«Әке-шаңырақтың тірегі» ересек топ балаларына арналған сайыс Мақсаты



бет1/3
Дата11.06.2023
өлшемі1,84 Mb.
#178607
  1   2   3
Байланысты:
«Әке-шаңырақтың тірегі»

    Бұл бет үшін навигация:
  • Түрі

«Әке-шаңырақтың тірегі»
ересек топ балаларына арналған сайыс
Мақсаты: ата – бабамыздан ұрпақтан – ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру. Жанұя арасындағы байланыс, әкенің ұлға, шешенің қызға тәрбиесінің ықпалын айтып, балаларды бірін – бірі сыйлай білуге, қамқорлыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Түрі: отбасылық сайыс


Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата – аналар. Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 7-мамыр Отан қорғаушылар мерекесіде келіп жетті. Біздің балабақша ұлдарын, әкелеріміз бен ағаларымызды, інілерімізді, балабақшадағы ағайларды 7-мамыр ұландар күнімен құттықтаймыз. Бүгінгі Отан қорғаушылар күніне орай дайындаған №42 "Жұлдыз" бөбекжай-бақшасының ересектер топ арасындағы «Әке-шаңырақтың тірегі» атты отбасылық сайысына қош келдіңіздер!

«Ана- сая болар бағың болса, Әке асқар тауың дейді қазақта». Әке-жарық дүниедегі ең жақын адамның бірі. Әкені сыйлау, құрметтеу, оның отбасындағы орнын қастерлеп, қадірлеу кез келген баланың борышы.Әке- асқар шың, бақыттың алтын бағы.Әке- баланың тірегі, лүпілдеген жүрегі, ойындағы санасы, өмірдегі панасы. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы,өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі,өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы 


Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де
Үлкен-кіші, жасымыз да, кәріміз де
Төрлетіңіз қадірменді қонақтар
Жайнаған мына біздің төрімізге – деп алдарыңызда өнер көрсететін әкелерді және балаларды ортаға шақырайық, таныс болыңыздар

1. "Құлыншақ" ересек тобының сайыскерлері: Рыскалиева Танзия Мұратовна, Әкесі: Айтимбетов Мұрат Рыскалиевич


2. Канибетов Мұхаммед Әкесі : Канибетов Амангельді Игілікұлы

3. "Ботақан" ересек тобының сайыскерлері: Аслан Мейрамбек, әкесі: Азат Агайдаров


4. "Қошақан" ересек тобының сайыскерлері: Шинкаренко Павел, ағасы. Шинкаренко Станислав


5. Асқар Бибіжан, ағасы Орынтай Серік


Жүргізуші: Әр жанұя иесі сайыста бағын сынамақ
Салт дәстүрді меңгеріп, сайыс тобын құрамақ
Әділқазы алқасы, өнерлерін көріңіз
Үлкен сенім іздерге, әділ үкім беріңіз- деп, бүгінгі сайысты әділ бағалайтын, қазылар алқасымен танысайық
Балабақша меңгерушісі: Иманбердиева Гүлнар Сагатовна
Балабақша дәмбикесі: Сейтбекова Бағдат Абдеевна
Педагог- психолог: Иманбаева Кенжекул Шілдебашевна

Сайысқа қатысушылар мына сандық ішінен асық алу арқылы реттік сандарын алады.


Сайыстың шарттарымен таныс болаңыздар
Сайыс 3 кезеңнен тұрады.
І. «Тегімді менің сұрасаң...» (Таныстыру әр топ өзін таныстырады)
ІІ. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» (әр отбасы өз өнерлерін көрсету)

ІІІ. «Әке көрген – оқ жонар, шеше көрген – тон пішер» (шеберлік сайысы)






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет