Әке – отбасының тірегі мақсаты



Дата08.09.2017
өлшемі42,12 Kb.
түріСабақ
СЫНЫБЫ: 4

ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Әке – отбасының тірегі



МАҚСАТЫ: Ұрпақ тәрбиесінде ата-бабамыздың  ұстаған жолын, әкенің отбасындағы       орнының жоғары бағалағандығын паш ету, бала тәрбиесіне байланысты

салт – дәстүр,  мақал – мәтелдер, нақыл сөздерді пайдалана   отырып

оқушыларды үлкендерді сыйлауға,  кішіге көмектесуге баулу.
ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру сәті.

1. Шаттық шеңбері.           

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

 Қуанайық достарым,



Арайлап атқан күнге?
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ .

Мұғалім

Сабақ барысында біз отбасы, адамға ең қымбат, ең жақын адамдар туралы, олардың мейірімділігі, сүйіспеншілігі туралы, имандылығы туралы сөз қозғаймыз.

    «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп » ұлы ақын атамыз Абай айтқан екен. Адамзат – бүкіл адам баласы деген сөз. Адамды сүю адам танудан басталады. Адам тану – адамзат арасындағы қарым – қатынас мейірімнен басталады.

   Ал адамға деген сүйіспеншілік , мейірімділік қайырымдылық – ең әуелі әркімнің отбасынан басталады. Әр үйдің ішіндегі адамдар сол отбасының мүшелері болып саналады.


Маған да, саған да,

Жақын туыс – бес адам.

Үш әріптен тұратын.

Оңға оқы, солға оқы.

Өзгермейді еш одан.

Бәрі де өз жұратың,

 Айтады, қане, кім атын? /апа,ата, ана, іні, аға./

-        Отбасы деген не?

-        Кім өз отбасы туралы айтып береді? /жауаптарын тыңдау/

        Сызбанұсқамен жұмыс.

-        Отбасы мүшелерін атап берейік.

   Енді балалар отбасының мүшелеріне жеке – жеке тоқталып өтейік.

  Ата , ана, әже, әке, бала, іні, қарындас, аға т б.

 

   Бала – адамның бауыр еті – дейді қазақ халқы.



   Ұрпақ – ғұмыр жалғасы, тіршілік көзі. Қай халық болсын, үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді. Жанған отын сөндірмей, түтінін түтетін ұрпақ қалдыруды көздейді. Халқымыз балалы болу бақытын байлыққа, мансапқа ауыстыра алмаған.

  «Бала - өмірдің жалғасы, көз қуанышы, шаңырақ иесі,»- деп ұрпақты болуға, оның тәрбиесіне қатты көңіл бөлген.


Қуанып жан жүрегі қақ жарылды,

Қасірет басындағы қалды арылып.

Ұл – қыз көріп дүбірлі той жасайды,

Атқан соң маңдайынан таң жарылып.

 -  Балалар, бізідің отбасымызда ең үлкен, ең ардақты, барлық тәттілерін сендерге арнап тығып қоятын кім?

 - Дұрыс, ол біздің ата - әжелеріміз. Кім өзінің ата - әжесіне арнап тақпақ айтып берем дейді.


                1-оқушы:                                                2-оқушы:

Аппақ күміс сақалды,                              Менің атам мықты адам,

Жақсы көрем атамды.                              Күштілерден ықпаған.

Шахматтан ол бүгін,                                Жас кезінің өзінде,

Менен тағы мат алған.                             Жігіті жоқ жықпаған.

 

-  Отбасының тірегі , қорғанышы  деп кімді айтамыз?   Ол-әке.


Ыстық – ау  кім – кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай мәпелеген.

Өмірдің соқтығымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген.

Тағдырдың кеуде тосып жартасына,

Біз үшін түскен майдан ортасына,

Алаңсыз салып сайран шалқып жүрміз

Біз бүгін әкелердің арқасында
дей келе балаларымыздың әкелерге арнаған ойларын тыңдап көрейік.
БАЛАЛАР ОЙЛАРЫН ОРТАҒА САЛАДЫ
        1 – оқушы 

Анаң деген ақылшың,

Анаң барда батырсың.

Ұясында кім болса да,

Тек анаңа жақынсың – дегендей аналарға арнау.
   1 – оқушы:                                                        2 –оқушы:

  Ана деген асыл сөз,                                Үш әріптен құралған,

  Ана деген ғаламат.                                  Қасиетті ұғымсың.

  Жер бетінде анаға,    

Табынады адамзат.                                 Дүниеде жалғыз жан,                            

      Әрбір ана сүйеді ,                                Анашым бір өзіңсің.

       Өз баласын үнемі

        Одан асқан жан жоқ деп,

        Жер бетінде біледі.

Сонымен, сендер үшін ата, апа, ана, әке қандай адамдар?


        ЕҢ ҚЫМБАТ АДАМДАР.

Құт береке атаң қымбат,

Мейірімді әжең қымбат,

Асқар тауың әкең қымбат,



Аймалайтын анаң қымбат.
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет