Бақылау сұрақтары: 1.Ұлтаралық қақтығыс түрлері
2. шиеленіс шығудың себептері
Әдебиеттер: 1.Шульц Д.П., Щульц С.Э. Қазіргі психология тарихы 11-басылым. Алматы: Ұлттық аударма бюросы қоғамдық қоры. 2018-448 б.
2.Буркитбаева Д. «Психология» пәнінен гуманитарлық мамандық студенттеріне арналған дәріс жинағы Шымкент : ОҚМУ, 2018ж.
3.Алдамұратов Ә. Жалпы психология : оқулық жоғары оку орындарына арналған / Ә. Алдамұратов. - Алматы : "Эверо", 2013.
14 – практикалық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Еңбек ұжымындағы конфликтіні реттеудің механизмдері және тәсілдері Сабақ мақсаты: Студенттерге еңбек ұжымындағы конфликтіні реттеудің механизмдері және тәсілдерін түсіндіру. Алынған білімді тәжірибеде қолдана алу дағдыларын меңгеру.
Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулығы: Ассоциация құрастыру.
Оқытушының сөзі: Конфликтілерді болжау олардың болашақтағы пайда болуы мен даму ерекшеліктеріне байланысты ойларға негізделеді. Ол конфликтілерді ғылыми зерттеуге сонымен қатар әлеуметтік қайшылықтардың белгілері және диагностикасына байланысты тәжірбиелі іс-әрекеттерге негізделеді.Конфликтілік ситуацияның дамуын нақты болжау оны тиімді шешуге мүмкіндік береді.
Конфликтілердің алдын-алуы әлеуметтік өзара әрекет субъектілерінің өмірлік іс-әрекеттерінідегі конфликтілердің пайда болуының минимум ықтималдығын көрсетеді.
Конфликтілердің алдын-алу іс-әрекеттерін әлеуметтік өзара әрекетке қатысушылардың өздері, ұйым басшылыры, конфликтологтар іске асырады.
Конфликтілердің алдын-алу оларды конструктивті шешуге қарағанда әлде қайда жеңіл.Дистьруктивті конфликтілердің алдын алуға мүмкіндік беретін негізгі объективті жағдайдар:
ұйым жұмысшыларының іс-әрекеттері үшін жағымды жағдай жасау;
ұжымда материалдық және рухани байлықтарды әділ бөлу;
конфликтіні алдыналу үшін нормативті процедуралар өңдеу;