21.Сылдырауықты сылдырат
(сылдырауыққа дейін еңбектеп жет).
Балалар орындыққа отырады; олардан 2,5-3 м жерде сылдырауық жатыр. Тәрбиеші
балаларды кезекпе-кезек атап, сылдырауықпен ойнауды ұсынады. ол үшін сылдырауыққа
еңбектеп барып, оны алады, орнынан тұрады, сылдыратады қайтадан орнына қояды,
сөйтіп, өз орнына келеді.
Балалар еңбектеуді үйренген кезде 3-4 сылдырауық қою ұсынылады, сонда қанша
сылдырауық болса, сонша бала ойнай алады.
22.Маймылдар.
Ойында гимнастикалық қабырға немесе (учаскеде) үш қырлы кішкене дуал
пайдаланады. Тәрбиеші бүгін балалар маймылдарша өрмелеуге үйренетінін
айтады да екі-үш балаға сатының қарсы алдында тұруды, сөйтіп, бірнеше
баспалдаққа көтерілуді ұсынады. Балалар 5-6 баспалдақ көтерілгенде тәрбиеші:
«Міне, көрдіңдер ме, маймылдар қалай ағашқа өрмелеп кетті! Ал енді
қайтадан төмен түсіңдер», - дейді.
Балалар жоғары қарай өрмелеп және төмен қарай түскенде әрбір
баспалдақты басуын міндетті түрде қадағалау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |