4.XVIIIғ соңы – XIXғ бас кзi қазақ даласында жазу мен оқу iсi бiршама артта қалды. Ислам үстем етушi дiнге айнала бастады, бiлiм беруде мұсылмандық сипатта болды. Мектептер жеке меншiк, әрi ата-аналар есебiнен оқытылды. Оқытушылар – молдалар, олардың көбi араб тiлiн жетiк меңгерген жоқ едi.
Араб графикасының қазақ фонетикасына үндес келмеуi себебiнен оны меңгеру де қиынға соқты. Бұхара, Самарқан, Ташкент - білім орталықтары болды. Омск, Орынбор, Уральск, Семей т.б. қалаларда орыс мектептерi ашылды. Бұл оқу орындары үкiметтiң құрығында болып, азиялықтарды орыс ұлтына жақындату саясатын астарлы жүргiздi, қазақ даласына орыс оқымыстыларын жiберiп отырды.
Шоқан қазақтардың ежелгi ортағасырлық мәдениетiн зерттедi, «Ыстықкөл сапарының күнделiгi», «Қытай империясының батыс жағы және Құлжа қаласы», «Қазақ шежiресi» т.б. елеулi еңбектерi жарық көрдi. 1857ж. орыс географиялық қоғамына мүше болды. Шоқан азғана ғұмырының iшiнде тек қана қазақ халқын емес, бүкiл Орта Азияны Еуропаға танытқан ғалым.
Ы.Алтынсарин (1841-1889ж.ж.) - қазақ балаларын сауаттандырып, оқудың жаңа бұқаралық жүйесiн орнықтыруда, бiлiм негiздерiн насихаттаудың жаңа тәсiлдерiн қолдануда ерекше еңбек сiңiрдi. Ол қазақ балаларына арнап оқу құралдарын жазды «Қазақ хрестоматиясы», «Мақтүбат», «Мұсылманшылық тұтқасы» т.б.
Абай Құнанбайұлы (1845-1904ж.ж.) - Қазақстанның қоғамдық және мәдени өмiрiндегi көрнектi тұлға, асқан ойшыл, сөз зергерi, ұлы адам. Абай өз шығармашылық еңбектерiне әдiлдiк пен адамгершiлiктi, бiлiм үшiн күресудi, әйелдiң қадiр-қасиетiн дәрiптеу, поэзияны, табанды еңбек ету т.б. өзек еткен, асыл идеялары болды.
Х1Хғ. екiншi жартысында өздерiнiң ақындық шеберлiгi, дарыны, тапқырлығымен көзге түскен қазақ ақынының iшiнде Сүйiнбай, Шашубай, Шортанбай, Базар жырау т.б. қазақ жерiне аттары кең таралды. ХХғ. басында әдебиеттiң дамуында оның аса көрнектi өкiлдерi А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж. Аймауытовтардың үлестерi аса мол.
А.Байтұрсынов (1873-1937ж) – Шоқан, Ыбырай, Абай салған ағартушылық демократтық бағытты iлегрi жалғастырушы, дарынды ақын, тюрколог, аудармашы, iрi ғалым, журналист, қоғамдық қайраткер.
Ш.Құдайбердиев (1858-1931) қазақ әдебиетi көрнектi тұлғаларының бiрi.1858ж. Шыңғыстау ауданы Семей облысына дүниеге келген. құдайбердi – Абайдың үлкен ағасының баласы. Шәкәрiм Абай тәрбиесiнде өстi. Ол өз уақытынсында әлеуметтiк мәселелердi, теңсiздiктi қалай шешуге болатындығын ойлады.
«Қазақ айнасы» (1919) өлеңдер жинағы, «Қалқаман- Мамыр», «Еңлiк- Кебек» (1912) романтикалық поэмаларын жазды.
ХХғ. 20-30 жылдары қазақ мәдениетiнiң тарихы үшiн қарама-қайшылыққа толы және күрделi кезең.
Бұл кезең Қазақстанның ұлттық қайраткерлерiнiң Кеңес өкiметiмен бiрлiгiнiң дамуымен және отарлық езгiден азат ету арқылы ұлттық мәдениеттi дамытумен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |