2.2.2.4 Білім беру
Екібастұз қаласының білім беру саласына 43 орта, 2 негізгі, 7 бастапқы мектеп,1 оқу-кәсіптік комбинат,23 балалар бақшасы мен 3 мектептен тыс мекемелер жатады.
Білім беру саласының негізгі көрсеткіштері
Р/с №
|
Көрсеткіш атауы
|
2007 жыл
|
2008 жыл
|
2009 жыл
|
2010 жылы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1.
|
Тұрақты мектепке дейінгі ұйымдар саны
|
20
|
21
|
23
|
23
|
2.
|
Олардағы балалар, мың адам
|
4,4
|
4,7
|
5,4
|
6,9
|
3.
|
Күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер саны
|
54
|
52
|
52
|
52
|
4.
|
Олардағы оқушылар саны, мың адам
|
21,2
|
19,5
|
19,3
|
18,1
|
Соңғы жылдары қалада мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленушілер санының ұлғаюы байқалуда. Облыстағы орындар тапшылығы мен мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды ұлғайту мектепке дейінгі мекемелерді салу, кеңейту, қалпына келтіру есебінен шешіледі.
Балалар бақшалары желісін қалпына келтіру мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды 2007 жылы 50%-дан 2009 жылы 88,8%-ға ұлғайтуға алып келді.
Өңірдің 55,1 % мектебіне күрделі жөндеу қажет.
Пәндерді тереңдете оқытатын сыныптар ашу бойыншаоң серпін байқалады. 38 мектепте 113 сынып ашылды, соның ішінде 54 сынып қазақ тілінде оқыту (2006 жылы 93 сынып, соның ішінде 39 сынып қазақ тілінде).
ҰБТ және ПГК формаларында білім сапасын мемлекеттік бақылау процедураларында оқушылардың қатысуы қамтамасыз етілген. 2009-2010 оқу 4 сынып оқушыларының орта баллы 18,1 (2006 жылы-17,6), облыс бойынша ең үздік көрсеткіш. 9 сынып бойынша орташа балл 64,28 (облыс бойынша орта балл 61,13, республика -61,56)
Соның ішінде сапалы көрсеткіштер ҰБТ қорытындысы бойынша 2009-2010 оқу жылы:
-өңір орташа балл жақсарту 64,5-тен 84,4 –ке (19,9%);
-түлектедің санын арттыру, ҰБТ қорытындысы 100 баллдан жоғары, 45(4%) 214-ке дейін (26,2%);
Қазіргі уақытта 14 оқушыға бір компьютерден, ауылдық елді мекенде 7 оқушыға бір компьютерден келеді (2006 жылы – 16, ауылдық елді мекенде – 8).
Орта жалпы білім беру деңгейінде білімдік қызметтің сапасын арттыру,мектептерді 12 жылдық оқу мерзіміне көшуге дайындауды қамтамасыз ету мәселері шешілуде.
2.2.2.5 Мәдениет
Екібастұз өңірінің мәдениет саласы желісіне 48 ұйым: 4 мәдини-демалыс орталықтары, 18 мәдени мекемелер және 26 кітапхана кіреді.
Мәдениет саласында тұрғындарды қамту 28,3 мың адам. Екібастұз өңірі клубтық құрылымдар снаы-123, оның ішінде 3109 қатысушы (2006 жылы-99/2685),өсуі 8%, яғни жыл сайын мәдини мекемелерде 3-4 құрылымдар құрылады.
Екібастұздың ауыл өңірінде 475 адам қатысуымен өз күшімен ұйымдастырылған 44 көркем ұжым бар.
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі кітапханаларымен 35-нан 37 мың оқырмандарға қызмет жасайды,жыл сайынғы кітап беру 800 мың дана,жылдық қатысу -300 мың тұрғындарға қызмет көрсету % 25,1 (Павлодар-27,7, Ақсу-21,1); 1000 аса шаралар өткізіледі, республика және қаланың мерекелік және айрықша даталарға арналған.
Екібастұз қаласында бард әндерінің халықаралық фестиваль, республикалық «Ақындар айтысы»,жыл сайын 7 өңірлік конкурстар мен фестивалдар өткізіледі.
«Екібастұз өңірдің 2006-2010 жылдарға арналған мәдениеттің даму» бағдарлмасының басынан жүзеге асыру шаралар өткізу саны жылына 14%-ға өсті,тұрғындарды қамту 12%-ға өсті.
Мәдениет мекемелерімен жыл сайын 1000 шаралар өткізіледі,110,0 мың тұрғындар, соның ішінде 800 шара ауылдық округтарда,оны 15,0 мың адам қатысады.
Екібастұз өңіріндегі мәдениет мекемелерінде 319 адам жұмыс істейді.
Жалпы Екібастұз өңірі бойынша соңғы төрт жылда 5 мәдениет нысан құрылысы енгізілді.
2.2.2.6 Дене тәрбиесі және спорт
Қаланың материалды - техникалық базасын дамыту барысында 2007-2009 жылдарға арналған «Бұлақ» бағдарламасы өте маңызды болды, ол Шідерті кентінде жалпы көлемі 733,2 шаршы м. 1 дене шынықтыру және суықтыру кешенін салуға мүмкіндік берді.
Жол картасы шеңберінде 2009 жылы сомасы 28,7 млн. теңгеге «Жасыбай» спорттық комплексі күрделі жөндеуден өтті; шатыр, үлкен ойын залы. №1 БЖСМ ғимаратының металл құрылғылары мен тораптарына күрделі жөндеу жұмыстары 6,7 млн. теңгеге жүргізілді.
2010 жылы облыстық бюджет қаражатынан №4 спорт мектебіне күрделі жұмыстар жүргізілді.
Қазақстан Республикасы мемлекеті Елбасының жаппай спортты дамыту жөніндегі «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру мақсатында, 2010 жылы алғаш рет қалалық бюджеттен Екібастұз қаласының 6 муниципалдық округіндегі балалардың спорт - ойын алаңдарын 13, 5 млн.теңгеге салынды.
