілік сезімін, қуаныш-реніштерін айқын аңғаруға болады.

Жігіттің өзінің ғашығына жазған хатында қызды былайша сипаттайды:

Әйа көрк ичрә аләм падишахы,

Жехан тутты сениң хүснүң сипахы.

....Тәбәсүм қылсаңыз шәкәр уйалур,

Тишиң инжүсидин гәфхар уйалур.
Жәмалиң йитти 'аләм ға сипахлар

Қатында йир өпарлар жүмлә шәх-лар.

Фәләк 'ишқың йолыңдә бисәр-о-пай,

Ысырғаң данәси, Зухрә, йезүң – Ай.


Қазақшасы:

О, сұлулық әлемінің падишахы,

Сұлулығыңның әскері жаһанды жаулап алды.

Езу тартып күлсеңіз, шекер ұялар,

Тісіңнің інжуінен гәухар ұялар.
Жамалың жетті әлемге әскер болып,

Өбер жерді жаныңда барша шахтар.

Саған ғашықтық жолында аспан адасты ақылына,

Сырғаңның дәні – шолпан, жүзің – ай-ды.

Қыздың сұлулығынан Күн не істерін білмей абыржып, күні бойы бетіне перде жауып, ұялып жатады екен.

Жігіт сүйген қыздың сұлулығы сондай, тіпті оны көргенде отқа табынушылар өз дінінен безіп кетеді деп суреттейді.

Хорезми өзі жырлаған қызды тек теңдесі жоқ сұлу ғана етіп көрсетумен шектеліп қалмайды. Дастанның бас қаһарманы ғашық болған қыз көрікті ғана емес, сонымен бірге ақылына Аплотон таңданатын данышпан әрі сүйгенініе барынша адал, адамгершілігі жоғары, инабатты, ізгі жан. Міне, сол арқылы автор махаббат жайын әлеуметтік мәселе дәрежесіне дейін көтере білген. Ақын адамға тән кейбір жаман қасиеттерді – опасыздықты, зұлымдықты, әдепсіздікті, надандықты өлтіре сынайды. Хорезми осындай ой-пікірлері арқылы өзі өмір сүрген ортаның әділетсіздігіне біршама наразылығын білдіргендей болады. Сондықтан дастанда жырлаған махаббат тақырыбына әлеуметтік-қоғамдық тұрғыдан мән беріп қараған жөн деп білеміз.

Дастанда жігіт бар сырын ақтарып, ғашығы үшін ажалдың өзінен де тайсалмайтынын сездірсе де, қыз оның ішкі жан-дүниесін түсінбей-ақ қояды. Мұның




ПОӘК 042-18-29.1.7/03-2013

№1 басылым 05.09.2013

68беттің 35-беті

бәрін жігіттің хаттарынан аңғарамыз. Ғашықтық дертінен ем таппаған ер жігіт сүйген қызына былай дейді:
Менің қадір-қасиетімді өлгенімде білерсің,

Мендей азап шекесе, Аплотон да жынданар еді.

Ақыры арманына жете алмасына көзі жеткен жігіт қызбен қоштасады:

Мені саған деген махаббат өлтірді,

Енді сенің есігіңнен аулақ кетеін, қош бол.

Соның өзінде жігіт өмірден түңілмейді. Қыздың бақытты болуына тілектестік білдіреді. Дастанда жігіт өз махаббатына барынша берік, қызбен біржлоа қоштасса да, сүйіктісінен мәңгі-бақи айнымайтынын айтады:

Көңілге өзгенің махаббатын жуытпан,

Жырақта жүрсем де өзіңді ұмытпан.

Жігіт сүйгеніне: өмірде алтын мен мыстың айырмасын білмейтін көңілі соқыр наданның қолына түсіп қалма дегендей, алыстан меңзеп, ақыл айтады:

Қадіріңді көр надан қайдан білсін,

Гәуһардың қадірін әркім біле бермес.

Рас, кейде дастанның лирик қаһарманы ертегі аңыздарда айтылатын дәсүрлі кейіпкерлерге ұқсап кетеді. Әйтсе де дастанда өмір нақты көріністерімен, шынайы суреттермен бейнеленген. Ал ондағы кейіпкерлер – күнделікті тіршілік тынысын сезінетін нақты жандар. Автор лирик қаһарман арқылы қоғамның кейбір көкейкесті проблемаларын ауызға алады.

Қәчаны қим шад есаң ғамгинә рәхм ет,

Әгәр султан есәң, міскинә рәхм ет.

Қазақшасы:

Көңілің шат болса, қамыққанға рақым ет,

Егер сұлтан болсаң, мүскінге рақым ет.

Сөйтіп, ақын ғашықтардың аузына сөз салу жолымен өзінің нақтылы философиялық қоғамдық көзқарасын оқырман қауымға жеткізеді.

Хорезми гуманистік ой-пікірлерді кезінде ту етіп көтерген дарынды ақын, өз заманының ойшыл азаматы ретінде танылған. Автор дастанда махаббатты жырлау арқылы өзі өмір сүріп отырған қоғамның кейбір кемшіліктеріне сын көзімен қарайтынын айттық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет