Аграрлық саясатты жүзеге асырушылардың бірі-Сібір темір жол комитеті болды.(1982 жылы құрылды.)Елдің шығысындағы бірсыпыра аудандар темір жолмен байланысқаннан кейін,шаруалардың қоныс аударуы кең өріс алды.Қазақстанда шаруаларды қоныстандыру алдымен Ақмола,одан соң Жетісу,Семей,Орал,Торғай облыстарында жүргізілді.
Тек 1885 жылдан 1893 жылға дейін Ақмола облысының жергілікті халқынан 251779 десятина жер тартып алынып,10940 халқы бар 24 жаңа селолар пайда болды.Семей облысында бұл кезде қазақ шаруаларынан 33064 десятина егістік жер тартып алынды.1884-1891 жыл аралығында мұнда 3324 отбасы қоныстанды.Шеттен шаруаларды әкеліп қоныстандыру Сырдария облысынан ,Шымкент,Ташкент және Әулиеата уездерін кеңінен қамтыды.
Қоныс аударушылар Россияның Европалық бөлігінен ғана емес,сондай-ақ басқа облыстардан да келді.Мәселен,1900 жылғы халық санағы бойынша тек Қазақстанның бес облысында (Ақмола,Орал,Торғай,Семей,Жетісу) ғана 3463598 адам болса,оның ішінде европалық Россиядан келгендер 247 мыңдай адам,Сібірден -42119,Орта Азиядан-23530,Польшадан-1191,Кавказдан-1672,Финландиядан -72,басқа жерлерден 3557 адам келді.Сөйтіп,1900 жылы 5облыс бойынша сырттан келушілер өлкенің барлық халқының 10,5 процентін қамтыды.Оларға 44 миллион гектар жер таратылды.

Сөйтіп,патша самодержавиесінің Қазақстан территориясын отарлауға бағытталған және дамып келе жатқан Россия капитализмнің мүдделерін бейнелеген аграрлық саясаты ХІХ ғасырдың екінші жартысында осылайша жүзеге асырылды.
1954 жылы 23 ақпан мен 2 наурыз аралығында Компартия ОК пленумы болып, онда «Елде астық өндіруді ұлгайту мен тың және тыңайған жерлерді игеру» жөнінде қаулы қабылданды. Бұл КСРО-да нан тапшылыгын жою үшін жасалды. Астық мәселесін шешудің теориялық тұрғыда екі бағыты болды:

Интенсивтік бағыт-экономиканы реттеудің нарықтық қатынасына көшу. Бірақта бұл социализм идеологиясына қайшы келетін еді. Егер Кеңес Одағында тың игеруге дейінгі астық өндіруде гектарына 1центнерден қосса, онда бұл өнім бүкіл игерілген тың жерлердің өнімімен пара-пар болар еді Экстенсивтік бағыт- астық өнімін жаңа жерлерді жырту, тың жерлерді игеру арқылы арттыру жолы. Азық-түлік мәселесін шешуде Кеңес үкіметі осы екінші жолды таңдады.