Бюджеттен тыс 9, 7 млн .теңге сомаға жасанды төсемі бар бірінші футбол алаңын салды (көлемі 40*60).
Дене шынықтыру саласындағы штаттық қызметкерлер саны 28 адамға ұлғайды, 281 маман ауылдық жерлердің және қала тұрғындарын дене шынықтыру және спортқа баулу жұмыстарымен айналысуда (ауылда 59). Қалалық муниципалдық округтерге 6 спорт бойынша нұсқаушысы енгізілді.
Арнайы футбол мектебінде білім алып жүрген оқушылар саны 98 адамға ұлғайды.
Тұрғылықты мекенжай бойынша дене шынықтыру және сауықтыру жұмыстары, 2561 қатысушы санымен 20 балалар мен жасөспірімдер клубында, балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру және спорт клубтарының 20 секциясында ұйымдастырылған.
Спорттық секцияларда, өндірістік және білім беру ұжымдарында, аула және спорттық клубтарда, БЖСМ және өзге де түрлі меншік нысанындағы қоғамдық бірлестіктерде дене шынықтырумен және спортпен тұрақты шұғылданатындар саны бүгінгі күнде 31 969 адамды құрайды не халықтың жалпы санынан 22%. Ауылдық жерлерде спортпен тұрақты шұғылданатындар 18 %-ды құрайды.
Жыл сайын спорт түрлері бойынша қалалар мен аудандар арасындағы спартакиадаларға 250-ге жуық адам қатысады. Қалада және ауылдық аймақтарда өткізілетін алдыңғы іріктеу кезеңдеріне 2 500-ден аса адам белсене қатысады.
Әскерге дейінгі және әскер жасындағы жастар, мемлекеттік қызметшілер, қаланың білім беру мекемелдері арасында қалалық спартакиадалар және басқа да жаппай спорттық шаралар, қаланың жеке кубоктарына жарыстар және біріншіліктер өткізіледі, қатысушылардың жалпы саны 50 000 адамнан асады, оның ішінде 8 500 ауылдық жерлерден.
Көру және есту мүшелері, тірек-қимыл аппараттары зақымданған 248-ден аса мүгедек, осы санаттағылардың жалпы санынан 6,9%-ы дене шынықтыру және спортпен шұғылдану сабақтарына тұрақты барады.
5 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне 5 222 оқушы қатысады.
Қаланың құрама командалары жыл бойы облыстың еркін күрес, бокс, волейбол, баскетбол, үстел теннисі, шахмат бойынша Чемпионаттар мен біріншіліктеріне; тоғызқұмалақ, футбол, дзюдо бойынша қысқы және жазғы Президенттік көпжарыстарға; бокс, дзюдо, еркін күрес, таэквон-до, Президенттік көпжарыс бойынша республикалық жарыстарға қатысты.
Дене шынықтыру және спорт сабақтарына балалар мен жастарды үнемі баули отырып, дене шынықтыру-сауықтыру және жаппай спорттық жұмыстар барысында қаланың, облыстың, республиканың өзге де құрама командаларына қабілетті балалар мен жастарды табу, түрлі көлемдегі жарыстарға қатысуға ынталандыру спорт мекемелерінің ажырамас бөлігі және міндеті болып табылады.
Қалада келесі кәсіби спорт клубтары құрылған және қызмет атқаруда: «Екібастұз» футбол, шахмат және үстел теннисі бойынша спортсүйер қауым мектебі.
Арман Махамбетовтың Польшаның (Гданск қаласындағы) Халықаралық ашық турнирге қатысып, «Еуропа кубогы 2010» жеңіп алуы өткен жылдағы атаулы оқиға, сондай-ақ Арман дзюдо күресі бойынша Қазақстан Республикасының Чемпионы атағын иеленіп, ҚР спорт шеберінің нормативін орындады.
Спорттық акробатика спортшылары келесі нәтижелерге қол жеткізді:
спорттық акробатика бойынша Әлем Чемпионы 3-орын, Польша (Вроцлав қ.);
спорттық акробатика бойынша Азия чемпионы 2-орын, Нұрсұлу Меңдібаева, Виолетта Соловицкая;
қыздар күресі бойынша Азия Чемпионы 2-орын, Александра Бойко.
2010 жылда:
- Қазақстан Республикасының келесі 5 спорт шеберлері (2009 ж -6 адам)
- 45 спорт шеберінің кандидаты (акробатика, дзюдо, еркін күрес, бокс, таэквон-до WTF) ( 2009ж. салыстырғанда - 25 адам) дайындалды.
Дене шынықтыру және спортты дамыту саласында оңтайлы жақтардан басқа мынадай түйінді мәселелер де бар:
өңірдің спорт мектептерінде оқу-әдістемелік қамтамасыз ету әлсіз;
өңірдің спорт мектептеріндегі оқу-жаттықтыру сабақтары үшін спорттық керек-жарақтар жеткіліксіз;
өңірдің ауылдық аймақтарында қысқы спорт түрлері тиісті деңгейде дамымаған;
қолда бар спорт ғимараттарын жаңартып, жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет.
2.2.2.7 Гендерлік теңдік
Екібастұз аймағының тұрғындарының саны 2010 жылдың 1 қаңтарына 144966 адамды құрады, олардың ішіндегі 76983 адам немесе 53 % – әйелдер, 67983 адам немесе 47 % - еркектер. Әйелдер қаумының шешім қабылдау деңгейі келесі түрде көрінеді:
Облыстық маслихаттың Екібастұз қаласынан 5 депутаты ішінен 2- еуі әйелдер болып табылады, ол 40%-ды құрайды.
Қалалық маслихаттың 17 депутатынан 4- еуі, яғни 24% пайызы әйелдер болып табылады сонымен қатар қалалық маслихаттың хатшысы да әйел. Парламент Мәжілісін барлығы 17% әйелдер құрап отырған кезде осының өзі әйелдердің позициясын едәуір күшейтеді
Мемлекеттік мекемелерде қызмет жасайтын 206 мемлекеттік қызметкерлер ішінен 174-і яғни 85% әйелдер, қала әкімінің жеке бөлімдерінің мен облыстық бөлім басқармаларының (СЭС, МЗТО, денсаулық сақтау) 16 бастығының 7- еуін яғни 44% әйелдер құрайды.
Әйелдерді саясатқа тарту механизмін жетілдіру аясында кадрлық резервті, мемлекеттік қызметте жұмыс жасап жатқан әйелдердің кәсіптік өсуі үшін жағдай жасауды белсенді қолдану қажет екендігі гендерлік теңдік стратегиясында атап өтілген.
Осыған орай атап өту керек, әкімдіктің жеке бөлімдерінің әйел- басшылары бас маманнан бөлім бастығына дейіңгі кәсіптік жолды толықтай жүріп өтті. Саяси өсудің үлкен тәжірибесі бар әлеутті ашуға қоғамдық өмірге араласуға мүмкіндік береді. Орындаушы органдармен қарым- қатынастың арқасында әйелдер ісі мен жанұя- демографиялық саясатының комиссия мүшелерінің кіріктірілуі басшы- көшбасшы-әйелдерді тәрбиелеп шығаруға мүмкіндік береді. Сонымен, 10 этно- мәдени бірлестіктерді басқарудың 6 жағдайы әйелдердің мойнында. Ол 60% құрайды.
22 мемлекеттік емес ұйымдарды басқарудың 8-інде (36,3%) әлеуметтік мәселелерді шешуде белсенділік танытатын әйелдер болып табылады. «Мұсылман- әйелдер лигасы» қоғамдық бірлестігі, «Альтернатива» қоғамдық қоры, Екібастұз кәсіпкер- кәсіпорындар Ассоциациясы бұл орындаушы органдармен тығыз қатынаста болатын, басқа да көшбасшы- әйел дайындаудағы үкіметтік емес ұйымдарымен, аймақтың қоғамдық өміріне әйелдерді қатынастыру, әйелдердің құқығын қорғау мен оқыту мәселелерін аймақтағы гендерлік саясатты орындау сұрағына бұқаралық ақпарат құралдарын қолдану.
Екібастұз қаласының әкімдігімен 2006 жылдан бастап әйелдердің ісі мен жанұялық- демографиялық саясат бойынша Комиссия жұмыс жасайды. Комиссия құрамына мемлекеттік органдардағы беделді- басшылар, қала маслихатының депутаттары, кәсіпкерлер, тілшілер, үкіметтік емес ұйымдар көшбасшылары кіреді.
Мемлекетті басқаруда еркектерге бәсеке болуға тұрарлық жоғары білімді, саяси күшті әйел, Комиссияның негізгі мақсаты болып әйелдердің азаматтық белсенділігін жоғарылату болып табылады.
Бұқаралық ақпарат құралдарында әйелдердің құқығын хабарлау ақпараттық хабарлар жүргізіледі. Сонымен Қазақстан Республикасы сыртына жұмысқа шыққанда болжалды қауіп жөнінен хабардарлығы.
Сонымен, қоғамды әйелдер мәселесіне тарту мен хабарландыру мақсатында 2010 жылдың 25 қарашасынан 10 желтоқсанына дейін өткен халықаралық «Әйелдерге қатысты 16 күн күш көрсетусіз» акциясында қалалық телеарналарда 2 видеороликтің көрсетілуі болып өтті. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында тұрмыстық күш көрсетуге қатысты 12 мақала жарияланды. Қаланың жоғары, арнайы орта оқу орындарында кәсіптік лицейлерінде жеке жоспарлармен дөңгелек үстелдер, диспуттар, пресс- конференциялар, сауалнамалар, пікірталастар, сұхпаттар өткізілді.
2.2.3 Инфрақұрылымдық кешен
2.2.3.1 Көлік және байланыс
Екібастұз қаласы жалпы республикалық кешен құрамына кіретін көлік коммуникациялық инфрақұрылымы барынша дамыған. Өңір арқылы халықаралық транзиттік автомобиль маршруттары өтеді.
Өңірдің көлік инфрақұрылымы көліктің 2 түрінен тұрады – теміржол, автомобиль жолдары.Теміржол жалпы ұзындығы 196 км.Өңірде теміржол тасымалдау негізгі оператором «Қазақстан темір жолдары ҰК»АҚ болып табылады. Темір жол бойынша тас және қоңыр көмір, мұнай өнімдерін,орман және құрылыс материалдарын және басқада материалды техникалық байлықтарды тасымалдайды.
Жүктерді тасымалдау құрылымында автомобиль көлігімен 2009 жылы 773,8 мың тонна жүк , 2007 жылға 75,7%-ын жүк тасымалдады.
2010 жылы жалпы пайдаланатын автомобиль көлігімен 681,7 мың тонна жүк, жүк айналымы 44138,7 ткм.
2009 жылы жалпы пайдаланудағы жолаушылар көлігі 41003,7 мың адам тасыды, 2007 жылмен салыстырғанда 14,8% көп.
2010 жылы жалпы жолаушылар көлігімен 38445,0 мың адам тасыды, жолаушылар айналымы 336,7 млн. жолаушы километр.
Көлік түрлері бойынша жүктер мен жолаушыларды тасымалдау
Р/с №
|
Көрсеткіш атауы
|
2007 жыл
|
2008 жыл
|
2009 жыл
|
2007 жылға қарағанда 2009 жылы, %-бен
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1.
|
Жүк тасымалдау, мың тонна
|
1022,7
|
420,1
|
773,8
|
75,7
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
2.
|
жолаушылар тасымалдау, мың адам
|
35728,0
|
46497,4
|
41003,7
|
114,8
|
Қалалық автобус парк 292 бірлік бар, соның ішінде 55 автобустар қала ішінде қамтылған,3 қала маңындағы маршруттарда.
Қазіргі уақытта Екібастұз өңірі бойынша жолжөн желісі мынандай:
- 1- Екібастұз-Солнечный қала маңындағы маршрут жолжөні;
- Екібастұз қаласында – 9 қала автобус жолжөні;
Екібастұз қаласы автомобиль жолдарының желісі мынадай көрсеткіштермен сипатталады: желінің жалпы ұзындығы 597,3 шақырымды құрайды. Оның ішінен республикалық маңызы бар жолдар 271 шақырым (45,3%), облыстық маңызы бар жолдар 46,9 шақырым (7,8%) және аудандық маңызы бар жолдар 279,4 шақырым (46,7%).
Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 153,1 шақырым.
Бүгінде жағдайы қанағатанғысыз жолдардың телімі жергілікті жолдар желісінің жалпы ұзындығының 44%-ын құрайды. Жергілікті желіде шамамен 200 шақырым топырақты жол бар, көктем-күз айларында бұл жолмен жүру ішінара қиындық туғызады.
2009 жылы е жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге «Жол картасы»а 776 млрн. теңге жіберілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге көп.
Екібастұз өңірі электр және пошта байланысының барлық түрі, сондай-ақ кеңейтілген телерадио тарату желісі бар.
6 оператор электр байланысы, радио және телехабар тарату қызметтерін көрсетеді, солардың 1-уі жалпы пайдаланылатын телефон байланысы қызметтері нарығында істейді, ал 4 оператор ұялы радиотелефон байланысы нарығында істейді.
2010 жылы телекоммуникация және байланыс қызметінен кіріс 82,3 млн.теңге құрады, 2009 жылмен салыстырғанда олардың саны 1,4 есе өсті.
Пошта байланысы облыс халқы үшін өзінің маңыздылығын сақтайды. Көрсетілетін қызметтер аясы кеңеюде: гибридті пошта (электрондықты қоса алғанда), жеделдетілген пошта, коммуналдық төлемдерді қабылдау, ксерокөшірме және т.б.
Бүгінгі күні Екібастұз өңірінде 27 пошталық бөлімше және пункттары жұмыс жасайды, соның ішінде ауылдық жерде -11 бөлімше және 6 пункт.
Тұтастай алғанда, өңірдің көлік-коммуникациялық кешені – бәсекеге қабілетті, көлік үдерісіне қатысушылар үшін қауіпсіз, көлік құрылымына үйлесімді шоғырланған халықтың, бизнес пен мемлекеттің мүддесін үйлесімді байланыстыруға қабілетті.
Байланыс қызметтерін көрсету саласында шамамен 674 адам еңбек етеді. Осы кәсіпорындар бойынша жалақы орташа 82,0 мың теңгені құрайды.
Телефон стансаларын салу, қайта жаңарту және жаңғырту жұмысына арналған жалпы шығын 2010 жылы 90,5 млн. теңгені құрады.
Екібастұз қалалық телекоммуникация торабында жүйелерді дамыту және қайта жаңарту,жаңа ЖАҚБ жүйе деңгейін жақсарту және қызмет көрсету( жойылған абоненттік қолжетерлік блогы) NGN елеулі өзгерістер болды. «Павлодар облысы телекоммуникация дирекциясының NGN жүйесін кеңейту одан әрі- (ОТД)» жобасы бойынша ЖАҚБ NGN 5345 нөмірмен 14 базалық стансасы орнатылды.
Екібастұз қаласының ауыл аймағында қайта жаңарту жоспары бойынша телефон байланысының жоғары сапалы қызметтерінің ауқымды аясымен одан әрі кеңінен қамтамасыз ету, телефон орнатуға деген сұранысты қанағаттандыру және кезекті жою, әуе байланысы желісін оңтайландыру үшін СDMA монтаж жасалды . Ақкөлде 370 нөмірге, Тортуй ауылында 442, Карасор да 341 нөмірге станция орнатылды
Телефон байланысының жоғары сапалы қызметтерінің ауқымды аясымен одан әрі кеңінен қамтамасыз ету мақсатында 2010 жылы нөмірлерді ауыстырып және нөмір көлемін 1312 –ге көбейтіп АТС-6 цифралық станцияға ауысты.
2010 жылы жылы Екібастұз қалалық телекоммуникаци торабында барлығы қосымша Екібастұз қаласында 1408 және ауылдық аймақта 441 нөмір орнатылды .
Ауыл халқын телефон байланысының жоғары сапалы қызметтерінің ауқымды аясымен одан әрі кеңінен қамтамасыз ету, телефон орнатуға деген сұранысты қанағаттандыру және кезекті жою үшін, 2011 жылы «СDMA стандартты радиоға сымсыз қол жеткізу технологиясы бойынша ауыл байланыс телекоммуникация жүйелерін дамыту және қайта жаңарту Павлодар ОДТ сүйректі оптикалық желіс байланысы (одан әрі –СОЖБ)» жобасы жүзеге аспақ.
Төртқұдық ауылында құрылғылар және бар абоненттерді СDMA-800 ауыстыру жоспарлануда.
Бүгінде АЕМ-гі жалпы телефон саны 2205 нөмірді, соның ішінде жеке тұлғаларға 2058 нөмірді және заңды тұлғаларға 147 нөмірді құрайды.
2011 жылдың 1 қаңтарға барлығы АЕМ-де телефонды пайдаланудың 28 ұжымдық пункті және 3 ұжымдық таксофон жұмыс істейді.
Бүгінгі күнге өңірде барлық ауылдық елді мекендерге телефон орнатылды.
2.2.3.2 Тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылым
Екібастұз өңірінің коммунальдық шаруашылық саласында 8 коммунальдық кәсіпорын,33 кондоминимумдарды басқару органдары, соның ішінде 25 ПИК,8 ЖК. 638 көп қабатты тұрғын үй бар.
Көп қабатты тұрғын үйлердің60 % астамы үйішілік инженерлік желілерге, төбелерге, лифт шаруашылығына және көтеруші құрылғылар күрделі жөндеу жүргізуді қажет етеді.
Көп қабатты тұрғын үйлердің жалпы санының (638) 314-і жабынды күрделі жөндеуді талап етеді .
Қалаларында сумен жабдықтау желілерінің ұзындығы 521,0 шақырым және су бұру желілері 291,1 шақырым.
197 шақырым сумен жабдықтау желісі (немесе желінің жалпы ұзындығының 38%) және 29,2 км шақырым (10%) су бұру желісі 100% тозған.
Қаланың коммунальдық меншігіндегі бар жүйелер мелекеттік коммунальдық кәсіпорындар «ЕкібастұзСу» және «Қаласуканал» қызмет көрсетеді. Жалпы ұзындығы 367 шақырым,70% -ға тозған.
Жылумен қамтуды «Екібастұз жылу жүйесі» ӨК, «ЖЖӨ» АҚ қамтамасыз етеді. Жылу желілерінің ұзындығы 341,61 шақырым, соның ішінде магистралды желі – 37,56 шақырым; орамды – 304,6 шақырым. Барлық жылу желілерінің тозуы 15-70 % құрайды.
Екібастұз қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды (бұдан әрі – ТҚҚ) жинау және шығару бойынша “Екібастұзкоммунсервис” МКК коммуналдық қызметтер көрсетеді.
Екібастұзда ҚТҚ көму полигондары “Екібастұзкоммунсервис” МКК балансына берілді.
«Горэлектросеть» АҚ электр желісі қолдануды 35-10-0,4 кВ кернеулі ток күшімен, Екібастұз, қаланың ауыл аймағында және Солнечный кентінде.
Қолданыстағы электр берудің ауалық және кабелдік желілері -1440 шақырым, соның ішінде қалада -757 шақырым, ауыл аймақта -683 шақырым, соның ішінде сенімді басқармада-91 шақырым.
№
қ/с
|
Желу атауы
|
Өлшем бірлігі
|
Желу саны
|
барлығы
|
қала
|
Баланста ауыл аймағында
|
Сенімді басқаруда ауыл аймағы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
ВЛ-35кВ
|
км
|
480
|
132
|
287
|
61
|
2
|
ВЛ -10кВ
|
км
|
283
|
153
|
124
|
5,7
|
3
|
ВЛ -0.4кВ
|
км
|
351
|
144
|
195
|
12,6
|
4
|
КЛ-10кВ
|
км
|
156
|
151
|
-
|
5,7
|
5
|
КЛ-0,4кВ
|
км
|
185
|
179
|
-
|
6,1
|
6
|
Кішістанция 35/10кВ
|
км
|
21
|
8
|
12
|
1
|
7
|
РП, ТП, КТП 10/0,4кВ
|
км
|
326
|
223
|
88
|
15
|
Сумен жабдықтау. Екібастұз қаласы ның негізгі ірі су артериясы Қ.И. Сәтбаев атындағы “Ертіс-Қарағанды” арнасы болып табылады, олардың су ресурсы ауыз су үшін және шаруашылыққа пайдалану үшін кеңінен қолданылады.
Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау мақсатында тәулігіне 30 мың текше метр мөлшерінде бекітілген қоры бар 3 учаске пайдаланылады.
Мыналар шаруашылық-ауыз су бағытындағы суды тұтынушылар болып табылады: тұрақты тұратын халық, суды шаруашылық-ауыз су құбыры желісінен пайдаланатын өнеркәсіп және ауылшаруашылық кәсіпорындары.
Екібастұз қаласының халқы тұтынатын ауыз су сапасындағы судың көлемі 2010 жылғы 1 қаңтарға тәулігіне 65 мың текше метр, соның ішінде қала тұрғындары - тәулігіне 58 мың мың текше метр құрайды.
Екібастұз өңірі ауыл халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып қалуда.
Қазіргі уақытта 29 ауылдық елді мекеннің тек 6 АЕМ тұрғыны орталықтандырылған сумен жабдықтауды пайдаланады, оларда 10,1 мың адам (ауыл халқының жалпы санының 56,4 %) тұрады. 7,3 мың адамы бар (40,8%) орталықсыздандырылған көзі бар 18 ауылдық елді мекенде, соның ішінде 9 АЕМ-де КБМ орнатылған. 5 ауылдық елді мекеннің тұрғындары тасымалданатын суды пайдаланып келеді, олар негізінен шағын ауылдар ( Ақшы, Мыңтамыр, 3 бөлімше, Қуандық және Суыққұдық ауылдары).
9 ауылдағы ауыз судың сапасы санитарлық нормалар талаптарына сәйкес келмейді.
“Ауыз су” бағдарламасын іске асыру кезеңінде облыста 2002 жылдан бастап 2010 жылға дейін республикалық бюджеттен қаржыландыру есебінен, 24641 метр су құбыры желілері салынды және қайта жаңартылды, соның ішінде су тазартқыш комплектілі блок-модулі (бұдан әрі – КБМ) орнатылған 9 су тартқыш салынды.
Жергілікті бюджеттің есебінен Қаражар ауылында КБМ салынды, Солнечный кентінде 3194,5 м шақырым су құбыры желісі қайта жаңартылды. Солнечный кентінде сумен қамтамасыз ету 2012 жылы республика қаражатынан есебінен аяқталады.
2011 жылы республикалық бюджет есебінен Екібастұз қаласы сумен қамтамасыз ету жүйесін қайта жаңарту аяқталады (магистралды су құбыры).
“Ауыз су” бағдарламасын іске асыру нәтижесінде халқының жалпы саны 14,2 мың адамы бар 11 елді мекенге ауыз су берілді.
Электр энергетикасы. Өңірдің электр энергетикасы мынадай секторларды қамтиды: электр энергиясын өндіру; электр энергиясын тарату; электрмен жабдықтау; электр энергетикасы саласында жұмысты жүзеге асыратын өзге де ұйымдар.
Электр энергетикасы өңір экономикасының базалық саласы болып табылады. Өңірдің энергетика кәсіпорындары республиканың 19%-ын және облыстың электр энергиясының шамамен 43,8%-ын өндіреді.
Электр және жылу энергиясы өндірісінің серпіні
Р/с
№
|
Көрсеткіш атауы
|
Өлшем
бірлігі
|
2007 жыл
|
2008 жыл
|
2009 жыл
|
2010 жыл
|
2007 жылға қарағанда 2009 жылы,
%-бен
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
1.
|
Электр энергиясы
|
млрд. кВт. Сағ.
|
14,7
|
17,2
|
14,8
|
17,1
|
116,3
|
2.
|
Жылу энергиясы
|
млн. Гкал
|
2,1
|
0,6
|
0,4
|
0,4
|
19,0
|
2010 жылы электрмен қамтамасыз,газ,бу және ауамен кондиционерлеуші кәсіпорындар өнім көлемі 82724,7 млн.еңге құрады.
Электр энергетикада, өңірдің халық шаруашылығы мен халқының электр энергиясына қажеттілігі толық қанағаттандырылады.
Электр энергиясын өндіруді әр түрлі меншіктегі 2 электр стансалар қызмет көрсетеді.
Екібастұз электр стансалары
-
Р/с
№
|
Электр стансалары
|
Қойылған қуаттылық мВт
|
1
|
2
|
3
|
1.
|
“Екібастұз МАЭС-1” ЖШС
|
4000
|
2.
|
“МАЭС-2 станциясы” АҚ
|
1000
|
Қала аумағынан 1150 кВ Барнаул-Екібастұз-Көкшетау-Қостанай-Челябі бірегей электр тарату желісі өтеді.
Кернеуі 220-1150 кВ электр тарату желілері “KEGOC” АҚ-ның балансында тұр, оларды пайдалану үшін орталығы Екібастұз қаласында орналасқан жүйе аралық электр желілерінің Солтүстік филиалы жұмыс істейді.
110 кВ және одан төмен электр желілерін пайдаланатындар –“Қалалықэлектржелісі” АҚ электр желісі компаниясы.
Екібастұз қаласы электр энергиясын өндіруде энергия ауқымды болып табылады. Екібастұз ГРЭС-1 және ГРЭС-2, Ақсу ГРЭС-і бастапқыда Солтүстік Қазақстан, Орал және Батыс Сібір өңірлерін энергиямен жабдықтау мақсатында құрылды.
Өңірде электр энергиясын негізгі тұтынушылар шамамен 70% электр энергиясын тұтынатын өнеркәсіп кәсіпорындары болып табылады.
2010 жылы өңірде электр энергиясын тұтыну 17,1 млрд. кВт/сағ. құрады, яғни 2007 жылмен салыстырғанда 1,2 есеге артты.
Электр энергиясын өндіру көлемі төмендегі кестеде берілген.
Стансалар бөлінісіндегі электр энергиясын өндіру
Р/с
№
|
Электр стансалары
|
2007жыл
|
2008 жыл
|
2009 жыл
|
2010 жыл
|
2007 жылға қарағанда 2010 жылы, %
|
1
|
2
|
6
|
3
|
4
|
4
|
5
|
1.
|
“Екібастұз МАЭС-1” ЖШС
|
10,1
|
11,1
|
10,3
|
11,7
|
115,8
|
2.
|
“МАЭС-2 станциясы” АҚ
|
4,6
|
6,1
|
4,5
|
5,4
|
117,4
|
3.
|
Жиыны:
|
14,7
|
17,2
|
14,8
|
17,1
|
116,3
|
Қазіргі уақытта энергетика саласында “Екібастұз МАЭС-1” ЖШС-де 3 энергия блогы қалпына келтіруді талап етеді.
Экспортқа бағдарлануын ескере отырып өңірдің өнеркәсіп кешенінің дамуына мынадай сыртқы факторлар барынша маңызды әсер етеді.
Әлемдік нарықта металға бағаның өзгеруінен жоғары тәуелділік.
Өнімді сыртқы тұтыну тәуелділігі. “Богатырь көмір” ЖШС жұмысы Ресей электр станцияларының көмірді тұтынуына тікелей байланысты. Көмірді тұтынудың төмендеуі кәсіпорындарда өндіріс көлемінің қысқаруына алып келеді.
2.2.4 Өңірдің аумақтық (кеңістіктік) дамуын талдау
Екібастұз өңірінің аумағы облысының аумағының 15%. немесе 18,9 мың кв. км .
Халқының тығыздығы шаршы метрге 7,7 адам/шаршы шақырымды құрайды және орташа республикалық мәнінен (5,81 шаршы шақырым) асып түседі.
Солтүстік батыста – Ақмола облысымен, оңтүстік-шығыста – Қарағанды облысымен, солтүстүкте- Ақтоғаймен, оңтүстікте – Баянауыл және солтүстік шығыста Павлодар облысының Ақсу қаласымен шектеседі.
Сыртқы экономикалық байланыстар саласында, табиғи ресурстарды пайдалану, экологиялық қауіпсіздік, халықты және аумақты төтенше жағдайлардан сақтау, мәдениет, спорт, ғылым және жоғары білім саласында Екібастұз қаласы өңіраралық ынтымақтастықтың құқықтық негіздері қалыптасты.
Қала халқы өңірдің 88% құрайды.
Мұндай жағдай қалада таратып орналастырудың тірек қаңқасын қалыптастыру бастамасы бар екенін көрсетеді
Екібастұз қаласы саны жағынан ірі қалаларға әлі жеткен жоқ, бұл жерлердегі кенттенудің өзіндік ерекшелігі бар.
Қазіргі уақытта ауылдық аймақ халқы негізінен өңірдің шет аймағы бөлігінен тірек қаңқасының тораптық элементіне жинақталуда.
Ауылдық аумақтарды дамыту. Барлығы Екібастұз өңірі бойынша 29 АЕМ бар, олар өңір аумағының 94%-ын алып жатыр.
Қазіргі уақытта ауылдық жерлерде 18,0 мың адам немесе өңір халқының 12,3%-ы тұрады.
2007-2010 жылдарға арналған ауылдық аумақты дамыту бағдарламасы бойынша барлық көздерден 2619,5 млн. теңге бөлінген, соның ішінде республикалық бюджеттен 1514,2 млн. теңге, облыстық бюджттен -466,3 млн.теңге, қалалық бюджеттен – 604,7 мл4. теңге, сондай-ақ басқа да көздерден 34,3 млн. теңге бөлінді.
Шығыстардың негізгі бөлігі ауыз сумен жабдықтау – 42,5%, жергілікті маңызы бар жолдарды – 22,8%, ауылдық білім саласын – 21,3% дамыту үлесіне тиеді.
Өңірдің барлық елді мекені электр энергиясымен, телерадио хабарларын таратумен және байланыспен 100% қамтылған. 11 ауылдық елді мекендегі 14,2 мың тұрғынды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жақсарды.
Бағдарлама іске асырылған жылдарда Шідерті кентінде мектеп салынды, Қаражар ауылында бастапқы мектепке ғимарат сатып алынды. Қаланың ауылдық аймағында мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу балаларды қамту үшін 15 шағын орталықтар ашылды.
Ақкөл,Зеленая роща,Бәйет,Төртқұдық,Бозшакөл,Бесқауға,Құдайкөл ауылдарында мәдениет үйлері күрделі жөндеуден өтті.
Ауылдық спорттық ғимараттар инфрақұрылым дамыту мақсатында Шідерті кентінде жалпы көлемі 733,2 шаршы метр дене шынықтыру және суықтыру кешенін салынды, онда футбол,волейбол,баскетбол,еркін күрес,қазақша күрес үйрену тренировка сабақтары өтеді. Солнечный кентінде хоккей кортының киім шешінетін жылу бөлмесі салынды..
Экологиялық жағдай. Екібастұз қаласы республиканың ірі өнеркәсіп орталықтарының бірі ретінде қоршаған ортаға аса жоғары жүктеме түсіруде.
Екібастұз қаласында атмосфералық ауаның сапасына әсер ететін негізгі факторлар өнеркәсіп кәсіпорындарының шығарындылары және өсіп отырған жылжымалы көздерден келетін шығарындылар саны болып табылады. Ауаны автомобиль көлігінің ластау көлемі аса қауіпті сипат алуда, ол өңір аумағында автомобиль көлігі санының күрт өсуімен негізделеді.
Өңір облыста атмосфераға шығарындыларын шығару 47%-ды құрайды.
Атмосфераға ластаушы заттардың жалпы шығарындыларының көлемі 2008 жылы 294,3 мың тонна, 2009 жылы -229,2 мың тонна, 2010 жылы -226,0 мың тонна құрайды. Шығарындылардың ең көп үлесі - жалпы көлемінің 98,65%-ы өнеркәсіптік кәсіпорындарының үлесіне тиеді.
Ағынды су шығарындыларымен ластау көлемі Екібастұз қаласының Ащыкөл және Атығай жинағына 2008 жылы 10,3 мың тонна,2009 жылы -10,1 мың тонна,2010 жылы -8,2 мың тонна.
Қатты тұрмыстық қалдықтардың көлемі Екібстұз қаласы бойынша 2008 жылы 30,6 мың тонна,2009 жылы -47,0 мың тонна,2010 жылы -49,2 мың тонна.
Бүгінде ірі жүйеқұраушы кәсіпорындары жоспарланған табиғатты қорғау шараларын толық көлемінде орындауда.
2010 жылы “Б.Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1” ЖШС табиғатты қорғау шараларын 1 332 200,0 мың теңгеге орындады.
Негізгі табиғатты қорғау шаралары:
№ 5 энергоблокқа күл аулайтын жүйені электрфильтр жаңа түрін орнатумен қайта жаңарту, ауаға түсетін күлдер 8000 т/жылына азаяды. Электфильтр монтажы аяқталды, жұмысқа кірісті. Электфилтр жұмысының режимін жөндеу жүргізілуде. Алдын ала болжау қорытындылары бойынша түтін газдарының ұшу 300 мг/м3 құрайды. Жоспарланған 320 000 мың теңге, игерілгені 1050 000 мың теңге.
№ 3 энергоблокқа күл аулайтын жүйені электрфильтр жаңа түрін орнатумен қайта жаңарту, атмосферралық ауаға ластайтын заттарды азайтады. Шаралар 2010-2011 жылдарға рналған. Жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жоспарланған 900 000 мың теңге, игерілгені 211 135 мың теңге.
күл қоймасы жағажайда шаңды қысымдау,күл жағажайының шаңын алаңын азаюына жағдай жасайды, 20 га жерге ағаш және бұта ағаштар отырғызылды. Жоспарланған 11 000 мың теңге, игерілгені 6 400 мың теңге
гидрокүл жою №2 жіп жүйесін күрделі жөнделді,жер ресурстарын ластауды алдын алу үшін. Жоспарланған 15 000 мың теңге, игерілгені 20 000 мың теңге;
қатты өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар жинағы құрылысы салынды. Жоспарланған 20 000 мың теңге, игерілгені 30 000 мың теңге;
ЗУУ технико-экономикалық көрсеткіштерді анықтау мақсатында №4,6,7 энергоблоктарда күл жинақтайтын қондырғыларда зерттеу сныдары жүргізілді. Жоспарланған 1500 мың теңге, игерілгені 2 000 мың теңге;
2010 жылы “ Екібастұз МАЭС-2 стансасы” АҚ табиғатты қорғау шараларын 191 410,0 мың теңгеге орындады.
Негізгі табиғатты қорғау шаралары:
№2 станциясының энергоблогында күлді ұстайтын қондырғыны қайта
құруы, жылына 28 627 тонн көмір күлінің шығаруынның төмендеуіне келтіреді, жоспарланғаны 562 500мың.теңге (2009жылы шаралар орындалған болатын) және толық көлемде игерілген;
№1 станциясының оттығына 12 жанарғы шығарылған және құрылған,
орындалған, яғни жылына 766 тонн азот тотықтарының шығаруынның төмендеуіне келтіреді, жоспарланғаны 35500мың.теңге, игерілгені 35 650мың, теңге;
отын беру сорғыш құрылысына жөндеу жұмысы орындалған, яғни
көмір шаңының нормативті көлемін шығарылуын қамтамасыз етуге келтіреді. Жоспарланғаны 2 000мың теңге, игерілгені 3 502 мың теңге;
азот тотықтарының нормативті көлемін шығарылуын қамтамасыз ету
үшін, №1,2 энергоблогтарында жаңғыш құрылысының қайта құрылуы орындалған. Жоспарланғаны 5 000мың теңге, игерілгені 12 124 мың теңге;
күл жағажайларынан көмір күлін шығаруды төмендету үшін, 30га
кеңістігінде шаң басуы орындалған. Жоспарланғаны 25 000мың теңге, игерілгені 31 746 мың теңге;
шаруашылық тұрмыс канализациясына, бакты-нейтрализаторды
жөндеуіне, насостардың ілмектік арматурасын жөндеу бойынша жұмысы жүргізілген. Жоспарланғаны 2 500мың теңге, игерілгені 932 мың теңге;
сынап мағыналық қалдықтарды көму және жою, қауіпті қалдықтарды
зиянсыздандыруына келтіреді. Сынабы бар 4 167шамдар тапсырылған. Жоспарланғаны 80мың теңге, игерілгені 175 мың теңге;
қауіпті қалдықтарды зиянсыздандыру үшін 120,5кг дәрігерлік
қалдықтар тапсырылған болатын. Жоспарланғаны 30мың теңге, игерілгені 54 мың теңге;
табиғи ортадағы орналасқан қалдықтар көлемін төмендету үшін,
энергетикалық отын ретінде пайдаланған мұнай өнімдерін өзінің меншікті кәсіпорындарында қолдану бойынша іс-шаралар орындалған болатын.
2010 жылы «Богатырь Көмір» ЖШС-де 1 366 642,442мың.теңге сомасына табиғатты қорғау шаралар орындалған.
Кәсіпорындардың негізі табиғатты қорғаушылық шаралар:
разрездегі а/жолдарында көмірді экскаваторға артқанда шаң басуы, 430шарт.тонн шаңдардың пайда болуының төмендеуіне келтіреді, 45,2мың.пог.м. авотжолдарына сулау жүргізілген. Жоспарланғаны 10 000мың теңге, игерілгені 3395,0 мың теңге;
құймаларда орналасқан аршу ішінде жанатын булардың күшейте
түскендіктің тотықтырғыш барысын томендету бойынша іс-шаралар кешені, сонымен қатар топрақ нығыздағышын сатып алуға, аршу ішінде құрастырғанда жылына 3В газ тәріздіге 2727,5 шарт.тонн бөлінудің төмендеуі. Жоспарланғаны 66 915мың теңге, игерілгені 190 607 мың теңге;
бұрғы жұмыстары кезінде шаңдардың пайда болуы жылына 25,3
шарт.тоннаға төмендеуі үшін, құрғақ шаң ұстайтын бұрғы машина станогы сатып алынған. Жоспарланғаны 150 105,0мың теңге, игерілгені 150 105,0 мың теңге;
2 бірлік ЕМК-1600 сүзгі-желдету агрегаты сатып алынған,
жоспарланғаны 1599,0мың теңге, игерілгені 1 745,6 мың теңге;
«Северный» разрезінің (1,2,3,4) санитарлық жұмыспен өтеуі, сыртқы
құймаларда орналасқан (5,93млн.м3) жылына 19882780тонн мөлшерінде аршу жыныс көлемінің төмендеуіне келтіреді. Жоспарланғаны 1 030 000мың теңге, игерілгені 906 662,3 мың теңге;
Яғни өңірдің экологиялық жағдайы күрделі болып келеді.
2.2.5 Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесіне талдау
2.2.5.1 Қала бюджеті
Екібастұз қаласының бюджеті негізінен бюджеттік әкімшілендірудің барлық функциялары бойынша мемлекеттік қаржыландыру көлемінің барынша ұлғаюымен сипатталады.
Қала бюджетінің көлемі 2010 жылы 7283,9 млн. теңгені құрады, бұл 2008 жылғы қала бюджетінен 1,2 есе көп.
2008-2010 жылдардағы қала бюджетінің құрылымы
Республикалық бюджеттен трансферттер 2008 жылға қарағанда 1,4 есеге ұлғайды. Республикалық бюджеттен трансферттер үлесі 2009 жылы 22,1% (2008 жылы – 25,4%), меншікті кірістің үлесі – 77,8% (2008 жылы – 74,6%), құрады.
Қолданыста болған Жалпы сипаттағы трансферттер есебінің әдістемесіне сәйкес тұрақты сипаттағы нысаналы трансферттер жергілікті бюджеттер базасына енгізілді. Осыған байланысты 2008 жылы нысаналы трансферттер көлемінің төмендегені байқалды.
Достарыңызбен бөлісу: |