Ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениетінің қалыптасуының алғышарттары



бет8/9
Дата14.12.2022
өлшемі40,78 Kb.
#162753
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениетінің қалыптасу-emirsaba.org

тарихы

Мөденің тұсында ғұндар Қытайдың Хань әулетінің негізін қалаушы Лю-Банды жеңіп, бағынышты етті. Сөйтіп, Байкалдан Тибет тауына дейін, Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейінгі аралықта Ғұн мемлекеті құрылды.

Ғұн мемлекеті б.з.б. 1 ғасырдың ортасында (б.з.б. 55жылы) оңтүстік және солтүстік ғұндар болып екіге бөлінді. Оңтүстіктегі ғұндар Хань әулетінің қол астына қарады.

Солтүстіктегі ғұндар б.з.б. 1 ғасырдың аяғында Чжи-Чжи шаньюйдің басқаруымен батысқа жылжыды.

Солтүстік ғұндар Оңтүстік Қазақстандағы қаңлылар жеріне келіп, олармен бейбіт келісімге келеді. Нәтижесінде Чжи-Чжи бастаған ғұндар Талас өзенінің шығысында көшіп-қонуға мүмкіндік алды.

Қазақстанның оңтүстік-батысы мен Арал бойына ғұндардың келуінің екінші толқыны б.з. 1 ғасырында басталды. Олар алан, ас тайпаларын батысқа, Каспий теңізіне қарай ығыстырды. Ғұндар жылжи отырып, Дунай арқылы Батыс Еуропаға дейін жетті. Ғұн тайпаларының шығыстан батысқа қарай жылжуы б.з.б. 2 ғасырда басталып, б.з.-дың 4 ғасырына дейін созылды.

Аттила (434-453) кезінде ғұндар бірлестігі Еділ мен Кавказдан Рейнге дейінгі аумақты басып өтіп, территориясы максималды кеңеюге жетті. Аттила қайтыс болғаннан кейін ғұн мемлекеті ыдырады.

Аттила. Фрагмент фрески Делакруа, 1840

Аттила. Фрагмент фрески Делакруа, 1840

Қаңлылар



Қаңлы мемлекеті – Қытай жазба деректерінде канцзюй деген атпен, б.з.д. 2 ғ. айтылады. Сырдария,
Талас өзендері бойында орналасты. Саны 600 мың
адам, 120 мың әскерімен Орталық Азиядан келген.
Астанасы Битян қаласы.
Б. з. б. II ғасырдың екінші жартысындағы
«Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталмыш
кеткен тарихи оқиғалардың нәтижесіңде Орталық Азияда жаңа мемлекеттік бірлестіктер, соның ішінде Үйсін, Янцай, Қаңлы мемлекеттері
қалыптасады. Соңғысы Қазақстан тарихында елеулі
рөл атқарды.

    Археологиялық ескерткіштері

Қоңыртөбедегі қаңлы обасынан табылған сасанилік бедерлі асыл


тастар (б. з. IV—V ғғ.): 1 — сердолик, 2-4 — халцедон. Бір кездерде қаңлылар мекендеген аудандардан археологтар қоныстар мен
қорымдар тапты. Бұл ескерткіштер Қауыншы, Отырар-
Қаратау, Жетіасар археологиялық мәдениеттеріне жатқызылды.
Қауыншы мәдениеті
Сырдарияның орта ағысы мен оның салалары бойынша І-VIII ғасырлардағы археологиялық мәдениет, әдетте Қаңлы мемлекетінің халқымен байланыстырылады. Қауыншы мәдениеті таралған өңірде Шәушіқүм, Жамантоғай, Төребайтұмсық қорымдары зерттелді. Сол кездегі Отырар-Қаратау, Жетіасар мәдениеттеріне жататын басқа зираттардағы сияқты, өліктер киімімен, жеке пайдаланатын заттарымен қоса жерленген. Қабірлерге тамақ салып, су құйылған керамика ыдыстар бірге салынған. Еркектердің қабірлерінен қару-жарақтар (семсерлер, қанжарлар, жебелердің ұштары, садақтардың сүйектен жасалған бастырмалары),
әйелдердің қабірлерінен көбінесе әшекей заттары: моншақтар, айналар, сырғалар, киімге тігілген
қалдықтар табылды.
Үйсін мемлекеті - (б.з.д. VIIIғ - б.з. V ғасырда) Қазақстанды мекендеген тайпалар. Үйсіндерде ежелгі өркениетке тән дамудың барлық белгілері байқалды. Бұл қалыпты даму белгілеріне мемлекеттік билік жүйесін, жазудың болғандығын, тұрақты әскерді, елшілік жоралғыларын және т.б. жатқызуға болады. Үйсін мемлекеті Жетісу аймағында орналасты. Шекарасы батысында Шу, Талас өзендеріне, шығысында Тянь Шанның шығыс атырауларына, солтүстігінде Балқаш көлінен Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауына дейін созылған. Үйсін бірлестігі жайындағы алғашқы мәліметтер б.з.б. 1 ғасырдағы қытай жылнамаларында кездеседі. 630 мың халқы болған. 189 мың адамдай жасақ құрған. Бірлестіктің негізгі бекінісі, яни Шығу қ. Батыс пен Шығыс елдері аралығындағы "Ұлы Жібек жолы" торабына орналасқан. Мұның өзі бірлестіктің көрші елдермен (қытаймен, ғұн, қаңлы, алан, ұйғыр, қырғыз тайпаларымен) саяси, экономикалық және мәдени байланысты дамытуына мүмкіндік жасады. Астанасы Чигучен (Қызыл алқап) Ыстықкөлдің жағасына орналасты.
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет