«Әке-шаңырақтың тірегі» ересек топ балаларына арналған сайыс Мақсаты


Жүргізуші: Құрметті ата – аналар сайысымызды бастамас бұрын бойымызды сергітіп, ән-бимен көңілімізді көтерейік. Ән-би: "Достар биің тамаша"



бет2/3
Дата11.06.2023
өлшемі1,84 Mb.
#178607
1   2   3
Байланысты:
«Әке-шаңырақтың тірегі»

Жүргізуші: Құрметті ата – аналар сайысымызды бастамас бұрын бойымызды сергітіп, ән-бимен көңілімізді көтерейік.
Ән-би: "Достар биің тамаша"
(Сайысқа қатысушылар ортада шеңбер құрып би қимылдарын орындайды.)


Жүргізуші: Кері кету есігін біз ашпайық,
Отбасында біз ұранды тастайық
Ең бірінші кезегіміз – танысу
Ал, кәнекей, сайысымызды бастайық


І кезең. Әр Әке мен бала (қыз) өзін – өзі таныстырады


ІІ кезең. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда »
Ат өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай
Ер өнері білінбес
Қоян қолтық алыспай. - Өз өнерлерін ортаға салады.


ІІІ кезең. «Әке көрген – оқ жонар»
Асқар таудың шыңдарына өрлер кім,
Аттанайық қиясына белдердің
Оу, халайық, көрейік біз ендеше,
Үлгі берер әкелердің сайысын- Әр отбасының өздерінің қол өнерлерінің көрсетіп, таныстырады.


(жеке ән: "Ертегілер" орындайтын "Көгершін" тобы Інжу.
Би: "Көгершіндер биі" .
жеке ән: "Наурыз думан" Нұрали)


Жүргізуші: Білімнің мініп алып тұлпарына,
Қиналмай шықтым бүгін шыңдарына
Отбасы сайысы аяқталды
Сөз кезегі әділқазы алқасында – деп, қорытынды сөзді әділқазыларға береміз
Әділқазылар қорытындысын шығарып, жеңімпаздар «Алғыс хатпен» марапатталды.
Аяқтау
Осымен бұл қызықты тамамдасақ,
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ
Үйрендік білмегенді осы жерден
Тағы да үйренерміз аман болсақ
Жеңістеріңіз құтты болсын! Сау – саламатта болыңыздар! Алтын уақыттарыңызды қиып, қатысқандарыңызға көп – көп рахмет!












«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласы білім бөлімінің №42 "Жұлдыз" бөбекжай-бақшасы» МКҚК




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет