Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі


-бап. Геодезия және картография саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар



бет38/48
Дата24.05.2017
өлшемі10,66 Mb.
#16931
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   48

712-бап. Геодезия және картография саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар

1. Геодезия және картография саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 138 (екінші бөлігінде), 343-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға геодезия және картография саласындағы уәкілетті орган ведомствосының лауазымды адамдары құқылы.

 

713-бап. Монополияға қарсы орган



1. Монополияға қарсы орган осы Кодекстiң 160 (бірінші бөлігінде), 161, 162, 163, 201-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға монополияға қарсы органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ монополияға қарсы органның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.

 

714-бап. Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган



1. Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 164, 165, 166, 167, 168, 250, 464 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.

 

715-бап. Техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар



2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Техникалық реттеу және өлшем бiртұтастығын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 203, 415 (бірінші бөлігінде), 417 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 418, 419 (бірінші бөлігінде), 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 638 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк жазаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бақылау және қадағалау жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ облыстар мен қалалардың мемлекеттiк бақылау және қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары мен олардың орынбасарлары қолдануға құқылы.

 

2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен Кодекс 715-1-баппен толықтырылды



715-1-бап. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган

1. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстiң 193 (бiрiншi бөлiгiнде), 415 (бірінші бөлігінің 1), 2), 3) тармақшаларында)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның басшысы, оның орынбасарлары, аумақтық бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.

 

716-бап. Ауыл шаруашылығы техникасын тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi орган



1. Ауыл шаруашылығы техникасын тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 590 (бiрiншi, екiншi бөлiктерiнде) (тракторлардың, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарының жүргiзушiлерi жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), ауыл шаруашылығы техникасын, тракторларды, өзге де өздiгiнен жүретiн машиналар мен жабдықты тiркеу жөнiндегi қадағалаушы уәкiлеттi органдарға қатысты бөлiгiнде 612, 617, 619, 627-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Ауыл шаруашылығы техникасын тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органның атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға ауыл шаруашылығы техникасын тiркеу жөнiндегi аудандық және облыстық уәкiлеттi органдардың инженер-инспекторлары құқылы.

 

717-бап. Өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган



1. Өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган осы Кодекстiң 228 (үшінші және жетінші бөлiктерiнде) (өзара сақтандыру қоғамдарының өсiмдiк шаруашылығында жасаған құқық бұзушылықтары бөлiгiнде), 230 (екiншi бөлiгiнде) (өсiмдiк шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлер жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық органдардың басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.

 

718-бап. Объектiлердi салу сапасына мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдар



2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

1. Объектiлердi салу сапасына мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 309, 312 (бiрiншi бөлiгiнде), 315, 316 (бiрiншi бөлiгiнде), 317 (бiрiншi, екiншi, үшiншi және 3-1-бөлiктерiнде), 317-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 317-2 (екiншi бөлiгiнде), 318, 321, 322, 323, 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 1-1-бөлікпен толықтырылды



1-1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган осы Кодекстiң 323-1-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк құрылыс инспекторы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттiк құрылыс инспекторлары құқылы.

 

719-бап. Мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi орган



1. Мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 497, 499, 500, 501, 502, 503-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.

 

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 720-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



720-бап. Мемлекеттік кіріс органдары

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.06.04. № 484-V ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



1. Мемлекеттік кіріс органдары осы Кодекстiң 91 (алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 92 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 151 (бірінші бөлігінде 152, 155, 157, 174 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 177, 178, 179, 180, 181, 194, 195, 196, 203, 205, 221, 233 (бірінші бөлігінде), 239 (бірінші және екінші бөліктерінде), 246-1, 266, 269, 270, 271, 272, 273, 274, 275, 276, 277, 278, 279, 280, 280-1, 281 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 282 (бірінші, екінші, бесінші, сегізінші, оныншы және он екінші бөліктерінде), 284, 285, 286, 287, 288, 464 (бірінші бөлігінде), 471, 472, 473, 474, 521, 522, 523, 524, 525, 526, 527, 528 (екінші және үшінші бөліктерінде), 529, 530, 531, 533, 534, 535, 536, 537, 538, 539, 540, 542, 543 (екінші бөлігінде), 546, 547, 548 (бірінші бөлігінде), 551 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 552 (бірінші бөлігінде), 553, 554, 555, 556, 557, 558 және 571-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2. Мемлекеттік кіріс органдары осы бөлікте санамаланған әкімшілік құқық бұзушылықтар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде жасалған кезде, осы Кодекстің 230 (екінші бөлігінде), 297, 324 (бірінші бөлігінде), 334, 377 (бірінші бөлігінде), 400 (бірінші бөлігінде), 406 (бірінші және екінші бөліктерінде), 425 (бірінші бөлігінде), 572 (бірінші бөлігінде), 573, 574, 589 (автомобиль көлігіндегі әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша), 590 (бірінші, екінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және оныншы бөліктерінде), 593 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 609, 612 (үшінші бөлігінде) және 621 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi деқарайды.

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



3. Мемлекеттік кіріс органдарының атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:

мемлекеттік кіріс органдарының ведомстволық бағыныстылығына жатқызылған, осы Кодекстің барлық баптары бойынша - мемлекеттік кіріс органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары;

осы Кодекстің 91 (алтыншы бөлігінде), 92 (екінші бөлігінде), 195 (бірінші бөлігінде), 269 (бірінші бөлігінде), 270 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 271 (бірінші бөлігінде), 272 (бірінші бөлігінде), 276 (бірінші бөлігінде), 284 (бірінші, үшінші, бесінші, жетінші, тоғызыншы, он бірінші, он үшінші, он бесінші және он жетінші бөліктерінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша ескерту түрінде, сондай-ақ 897-бабында көзделген тәртіппен айыппұл түрінде әкімшілік жаза, сондай-ақ кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша - мемлекеттік кіріс органдарының басшысы уәкілеттік берген лауазымды адамдары құқылы.

 

2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.06.04. № 484-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 721-бап жаңа редакцияда



721-бап. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган

1. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган осы Кодекстiң 274, 473, 475-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы мен оның орынбасарлары, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.

 

722-бап. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң органдары



2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң органдары осы Кодекстiң 207, 209, 230 (екінші бөлігінде) (бұл бұзушылықтарды аудиторлық ұйымдар жасаған кезде), 233 (екінші бөлігінде), 234, 238, 239 (бірінші және екінші бөліктерінде), 240, 241, 247 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, жетінші және оныншы бөліктерінде), 248, 249, 250, 267, 464 (бiрiншi бөлiгiнде (бұл бұзушылықтарды аудиторлық ұйымдар жасаған кезде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:

1) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның басшысы, оның орынбасарлары және аумақтық бөлімшелердің басшылары;

2) аудиторлық қызмет саласындағы реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның басшысы, оның орынбасарлары және аумақтық бөлімшелердің басшылары құқылы.

 

723-бап. 2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)



 

724-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi осы Кодекстiң 91 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктерінде), 186, 206, 208, 210, 211 (екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 212, 213, 215, 217, 218, 220, 222, 223, 224, 225, 226, 227, 228 (бірінші, екінші, төртінші, бесінші, алтыншы, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы және жиырмасыншы бөліктерінде), 229, 230 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 231, 232, 239 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 242, 243, 244, 247 (төртінші және сегізінші бөліктерінде), 252 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 253, 254, 255, 256, 257, 258, 259, 260, 261, 262, 263, 264, 265, 286, 464 (бірінші бөлігінде), 497 (алғашқы статистикалық деректерді жинау құзыретiне кiретiн бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы, оның орынбасарлары, аумақтық филиалдардың басшылары құқылы.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғандығы туралы хаттама жасауға құқығы бар қызметкерлерiнiң өкiлеттiктерi осы Кодекске сәйкес айқындалады.

 

725-бап. Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтiк қорғау органдары



1. Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтiк қорғау органдары осы Кодекстiң 83 (жұмыс берушілер жасаған құқық бұзушылықтардан басқа), 84, 91 (төртінші бөлігінде), 92 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк айыппұлдар салуға Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтiк қорғау органдарының басшылары, олардың орынбасарлары құқылы.

 

726-бап. Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары



1. Ұлттық қауiпсiздiк органдары осы Кодекстiң 192, 504-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



2. Осы Кодекстiң 192, 464 (бірінші бөлігі), 504-баптары бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және белгiленген әкiмшiлiк жазаларды қолдануға Ұлттық қауiпсiздiк комитетi департаментiнiң бастығы мен оның орынбасарлары, аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің Шекара қызметі осы Кодекстің 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 393 (шекаралық кеңістікте жасалған)-баптарында, сондай-ақ 394, 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде), 510, 512 (бірінші бөлігінде), 513 (бірінші бөлігінде), 514 (бірінші бөлігінде), 515, 517 (бірінші және үшінші бөліктерінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

4. Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметінің атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:

1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң басшысы мен оның орынбасарлары, арнаулы бiрлестiктердiң басшылары мен олардың орынбасарлары - ескерту жасауға не жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштің жетпіске дейінгі, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне - екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;

2) шекара отрядтарының бастықтары, шекаралық бақылау әскери бөлімшелерінің, теңіз әскери бөлімшелерінің командирлерi, жекелеген шекара комендатураларының коменданттары мен олардың орынбасарлары - ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштің жетпіске дейінгі, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;

3) шекара комендатураларының коменданттары және шекаралық бақылау бөлімдерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары - ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштің жиырмаға дейінгі, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.

 

727-бап. Әскери полиция органдары



2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Әскери полиция органдары осы Кодекстің 511, 590 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде), 591, 592, 593, 594, 595, 596 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 597, 598, 599, 600, 601, 602, 603 (үшінші бөлігінде), 606 (бірінші бөлігінде), 607 (бірінші бөлігінде), 611 (бірінші бөлігінде), 612, 613 (он екінші және он үшінші бөліктерінде), 614, 615 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 617, 619, 620, 621 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды..

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға әскери полиция органдарының уәкілеттік берілген лауазымды адамдары құқылы.

3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полициясы органдарының көлік саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша құзыреті, осы баптың төртінші және бесінші бөліктерін қоспағанда, әскери қызметшілерге, жиынға шақырылған әскери мiндеттiлерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасы басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери көлік құралдарын басқаратын адамдарға қолданылады.

4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полициясы органдарының көлік саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша құзыреті Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының көлік құралдарын басқаратын қызметкерлеріне, жұмыскерлеріне және әскери қызметшілеріне қолданылады.

2015.10.01. № 275-V ҚР Заңымен 5-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери полициясы органдарының көлік саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша құзыреті әскери қызметшілерге, жиынға шақырылған әскери мiндеттiлерге, сондай-ақ Ұлттық ұланның әскери көлік құралдарын басқаратын адамдарға қолданылады.

6. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасы басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының көлік құралдарының жүргізушілері - әскери қызметшілер, жиынға шақырылған әскери мiндеттiлер жасаған, әкімшілік жаза ретінде белгіленген тәртіппен айыппұл көзделген бұзушылықтар туралы материалдарды әскери полиция органдары кінәліларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасы басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының Тәртіптік жарғысы бойынша жауаптылыққа тарту туралы мәселені шешу үшін тиісті командирлерге (бастықтарға) береді.

 

728-бап. Акцизделетiн өнiм өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi органдар



2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Акцизделетiн өнiм өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi органдар осы Кодекстің 281 (бiрiншi, екінші және үшінші бөлiктерiнде), 282 (бiрiншi, екінші, бесінші, сегізінші, оныншы және он екінші бөлiктерiнде), 464 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға акцизделетiн өнiм өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi органның басшылары (орынбасарлары) құқылы.



 

729-бап. Жергiлiктi атқарушы органдар



2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.22.01. № 446-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 502-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді

1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (республикалық, облыстық маңызы бар қаланың және астананың) жергiлiктi атқарушы органы осы Кодекстiң 75 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 144 (бірінші (тұтынушылардың жылуды пайдаланалатын құрылғылары бөлігінде) және екінші бөліктерінде), 172 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде) (барлық қуаттардағы қазандықтардың жылу-механикалық жабдықтарын және жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) пайдалану бөлігінде), 199 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 202, 204, 250, 301 (барлық қуаттардағы қазандықтар және жылу желілері (магистральдық, орамішілік) бөлігінде), 303 (барлық қуаттардағы қазандықтар бөлігінде), 304, 305 (жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзет аймақтары бөлігінде), 306 (бірінші және екінші бөліктерінде), 320 (бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 401 (үшінші, төртінші, бесінші, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 402 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 404 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 405 (екінші бөлігінде), 408-1, 409 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 454 (бiрiншi бөлiгiнде), 455 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 488-1, 491-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (республикалық, облыстық маңызы бар қаланың және астананың) әкімі мен оның орынбасарлары құқылы.

2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.02.11. № 387-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-бөлік жаңа редакцияда

3. Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері осы Кодекстің 136 (елді мекен аумағында жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 144 (бірінші (тұтынушылардың жылуды пайдаланатын қондырғылары бөлігінде) және екінші бөліктерінде), 146, 147, 172 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде) (барлық қуаттардағы қазандықтардың жылу-механикалық жабдығын және жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) пайдалану бөлігінде), 204, 301 (барлық қуаттардағы қазандықтар және жылу желілері (магистральдық, орамішілік) бөлігінде), 303 (барлық қуаттардағы қазандықтар бөлігінде), 304, 305 (жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзет аймақтары бөлігінде), 320 (бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 339 (елді мекен аумағында жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 386, 408, 409 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 491, 505-баптарында көзделген, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің аумағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.

 

730-бап. Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган



1. Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 84, 409 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 464 (бiрiншi бөлiгінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.

 

731-бап. Туристiк қызмет саласындағы уәкiлеттi орган



1. Туристiк қызмет саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 187 (бiрiншi бөлiгiнде), 230 (екінші бөлігінде) (туроператорлар және турагенттер жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 464 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға туристiк қызмет саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.

 

732-бап. Ойын бизнесi саласындағы уәкiлеттi орган



1. Ойын бизнесi саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстің 464-бабында (бiрiншi бөлiгiнде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға ойын бизнесi саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.

 

733-бап. Сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган



1. Сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 268, 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi органның басшысы не оның мiндетiн атқарушы адам құқылы.

 

734-бап. Биоотын өндiрiсi саласындағы уәкiлеттi орган



1. Биоотын өндiрiсi саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстің 169-бабында (бiрiншi, үшiншi, алтыншы және сегiзiншi бөлiктерiнде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:

1) биоотын өндiрiсi саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары;

2) биоотын өндiрiсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары мен оның орынбасарлары құқылы.

 

735-бап. Биоотын айналымы саласындағы уәкiлеттi орган



1. Биоотын айналымы саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстің 169-бабында (төртінші, бесінші және тоғызыншы бөлiктерiнде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:

1) биоотын айналымы саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары;

2) биоотын айналымы саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары мен оның орынбасарлары құқылы.

 

 

4-бөлiм. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша іс жүргiзу



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет