Екі нарсе ғана өмірдің сәнін келтіреді: Бірі – математикамен шұғылдану, екіншісі – одан сабақ беру. Пуассон
Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – МҰҒАЛІМ... Алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – МҰҒАЛІМДІКІ... Мағжан Жұмабаев
Инновациялық технологияны пайдалана отырып білім беруді ұйымдастыру
«Инновация» деген сөз – латынның «novus» жаңалық және «in» енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы «жаңару, жаңалық, өзгерту» деген мағынаны білдіреді. Т.И.Шамова, П.И.Третьяковалардың еңбегінде «Инновация дегеніміз – жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз – тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыру, яғни инновация үрдісі мазмұнды дамытуды, жаңа мазмұнды, оны енгізудің әдіс-тәсілі мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз» делінген.
«Инновация» деген сөз – латынның «novus» жаңалық және «in» енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы «жаңару, жаңалық, өзгерту» деген мағынаны білдіреді. Т.И.Шамова, П.И.Третьяковалардың еңбегінде «Инновация дегеніміз – жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз – тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыру, яғни инновация үрдісі мазмұнды дамытуды, жаңа мазмұнды, оны енгізудің әдіс-тәсілі мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз» делінген.
Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу – тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалім іс - әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Бүгінгі таңда Қазақстанда Ш.Қаланованың, Ж.Қараевтың, Ш.Таубаеваның, Қ.Қабдықайыровтың, С.Лактионованың, М.Жанпейісованың, Ә.Жүнісбек пен Қ.Нағымжанованың және т.б. ғалымдардың зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан– жақты қарастырылды.
САБАҚҚА ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР, САБАҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ, ТИПІ, САБАҚҚА ДАЙЫНДАЛУ, САБАҚТЫ ТАЛДАУ
4 курс
1 сынып
Бізге қазіргіэкономикалық, қоғамдық жаңару кезенінің талаптарына сәйкес білім жүйесі керек.
Бұл сабақта баса көңіл бөлетін нәрсе біреу – ол жаңа сабақты түсіндіру. Басқа этаптардың көлемі азаяды, кейде мүлде алынып тасталады. Бұл сабақтың негізгі звеносы – информация беру. Сабақтың негізгі мақсаты – терең де тиянақты, саналы түрде білім негіздерін үйрету.
СХЕМАСЫ:
1
4
5
6
7
8
3. Қайталау сабағы
Негізгі мақсаты – бұрынғы өткен сабақтан алған мәліметтерді тереңдету, ойда қалғандарды нақтылау, меңгерген білімдерді ұмытып қалуға жол бермеу. Мұнда көңіл бөлетін мәселе оқу дағдыларын қалыптастыру емес, білімді жетілдірудегі негізгі заңдылықтарды есте берік қалдыру, білімдегі ол қылықтарды жою.
СХЕМАСЫ:
1
4
5
6
7
8
4. Бекіту сабағы
Негізгі мақсаты интеллектуалдық және танымдық біліктерімен дағдыларды жетілдіру. Бұл сабақтың құрылымы кейбір қайталаулармен жаттығуларды пайдалануға байланысты. Сабақтың педагогикалық жолмен шешілуінің мақсаты жаңа материалды баяндау ғана емес, оқушылардың теориялық өзіндік жұмысы да емес, жұмыс түрін өзгертуге жаттығу.
СХЕМАСЫ:
1
4
7
8
5. Білімді тексеру және бағалау сабағы.
Бұл сабақ типінің дидактикалық мақсаты – білімгерлер білімінің деңгейі мен тиянақтылығын тексеру.
СХЕМАСЫ:
1
4
7
8
Бұл типтегі негізгі дидактикалық мақсаты – білімді жалпылау және қорытындылау болып табылады. Бұл сабақ типтік жағынан қайталау сабағына ұқсас, бірақ ең маңызды мәселелер әдетте тоқсанның соңында қайталанады, ең түйінді мәселелер айқындалады, себеп салдар байланыстары анықталады. Сонымен қатар ең маңызды процестер құбылыстардың арасындағы қатынастар айқындалады.
СХЕМАСЫ:
6. Жалпылау және қортындылау (жүйелеу) сабағы.
1
4
3
6
8
ЕСТЕРІҢІЗДЕ БОЛСЫН:
Бір ғана схемамен үнемі қайталанып отыратын сабақ білімгерлердің ойлау қабілетін тежеп, сабаққа ынтасын жояды.Сондықтан сабақтың типін өзгертіп отыру қажеттілігі үнемі есте болуы керек.
Сабақ мақсаты, оқыту мен тәрбиелеудің кешенді міндеттерін алға қою.
а) білім беру
міндеттері
б) сабақ кезінде
тәрбие беру
заңдылық, түсінік, ережелердің
ұғымдары.
пән бойынша біліктерді
қалыптастыру.
дағдыларды қалыптастыру.
білімгерді жан –жақты кешенді
дамыту.
Еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру,
мақсат қоюды үйрену, негізгі
мәселені бөлу, жұмысты жоспарлау,
өзін - өзі бақылауды үйрету, қортынды
жасай білу, уақытты үнемдей білу, т.б.
Сабақтың мазмұны:
оқу бағдарламасы
бойынша толық
қамтылуы.
ғылымилығы.
пәнаралық
байланысы.
жүйелілігі,
білімділігі.
түсініктілігі
Сабақтың формасы:
Тарау бойынша тақырыптық орны.
Сыныптың әр түрлілігі.
Әрбір жұмыстың сәтті аяқталуы
Тапсырманың жіктелуі.
Мұғалім – білімгер байланысының қайтымдылығы.
Сабақтың тұрақты үлгімен өткізбеу, уақытты үнемдеу.
Сабақтың өткізу әдістері:
Методика – метод, гректің metodos деген сөзінен шыққан, қазақша зерттеу жолы деген мағынаны білдіреді.
Сабақ әдісінің сабақ мақсатына сәйкестігі.
Білімгерлердің танымдық қызығушылығын қалыптастыру әдісі.
Білімгерлердің ойлау қабілетін белсендіру әдісі.
Өз бетімен жұмыс.
Жазба жұмыстар жүйесі.
Сыныптан тыс оқулар.
Сабақ мәселелерінің түрлері (негізгі мәселені ерекшелеу, салыстыру, талдау, байланысты құру, дәлелдеу, қорыту, пікір айту, практикада қолдану, безендіру, т.б.
Мұғалімнің өз сабағына талдау жасау
структурасы (құрылымы)
Педагогикалық еңбек – нағыз шығармашылық еңбек немесе ғылыми зерттеу жұмысымен пара – пар. Мұғалім барлық фактілерге анализ жасап, алдын – ала болжам арқылы кездесетін қиындықтар мен жетістіктерді біліп отыру керек. Ұлы педагог В.А. Сухомлинский: “Тәжірибелі, білімді мұғалім болу үшін өз еңбегіңді талдап, сабағыңа баға бере білу керек” деген екен. Сонымен мұғалімнің еңбегінің жемісті болуы, ең бірінші өз сабағына , педагогикалық әрекеттеріне талдау жасай білуі болып табылады. Сабаққа өзіндік талдау жасай білу мұғалімнің өзін - өзі дамытуы , өзінің шеберлілігін арттыруы, өз білімін өзінің толықтыруына ең бірінші шарты.
1.Шығармашылықпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырады, өзінің және шәкірттерінің мақсаттарын айқындайды.
2.Өзінің педагогикалық қызметі мен оның нәтижелі болуына қол жеткізу үшін не қажет екенін түсіндіреді.
3.Өз қызметін нақты жоспарлап, соңғы нәтижені біледі. Өзінің сабағына талдау жасап, сабақта туындаған педагогикалық ситуацияларды иелене отырып, оқушыға әсер ету мұғалімнің өз сабағын жоспарлап, ұйымдастырып, өз қызметін жүзеге келтіруіне байланысты болады.
Мұғалім болу өзінің сабағын талдауды әдістемелік жетік білуге әкеледі деп ойлау қате. Бұл мәселені табанды және жүйелі түрде үйрену қажет.
1. Қандай талаптар басшылыққа алынады?
Өткізілген сабаққа мұғалімнің талдау
жасау алгоритмі
1. Қандай талаптар басшылыққа алынады?
2. Тақырыптағы сабақтардың өзара байланысы қалай есепке алынды?
3. Оқушылардың ерекшелігі: нашар және жақсы оқитын білімгерлер ерекшелігі
қалай есепке алынады?
4. Сабақтың үш мақсаты қалай анықталды?
5. Білімгердің іс - әрекеті қалай жоспарланады?
6. Сабақтағы оқу материалы дұрыс таңдалды ма?
7.Мұғалім мен білімгердің әдіс – тәсілдері өзін ақтады ма, егер жоқ болса, неге?
8. Қолданылған техникалық оқу - құралдары мен көрнекіліктер өзін ақтады ма.
Егер жоқ болса, неге?
9. Білімгерлердің өзіндік жұмысиарының педагогикалық құндылығы неде?
10.Білімгерлердің танымдық қабілетін дамуына не ықпал етті?
11. Сабақ білімгерлердің дүниетанымын қалыптастыруға, олардың тәрбиесі мен адамгершілік қасиеттерінің дамуына, жігері, мінезі және жеке мәдениетіне
қарай әсер етті.
12. Сабақ барысы: не көзделіп, қалай өтті?
13. Сабақ кезінде жекеленген білімгерлер қандай қиыншылық тудырады? Олардың пайда болу жолдары мен шешу жолдары.
14. Сабақ мақсаты мен міндеттеріне жетті ме, қандай көрсеткіштер бойынша ол анықталды, егер сабақ өз мақсатына жетпесе, не кедергі болды?
15. Сабақ нәтижелігін бағалау.
16. Мұғалімнің өзін бағалауы
17, Сабақты жетілдіру жолдары.
Біріншіден сабаққа дайындықты неден бастау керек?
- Сабақтың тақырыбын нақты түрде анықтау және құру.
- Оқу курсында тақырып орнын анықтау.
- Өтілетін сабақтағы басты түсініктерді анықтау, сабақ бейнесін қарап шығу немесе керісінше, оқу материалының келешекте іске асырылатын бөлімін, өз әрекетін өрлеу іскерлігі ретінде қарау керек.
Екіншіден мұғалім үшін сабақтың мақсатты нұсқауын анықтау және құру не үшін қажет деген сауал туындайды.
Сабақтың мақсатының үш бірізділігі – бұл күрделі құрама мақсат, ол үш аспектіден құралған; танымдық, тәрбиелік және дамытушылық.
Танымдық аспектісі. Бұл – сабақтың ең Танымдық аспектісі. Бұл – сабақтың ең басты және анықтаушы аспектісі
Дамытушылық аспектісі. Бұл мұғалімге неғұрлым қиындық тудыратын мақсаттың аспектісі.
Тәрбиелік аспектісі. Тәрбиелік аспект оқу материалының мазмұнын қолдануды, оқытудың әдістері, танымдық әрекеттердің формаларын ұйымдастыру мақсатында еңбекті, эстетикалық, патриоттық және экологиялық қасиеттердің қалыптасуы және дамуы үшін әрекеттесуін көздейді.