Әкімбаев А.Ә. Барлық мамандықтар бойынша «Мәдениеттану және психология» пәнінен практикалық сабақты жүргізуге арналған Әдістемелік нұСҚаулық ш ымкент, 2023 ж


Тест сауалнамасы: “Тұлғаның күйзеліске өзіндік тұрақтылығын бағалау”



бет22/25
Дата05.10.2023
өлшемі1,23 Mb.
#183879
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
DOxTX8oA5NpcBDm04XaPeYQ4i99ycUxjbS1uiS0X

Тест сауалнамасы: “Тұлғаның күйзеліске өзіндік тұрақтылығын бағалау”
Мақсаты: Қақтығыстар барлық басқа жағымсыз факторлар сияқты, невроздық күйлерге әкеліп, күйзеліс туындатады. Ұсынылып отырған тест сіздің күйзеліске тұрақтылық деңгейіңізді анықтауға көмектеседі.
Нұсқау: Сұрақтарға шынайы жауап беріңіз, толық жауаптардың өзіңізге сәйкес келетін нұсқасын таңдап, белгілейсіз.

Тұжырымдар

Анда-санда

Кейде

Көбінесе

1. Мені топта дұрыс бағаламайды деп ойлаймын

1

2

3

2. Денсаулығым дұрыс болмаса да, бір нәрсемен айналысуға талпынамын

1

2

3

3. Әрдайым орындап отырған істің сапалы болуын уайымдаймын

1

2

3

4. Ашуға бейіммін

1

2

3

5. Өзіме сынау айтса, шыдай алмаймын

1

2

3

6. Мен ашуланшақпын

1

2

3

7. Мүмкін жағдайда жетекші бола аламын

1

2

3

8. Мені қырсық, өз дегенінде тұратын адам деп есептейді

1

2

3

9. Ұйқысыздықтан зардап шегемін

1

2

3

10. Достық ниеті жоқ адамдарға қарсы тұра аламын

1

2

3

11. Келеңсіз жағдайларды қатты уайымдаймын

1

2

3

12. Демалуға уақытым жетпейді

1

2

3

13. Менде қақтығыстық жағдайлар болып тұрады

1

2

3

14. Өзімді көрсетуіме сенімділігім жетіспейді

1

2

3

15. Сүйікті істермен айналысуға уақытым жоқ

1

2

3

16. Барлығын тез орындаймын

1

2

3

17. Өз болашағымнан қорқамын

1

2

3

18. Өзімнің ойластырмаған әрекеттерімді уайымдаймын

1

2

3


Нәтижелерді өңдеу
Ұпай санын есептеп, өзіңіздің күйзеліске тұрақтылық деңгейіңізді кестеге сәйкес анықтаңыз.

Ұпай саны Күйзеліске тұрақтылық деңгейі

    1. 1- өте төмен

    1. 2 –төмен

    1. 3 – орташадан төмен

    1. 4 – орташадан сәл төмен

    1. 5- орташа

    1. 6- орташадан сәл жоғары

    1. 7 – орташадан жоғары

    1. 8 – жоғары

    1. 9 -өте жоғары

Ұпай саны неғұрлым төмен болса, соғұрым күйзеліске тұрақтылық деңгейі жоғары болады. Егер күйзеліске тұрақтылық 1-ші немесе 2-ші деңгейді көрсететін болса, онда өз өмір салтыңызды мүлдем өзгерту қажет.
Бақылау сұрақтары:

  1. Конфликтіні шешу

  2. Конфликтінің алдын алу

  3. Конфликтіні болжау

Әдебиеттер:
1.Шульц Д.П., Щульц С.Э. Қазіргі психология тарихы 11-басылым. Алматы: Ұлттық аударма бюросы қоғамдық қоры. 2018-448 б.
2.Буркитбаева Д. «Психология» пәнінен гуманитарлық мамандық студенттеріне арналған дәріс жинағы Шымкент : ОҚМУ, 2018ж.
3.Алдамұратов Ә. Жалпы психология : оқулық жоғары оку орындарына арналған / Ә. Алдамұратов. - Алматы : "Эверо", 2013.


15- практикалық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Тиімді коммуникация мен тұлғаның бәсекеге қабілеттілігінің өзара байланысы
Сабақ мақсаты:Рухани дамыған, бісекеге қабілетті тұлға тәрбиелеудегі құндылық бағдардың маңызы мен дамыту жолдарын үйрету. 

Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулығы:
Әдістеме:«Кіші топтардағы» жұмыс.
Бұл практикалық сабақта студенттер адамның Мінез бітістеріне байланысты ассоциация жасайды. 
Агрессивті мінез-құлықты анықтау
Рефлексия. Бүгінгі тренингтен алған әсерлеріңізді айтыңыздар.
Тест сауалнамасы: Сіз шешімге келе аласыз ба?
Батылсыздық адамды кейде тым қатаң мәселеге әкеліп соғады. Осы тест сұрағына жауап бере отырып сіз өзіңізді жақсы танисыз.Ұсынылған нұсқалардың бірін таңдаңыз.(а,ә,б,в,г,д)

  1. Сіз үшін адам өмірінде не маңызды:

А) әуестік;
Ә) тілек (ықылас);
Б) қажеттілік.

  1. Сіздің ойыңызша неге адамдар өз жұмысынан басқа жұмысқа ауысады?

В) жұмысынан шығарылып жіберіледі;
Г) жалақының төмендігінен ;
Д) басқа жұмыс өзіне лайықты болған соң.


  1. Сізде көңілсіз жағдай болған кезде:

А) сіз мәселені соңына дейін қалдырасыз;
Ә) қаншалықты өзіңіз кінәлі болсаңыз да сіз қажеттілікті талдап шыға аласыз;
Б) сіз болған оқиғаны ойлағыңыз да келмейді.

  1. Сіз жұмысты ойдағыдай орындай алмадыңыз делік :

Г) өзіңіздің жасыңыздың сай келмейтінін алдын-ала айтып қоясыз;
В) қорқынышпен сіз шешімді шығарғанша күтесіз;
Д) Сіз мұқият түсіндіруге дайындаласыз.

  1. Сіз қашанда алға қойған мақсатыңызға жету үшін сол туралы мәліметті кездестіргенде:

Б) жеңілдікті сезінесіз;
В) қарқынды дұрыс эмоциямен қабылдайсыз;
А) қарқынды мақсатқа әрдайым тәуелділікпен қарайсыз.

  1. Сіз ұялшақ, қысылшаң адамдарға не ұсынар едіңіз?

Г) тәуекел етуге жағдайдан қашу;
Е) бұдан құтылу үшін психологқа барып көмек сұрау;
Д) қысылмайтын, ұялмайтын басқа адамдармен танысуға.

  1. Түсінбеушілік жағдайда сіз қандай шара қолданар едңіз?

Б) түсінбеушілік көрсеткен адамдармен сөйлесемін;
А) хат жазамын;
В) түсінбеушілікті біреу арқылы шешемін.

  1. Сізде қай кезде дұрыс болмаған жағдайда қорқыныш пайда болады?

Д) Сіз үйреншікті нәрсені қате деп қорқасыз;
Г) жазадан қорқасыз ;
Е) мәртебеден айырылып қалудан қорқу.

  1. Сіз біреумен әңгімелескенде:

А) кейде көз қырыңызды басқа жақа аударасыз;
Б) әңгімелесушінің көзіне тік қарайсыз;
Г) сіз көңіл бөліп тұрсаңыз да көз қиығыңызды басқа жаққа аударасыз.

  1. Сіз маңызды әңгіме жүргізгеніңізде:

Е) әңгімелесу ырғағы жай қалпында қалады;
Д) сіз оны да мағынасыз қалдыра бересіз;
Г) сіз ыңғайсызданып уайымдап сөзді қайталай бересіз.
Егер сіздің барлық жауабыңыз А және Д болса:
Сіз шешімге келе алмайтын адамсыз, бірақ сізді шешімді емес деп те айтуға болмайды. Сіз әрдайым белсенді және жылдам әрекет жасайсыз. Сізге батыл адамдар ұнайды, олардың қабылдаған шешімдері қорқыныштан емес сақтықтан деп есептейсіз. Сіз кітап оқығанда, фильмдегі ержүрек адамдарды көргенде, өжет адамдарды кездестіргенде солардың орнында болғыңыз келеді.
Егер сіз Б және Е жауаптарын таңдасаңыз:
Онда сіз, сөзсіз, шешімді адамсыз. Сіз заттарды тым жиі менсінбей оны ұсақ деп есептейсіз. Бірақ, бұған қарамастан сізді тәуелсіз және қызықты тұлға деп бағалайды. Сізде жауапкершілік және сезімталдық болғандықтан сізге жиі күрделі тапсырмалар тапсырылады. Бірақ бұл жағдайда сіздің тобыңызда басқа типті адамдар болуы тиіс, аса үлкен белсенді деңгейде өлшеусіз тапсырманы ойланбастан сіз қабылдай аласыз ба?
Егер сіздің барлық жауабыныз Б және В болса:
Онда сіз шешімді қабылдаудан қорқасыз, оқиғаны ойлаудан үрейленесіз. Сіздің психологиялық күйіңізді тұрақты деп айтуға болмайды. Мадақтауға қарағанда сіз көбіне жиі өз іс-әрекетіңізден сын күтесіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет