Екі диэлектрлік орталардың шекарасындағы шағылу және сыну заңдарын зерттеу



бет6/17
Дата17.04.2020
өлшемі2,54 Mb.
#62929
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
lab kz


3. Бақылау сұрақтары
3.1. Заттың дисперсия дегеніміз не?

3.2. Сындырушы дисперсиялық фильтрдің жұмыс принципін түсіндіріңіз?

3.3. Құралдың дисперсиясы қай жағдайда артық болады: сәулелердің оптикалық тығыздығы артық ортаға шыққанда ма немесе оптикалық тығыздығы кем ортаға шыққанда ма?

4 лабораториялық жұмыс



Беттері сфералық жұқа линзаның жұмысын зерттеу
Жұмыстың мақсаты: қарапайым нүктелік жарық көздерінің көмегімен оң және теріс жұқа линзалардың жұмысын зерттеу.
1. Қысқаша теориялық мәліметтер

Линза деп екі сфералық бетпен шектелген мөлдір денені атайды. Егер линзаның қалыңдығы оның сфералық беттерінің қисықтық радиустарынан анағұрлым аз болса онда ол жұқа линза деп аталады. Оптикалық құралдар барлығының құрамында линзалар болады. Линзалар жинақтауыш және шашыратқыш деп бөлінеді. Жинақтауыш линзаның орта жағы шеттерімен салыстырғанда қалың болады, ал шашыратқыш линзаларда керісінше, орта жағы жіңішке болады (1 сурет).



1 сурет.

(а) жинақтауыш және (б) шашыратқыш линзалар мен олардың белгілеулері.


Сфералық беттердің қисықтық центрлерінен өтетін түзу линзаның бас оптикалық осі деп аталады. Жұқа линзалар үшін бас оптикалық ось линзамен бір нүктеде қиылысады деп есептеуге болады және бұл нүкте линзаның оптикалық центрі деп аталады. Линзаның оптикалық осінен өткен сәуле бастапқы таралу бағытынан ауытқымай тралады. Оптикалық центрден өтетін түзулердің барлығы қосымша оптикалық осьтер деп аталады. Линзалардың негізгі қасиеті болып заттардың кескіннін беру табылады. Кескіндер тура және кері, шын және жалған, үлкейтілген және кішірейтілген болады. Кескінді жұқа линзаның формуласынан есептеуге болады. Заттан линзаға дейінгі қашықтықты а деп белгілейік және оның таңбасын теріс деп алайық, өйткені линзадан затқа дейінгі қашықтық жарық сәулелерінің бағытына қарама-қарсы. Линзадан кескінге дейінгі қашықтықты а´ және таңбасын оң деп алайық, өйткені қашықтық сәулелердің бағытымен бағыттас. Жұқа линзаның формуласы:

(1)

фокустық қашықтыққа кері пропорционал D шаманы линзаның оптикалық күші деп атайды. Оптикалық күштің өлшем бірлігі – 1 диоптрия (дптр). Диоптрия – фокустық қашықтығы 1 м тең линзаның оптикалық күші: 1 дптр = м-1. Линзалардың фокустық қашықтықтарының таңбалары әртүрлі болады: жинақтауыш линза үшін фокус линзадан ары кескін кеңістігінде орналасады > 0, шашыратқыш линза үшін фокус линзаның алдында зат кеңістігінде орналасады < 0. а және а´ шамалары да таңбалар ережімен анықталады: шын затпен шын кескін (нақты жарық көздері) үшін а < 0 және а´ > 0; жалған жарық көздері мен жалған кескіндер үшін а < 0 және а´ < 0. Заттың линзаға дейінгі қашықтығына байланысты кескіннің өлшемдері өзгереді. Линзаның сызықты үлкейтуі деп кескіннің және заттың h сызықты өлшемдерінің қатынасын айтады. шамасы оң немесе теріс болуы мүмкін, ол кескіннің түзу немесе кері болуына байланысты. h шамасы оптикалық осьтен жоғары орналасқан болса оң болады. Сондықтан түра кескіндер үшін > 0, ал кері кескіндер үшін < 0.

2 және 3 суреттердегі үшбұрыштардың ұқсастығынан жұқа линзаның үлкейтуі үшін формуланы алу оңай:


(2)

2 сурет.

Жинақтауыш линзадағы кескінді тұрғызу.



3 сурет.

Шашыратқыш линзадағы кескінді тұрғызу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет