3 ТАҚЫРЫП. Қазақ мәдениетінің қалыптасуы. ХY-ХVIII ғғ. қазақ мәдениеті
Жоспар:
1.Ұлы Жібек жолы: Қазақстан Шығыс пен Батыстың мәдени көпірі.
2.Ортағасырлық қалалық мәдениет пен Ұлы Дала мәдениеті. Материалдық мәдениет ескерткіштері
Қазақстанның Ресей империясының құрамына енуі. Дәстүрлі дүниетанымның дағдарыстарға ұшырауы.
Қазақ ағартушылығын бағалау елегінен өткізудегі көзқарастар.
Ұлы Жібек жолы: Қазақстан Шығыс пен Батыстың мәдени көпірі. Жібек жолындағы сауданың дамуына байланысты экономикалық және мәдени қарым-қатынастың орталығы қазақ жері болды. Батыс пен Шығысты өзара сауда және мәдени байланысын орнатуда Қазақстанның орны мен ролі маңызды болып табылады. Батыс және Шығыстың рухани құндылықтарын қатар меңгере отырып, қазақ жерінде әртүрлі діни идеялар қатар өмір сүрді.
Ұлы Жібек жолы арқылы буддамен қатар христиан діні де тарады. ІХ-Х ғасырларда Тараз бен Меркеде христиандық шіркеулер салынды. Көптеген діндердің таралуы барысында қазақ жерінде сәулет ескерткіштері салынды. ІХ-ХІІ ғасырлардан бастап мемориальды кесене (мавзолей) салына бастады. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда иран тілі тобындағы соғды тілі сақталды. Осы аймақта семит тілдік семьясының сириялық және араб тілінде сөйлеген кіші топтар болды.
Қаңғар тілі негізінде қыпшақ тілі қалыптасты. «Кумандар сөздігі» (Codex Cumanicus) қыпшақ тілінің сөздігі болған. Қыпшақтар қазақ этногенезінің қалыптасуына негіз салған. «қазақ» - «еркін» мағынасында қолданылды. Керамика өңдеу, ұсталық кәсіп, зергерлік дамыды. XVғ. қазақ хандығы құрылып, әлемнiң барлық халықтарына тән заңдылықтармен қазақ этносы қалыптасты.
Қазақ этносының құрамына енген негiзгi этникалық компонеттерi - үйсiн, қаңлы, қыпшақ, арғын, дулат, керей, найман, алшын, қоңырат және т.б. тайпалар.
2.Сауданың дамуы қалалардың салынуына ықпал етті: Исфиджаб. Кедер, Отырар, Тараз, Баласағұн, Барысхан, Хамукент, Жәкіл, Адақкес. XV-XVIIғ. қазақ хандығын билеген Жәнiбек пен Керей, Қасым, Ақназар, Тәуекел, Есiм, Жәңгiр, Тәуке хандардың тұсында қазақтың шаруашылығы, өмiр сүру дағдылары ғана мес, ел таныған материалдық, рухани мәдениеттерi қалыптасты.
Қасым хан тұсында ,,Қасым салған қасқа жол,, деген атпен халықтың бұрыннан келе жатқан әдет-ғұрпының ережелерi негiзiнде билiк заң үрiстерi елдiк жөн-жаралары салт-дәстүрi бiр жүйеге түстi. ,,Есiм салған ескi жол,, деген атпен қазiргi ұрпаққа жеткен әдет-ғұрып ережелерi одан әрi жетiлдiрiлдi.
XVIIғ. аясында қазақ қоғамындағы ауызша әдет-ғұрып нормалары толықтырылып, жүйеленiп Тәуке хан тұсында ,,Жетi Жарғы,, деген атпен заңдар жинағы шықты. Бұл заңдар жинағында әкiмшiлiк, қылмыстық азаматтық құқық нормалары, салықтар, дiни көзқарастар т.б. ережелер бекiтiлген. Тәртiптi бұзған әрбiр адамға қатаң жазаға ұшырау қаупi төнген.
Қазақ халқының материалдық мәдениетiнiң ерекше ескерткiштерiнiң бiрi – киiз үй зерттеушiлердiң пiкiрiнше, киiз үйдi Еуразия көшпелiлерi I мыңжылдықтың орта шенiнде ойлап тапқан. Киiз үй – көшпелi өмiр салтына ыңғайлы тез құрастырылып, тез жиналатын, көшiп қонғанда алып жүруге жеңiл. Қазақ халықтарының мифологиясында ғарыштың құрылымы былай бейнеледi: жетi қат Жер бар, онда Көктөбе бар, Көктөбе Көктерек өсiп тұр, ол Көкүмбездi тiреп тұр. Бұл бейне киiз үйдiң құрылымына да ұқсас, қазақтың әлем туралы түсiнiгiнде әсерлi бейне – бәйтерек.
XV-XVIIғғ. қазақтардың Орта Азия халықтарымен экономикалық және мәдени байланысының дамуы Қазақстанда ислам дiнiнiң жедел дамуына ықпал еттi. Көшпелi тұрмыс салты құдайға құлшылық ететiн мешiттер, арнайы медреселердiң салуын қиындатты. Сондықтан, намазды кез-келген жерде оқып, халықтың көпшiлiгi құран мен араб тiлiндегi кiтаптарға мұқтаж болуларына байланысты, молданың әрбiр сөзiн айнытпай қайталап, дiни ғұрыптарды орындап, отырды. Қазақ қоғамында ислам дiнi үстемдiк етушi дiнге айналғанмен де, дала көшпелiлерi арасында – пұтқа табынушылық кеңiнен дамыды. қазақтар ата-бабаларының әруақтарын құрметтеп, жер –суға, отқа сиынды. Ата-баба әруағына сиыну халыққа бақыт, береке молшылық әкеледi деп сыйынды. Халық арасында ,,Өлi разы болмай, тiрi байымайды,, деген аталы сөз осыны дәлелдей. Ата-баба аруақтарына құран бағыштап ас берiп, арнайы рулық қорымдарда жерленген.
3.Қазақстанның Ресей империясының құрамына енуі қазақтың дәстүрлі дүниетанымының дағадарысқа ұшырауына алып келді. Қазақтың ақын, жыраулары ұлттық дүниетанымы мен төл философиямыздың қалыптасуына рухани негіз болды.
Шалкиіз жырау Тіленшіұлы (1465-1560ж.ж.) шығармашылығы арқылы қазақ бірлігін, адам мен қоғам, атақоныс туралы ойлары кейінгі ұрпақтың өз туған жерін сүюге, оны жаулардан қорғауға, атақонысын сақтап қалуға ұрпақ тәрбиеленді.
Ресей империясының қазақтың шұрайлы жерлерін өз қарамағына қоса бастауы бірінші осы ойы озық жыраулар шығармашылығында орын алған. Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668-1781ж.ж.) өз жырларында патша үкіметінің отарлау саясатының неге әкеліп соғатынын болжады.
Ол қазақ руларының өзара қырқысуын сынап, ел қорғауға, елдің қорғаныс қабілетін арттыруға шақырды. «Арғымақтың жалы жоқ, Жабылар жалыменен теңелер; Жақсылардың малы жоқ, Жамандар малыменен теңелер»,- деген.
С.Мұқанов: «Еуразия даласын жаулап алған славяндық мәдениет осы даланың байырғы тұрғындарын ноқталап қоюға тырысты. Ресей империясы өз қарауындағы халықтарды ақ патшаға берілгендік идеясында тәрбиелеу мақсатында әр түрлі миссионерлік тәсілдерді шебер қолдана білді. Ағылшындардың бай мәдени мұрасы бар үнділерді шырмағаны сияқты орыстар Орталық Азия мен Қазақстанды отарлау және ассимилициялау Қазақ қоғамында ислам дiнi үстемдiк етушi дiнге айналғанымен, дала көшпелiлерi арасында – пұтқа табынушылық кеңiнен дамыды, қазақтар ата-бабаларының әруақтарын құрметтеп, жер –суға, отқа сиынды. Ата-баба әруағына сиыну халыққа бақыт, береке, молшылық әкеледi деп сыйынды. Халық арасында ,,Өлi разы болмай, тiрi байымайды,, деген аталы сөз осыны дәлелдейді. Ата-баба аруақтарына Құран бағыштап, ас берiп, арнайы рулық қорымдарда жерленген.
Достарыңызбен бөлісу: |