Ежелгі дәуір әдебиеті пәнінен емтихан сұрақтары



Дата27.05.2022
өлшемі27,64 Kb.
#145284
Байланысты:
04.04.2022. Ежелгі дәуір әдебиеті


Ежелгі дәуір әдебиеті пәнінен емтихан сұрақтары



  1. Орхон-Енесей жазба ескерткіштерінің тарихы мен жанры.

  2. М.Қашқаридің әдеби жазба мұралары.

  3. Хорезмидің "Мұхаббатнаме" дастанының жазылуы мен көшірмесі.


  1. Ежелгі дәуір әдебиеті 6 — 15 ғасырларды қамтып, өз ішінде үш кезеңге бөлінеді:

1-кезең: 6 — 9 ғасыр аралығындағы көне түркі әдеби ескерткіштері. Бұл ғасырлардағы көне түркі әдеби ескерткіштеріне Орхон жазба ескерткіштері — Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк туралы құлпытастарға қашап жазылған жырлар, сондай-ақ «Оғыз-нама» дастаны, «Қорқыт ата кітабы», әл-Фарабидің әдебиет саласындағы еңбектері кіреді.

2-кезең: 10 — 12 ғасырлардағы әдебиет. Бұл дәуірдегі әдебиетке Жүсіп Баласағұнның «Құдадғу білік» («Құтты білік») атты дидактикалық дастаны, Махмұд Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» («Түркі тілдерінің сөздігі»), Қожа Ахмет Иасауидің «Диуани хикмет» («Даналық кітабы») атты өлеңдер жинағы, Ахмет Иүгінекидің «Хибатул-хақайық» («Ақиқат сыйы») жыр жинағы.


3-кезең: 13 — 15 ғасырлардағы әдебиет. Хорезм дәуірі немесе Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет. Хорезмидің «Мухаббат-наме», Дүрбектің «Жүсіп — Зылиха», Сараидың «Гүлстан бит-түркі», Құтыптың «Құсрау — Шырын» дастандары. Дулатидың «Тарихи Рашиди», Жалайридың «Жамиат-тауарих», Бабырдың «Бабыр-наме» шығармалары. Түркі қағанаты тұсында түркі тілі сол өлкедегі негізгі тіл болды. Көне түркі жазуы бертін келе тіл тарихында «руна жазуы» деп аталып кетті.


Орхон ескерткіштерінің табылуы және ашылуы

… 18 ғасырдың басы еді. Орыс армиясының қолына түскен тұтқын швед офицері Филипп Иоганн Страленберг Сібірді түгел аралап, Орхон өзенінің бойын жағалай жоғары өрлеп келе жатты. Ұзақ жүрді, бірақ бұл өңірден пәлендей тіршіліктің белгісін көре алмады. Әбден шаршап-шалдыққан саясатшы алдағы жолдың қызығынан біржолата күдер үзгеңдей еді, бір кезде сонау көз ұшынан бұлдырап кереметті көзі шалғандай болды.


Қызыл көрген бүркіттей шаршағанын ұмытып, Иоганн жүрісті жылдамдата түсті. Жақындаған сайын оны әрі үрей, әрі өзгеше бір жұмбақ сезім билей бастаған тәрізденді. «…Зәулім тастар, белгісіз таңбалар, тас болып катып қалған адамдар… Әйтеуір ұзына бойы созылған, қол қусырып мөлиген тас мүсіндерде шек жоқ. Бұл не ғажап? Табиғаттың өзі жасаған құдірет пе, жоқ елде адамның сиқырлы қолынан туған керемет пе?!»
Ол ұзақ ойланды, ұзақ толғанды; бірақ түпсіз шыңырау, тұңғиық ойдың түбіне жете алған жоқ. Иә, бұл осыдан үш жүз жыл бұрын болған еді, Бейшара Иоганн алдында тұрған меңіреу тастардың бетінде ғажап сыр барын қайдан білсін, біле алған жоқ. Содан бері үш жүз жылдай уақыт өтті, бірақ сол меңіреу тастар «Орхон ескерткіштері» аталып, дүние жүзі ғалымдарын әлі күнге дейін тамсандырып келеді.

Бұл мұралар жайындағы алғашқы мәліметтер 18 ғасырдың басында көріне бастайды. 19 ғасырдың алғашқы ширегінде біраз мағлұматтарды өзі шығарып тұрған «Сибирский вестник» журналында Григорий Спасский жариялайды. Оның мақаласы көп кешікпей латын тіліне аударылады да, Орхон ескерткіштері басқа елдердің ғалымдарына да белгілі бола бастайды. Бұл хабарды естіген фин Археологиялық қоғамы 1875 жылы Минусинскіге екі рет экспсдиция жіберіп, 1889 жылы «Енисей жазбалары» деген атпен 32 таблицалы, 8 фото-суретті атлас жариялайды


1889 жылы орыс зерттеушісі Н. М. Ядринцев Орхон өзенінің бойынан, Енисей өзені сағасынан табылған ескерткіштерден әлдекайда үлкен белгісіз таңбамен жазылған зәулім, колдан қашалған төрт кабырғалы биік тасты көреді.


Н. Ядринцсв таска мынадай сыпаттама береді: биіктігі — 3,5 метр, төменгі ені — 1,32 метр, жоғарғы жағының ені — 1,22 метр. Биіктеген сайын жіңішкере береді, жоғарғы бөлігі өрнектелген. Тастың тор жағы бірдей жазылған. Батыска караған бетіндс қытай жазуы да, қалған қабырғасы бірдей руналық жазуымен толған.



  1. Махмұд Қашқари (ХІ ғасыр) — түркі ғалымы, әйгілі «Диуани лұғат ат түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы. Толық аты жөні Махмұт ибн әл Хұсейн ибн Мұхаммед. Туған жері қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласы.

Махмұд Қашқари түркінің тұңғыш тіл маманы, түркі тілінің оқулығын жасаған, грамматикасын түзеп, жалпы түркі әлемінің тіл өнерінің өрісін кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама.


Түркі жұртының бай тарихы, географиялық жағдайы, әдебиеті мен өнері, этнологияық ерекшеліктері «Диуани лұғат ат түркте» нақты тарихи деректілік сипатпен танылған.


Ол көптеген ұлыстардың, тайпалардың тіл ерекшеліктерін саралап, түркі тілінің бітімін ежіктей түсіндіреді, тұрмыс салтын, әдет ғұрпын баяндайды, сол кездегі бір қатар қаламгерлердің, ғұламалардың, тарихи адамдардың аттары мен өмірбаяндық деректерін, түркі халықтарының байырғы жырларын, мақал мәтелдерін береді.


Сонымен қатар ол көне дәуірдегі түркінің әлемдік картасын жасап, онда Барсхан, Баласағұн, Тараз, Екіөгіз, Қашқардан бастап, түркі дүниесінің ежелгі шаһарларын, елді мекендерін түгел дерлік көрсетеді. Бұл ретте оны түркі жұртының тұңғыш энциклопедиялық анықтамалығы десе де болады.



  1. «Мұхаббатнаме» – жазба ескерткіш. Еңбек 1353 жылы Сыр бойында жазылған, авторы Хорезми. Туынды 473 бәйіттен (946 тармақ) тұрады: 156 бәйіті (312 тармақ) парсыша, 317 бәйіті (634 тармағы) қыпшақ-оғыз тілдерінде. Біздің заманымызға «Мұхаббатнаменің» екі нұсқасы жеткен: бірі – араб (1508 – 09), екіншісі – ұйғыр (1432) жазуымен жазылған.



Екеуінің де түпнұсқасы Лондондағы Британ музейінде сақтаулы. Сонымен қатар 1971 жылы Стамбұл кітапханасынан арабша екі көшірмесі табылды. Бұл көшірмелер жырдың толық нұсқасы емес, жеке үзінділері ғана. Дағстанды В.В. Бартольд (1924), А.Н Самойлович (1928), Ә.Нәжіп, т.б. ғалымдар зерттеп, А.М. Щербак орыс тіліне аударды.


«Мұхаббатнаме» 1954 жылы орыс тілінде (Т.Жололов), 1985 жылы қазақ тілінде (А.Қыраубайқызы) басылды.


Дастанда Хожа бек атына дәріптеу, мадақ сөздері айтылғанымен, тұтастай махаббат тақырыбын жырлауға арналған хаттар жинағы деуге болады. Еңбекте бүгінге дейін құнын жоя қоймаған философиялық, эстетикалық ойлар көп кездеседі. Жырда сопылық поэзияға тән – жар, отқа ұмтылған көбелек, теңіз бен тамшы, бұлбұл т.б. астарлы мәні бар ұғымдар кездеседі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет