Ларалар мен Пенаттар үй құдайлары Янус барлық бастаманың құдайы
Рим қоғамы мен жеке адамдардың өмірі құдайлардың еркіне тәуелді деп есептелетін. Сондықтан қандай да бір істің нәтижелі болуы үшін дұға ету, құрбандық шалу және діни мереке өткізу арқылы өмірдің сол саласына қарайтын құдайды риза қылу керектін.

Көбінесе олар құрбандыққа шалынған малдың ішкі мүшелеріне қарайтын. Өйткені малдың ішкі құрылысының күйі мен түрінен құдайлардың іске оң батасын беретін-бермейтінін білуге болады деп ойлайтын.
Ежелгі Рим діни көзқарасы
Б.з.б. II ғ-ң соңында римдіктер гректердің құдайлары өздерінің басты құдайларының баламасы деп қарастыра бастады. Сондай-ақ римдіктер грек құдайлары туралы мифтерді де қабылдаған. Бұл — адамдарға тән кемшіліктері мен шектеулері бар құдайлар туралы аңыз әңгімелер еді.

Мысалы, Зевс пенделермен және құдайлармен жыныстық қатынаста болатын және тіпті балаларды да зорлайтын құдай ретінде суреттелетін. Сол уақыттағы театрларда құдайлардың ұятсыз қылықтарын қызыға тамашалайтын адамдар олардың әрекеттерін қайталайтын.
Понти Пилаттың “шындық деген не?” деп сұрауына осындай жайттар себеп болған сияқты (Жох. 18:38). Бұл абсолютті шындық жоқ деп есептейтін сол кездегі оқымысты адамдардың көзқарасын білдіретін сұрақ еді.