Тұмар ханым
ТОМИРИС
Алтын адам
Парсыларға тұтқынға ұсталған сақтардың Скунха деген көсемі Сақ мәдениеті
Археологиялық зерттеулер Қазақстандағы Сақ мәдениеті жөнінде (б.з.б. 7 — 3 ғ-лар) неғұрлым толығырақ деректер береді. 1930 жылдардың соңында басталған зерттеу жұмыстары іс жүзінде 1946 жылдан кейін ғана кеңінен өрістеді. Жетісу, Төменгі Сырдария, Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстанда Сақ мәдениеті ескерткіштері ашылды, көптеген қорымдар, ғұрыптық орындар, т.б. жәдігерлер қазылып, зерттелді. Жетісудағы Есік (Алтын адам) Бесшатыр обалары мен көптеген көмбелер, Сырдың төменгі ағысындағы Үйғарақ қорымы, Орталық және Солтүстік Қазақстандағы Тасмола мәдениетінің обалары, Шығыс Қазақстандағы Берел, Шілікті қорымдары, т.б. көптеген нысандар көне сақтардың тамаша ескерткіштері ретінде танымал. Кең байтақ аумақтарға тарағандықтан, әр өлкенің мәдениетін зерттеудің өзіндік жүйелері қалыптасқан.
Мәдениеті
Сақтар аң стилін Алдыңғы Азия мен Иранға жорық жасаған кезінде қабылдаған. Бұл өнер б.з.д. 7 -6 ғасырда қалыптасқан. Аң стилі дегеніміз түрлі жануарлардың бейнелерін ыдыс- аяққа, киімге, тұрмыс заттарына, түрлі әшекейлерге, қаружараққа салған. Сақтар күнге, найзағайға табынған. Сақтар мифологиясында сәйгүлік ат күнмен, отпен
байланысты болған. Дүниені жаратқан көк тәңірісі Митра, жердікі Варуна, жер астыныкі
Индира секілді құдайлар болған
Сақтардың (скиф) тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі мен шаруашылығы еуропалық және азиялық сақтарға (скиф) ортақ болды. «Қазақтарда елін қорғауға аттанған жауынгерлер сұқ саусағын құрбандыққа шалынған боз биенің қанына батырып, оны жалап тұрып ант берген. Бұл ғұрып жылқыны қасиетті санағаннан кейін туған ырым» — дейді З.Самашев. Ежелгі көшпенділердің бітімгершілік рәсімінде өзіндік ерекшеліктер кездеседі. Геродоттың деректерінде сақтар (скиф) қанмен шарап араластырып, ыдысқа қылышты батырған соң, сол шарапты кезектесіп ұрттап ішкен. Мұндай көріністер ежелгі көшпенділердің құмыраларында бейнеленсе, ал орта ғасырда өмір сүрген қыпшақтар соғысқа аттанғанда бір-бірімен «қан бітімгершілік» ғұрпын жасаған. Көшпенділердің қоғамда өмір сүрген ортасына орай наным-сенімдеріне байланысты өткізілетін рұсімдер аздаған өзгерістерге ұшырап отырды. Соған қарамастан көшпенділер ғасырлар бойы дәстүрлі тұрмыс — тіршілігін сақтап қалды. Мұндай ғұрып қыпшақтарда XVIII ғасырға дейін балбал тастарға ойып бейнеленген. Қолына ыдыс ұстап бейнеленген жауынгер кейпіндегі балбал тастар Евразия аймағында орта ғасырда кеңінен тұрғызылған. Сондықтан ежелгі сақтардың (скиф) бітімгершілік салттарының көрінісін алтын пластиналар мен құмыралардан ғана емес тас ескерткіштерден де көреміз.
Діни нанымдары мен ғұрыптары
Сақтардың әлем құрылымы жағынан үш түсінігі бар. Олар: аспан әлемі, жер әлемі және жер астында әлем бар деп сенген. Сақтардың түсінігінде әлемнің төрт бұрышы оң, сол, артқы және алдынғы жағы болған. Сақтардың ғарыш туралы түсінігі Есік қорғанынан
табылған сақ ханзадасының бас киімінде бейнеленген. Бұлар- күн, қанатты пырақтар және 4 алтын жебенің суреті. Бұл Құдайдың әлемге билік жүргізуінің ерекше белгісі болып
саналады.
|