Ежелгі Грекияның философиялық (сократқа дейінгі) мектептері.
Класикалық философия.
Эллиндік және римдік философия.
Антика философиясының кезеңдері
І. Демократиялық – б.з.д.VII-Ү ғғ.;
IV. Римдік - б.з.д. Іғ. – б.з. Үғ.
III. Эллиндік - б.з.д. ІҮғ. – б.з.д. ІІғ.;
ІI. Классикалық (сократтық) - б.з.д. Vғ.ортасы – б.з.д. - IV ғғ. аяғы;
Антикалық (ежелгі грек) философияға мына ерекшеліктер тән:
Бұл философияның гүлденуіннің материалдық негізі полистердің экономикалық (қалалық, сауда-кәсіптік) дамуы болды;
Ежелгі грек философиясы материалдық өндіріс процесінен қол үзіп, дербес қауымдыққа айналды; ой еңбегі мен дене еңбегі бөліне бастады;
Ғарыштық (космоцентризм) идеясы өзекті мәселеге айналды;
Философия дамуының соңғы кезеңінде ғарышкінділік идеясы мен антропокінділік (антропоцентризм) идеясы араласып, біріге бастады;
Құдайлардың болуы күмән туғызбады;
Ежелгі грек құдайлары табиғаттың бір бөлігі болып саналып, адамға жақын болды; адам табиғат бөлігі.
I. Мифологиялық кезең – б.д.д. VII ғ. Табиғат пен әлем туралы түсінік әмбебаптық қауымдық-рулық формация түрінде түсіндіру. Құл иеленушілік, ақыл және дене еңбегін бөлу.
II. Классикалық грек философиясы- б.д.д. VI-IV ғ. Объекті мен субъектіні айырып қарау. Сезімдік- матриалдық космос объекті ролінде шығады
Милет мектебі.
Фалес (шамамен б.з.д. 640-560 жж.) – милет мектебінің негізін салушы, адамзат тарихында аты аталатын ең алғашқы көрнекті грек ғалымы, философы.
Бізге қалдырған мұрасы:
- Дүниенің алғашқы бастамасы (“архэ”) судеп білді;
- Жерді судың үстінде тұратын жазық диск деп ұғынды;
- Өлі табиғаттың барлық заттардың жаны бар (гилозоизм) деп санады;
- Әлемнің орталығы Жер деп түсінді;
- Жылдың ұзақтығы - 365 күн болатынын дәлелдеп бақты;
- Математикада жаңалықтар (Фалес теоремасы) ашты.