35.Құрсауды дөңгелет. Үш-төрт бала тәрбиешіге қарама-қарсы 1,5-2 м жерде тұрады. Тәрбиеші құрсауды кезекпен
әр балаға қарай дөңгелетеді, ол ұстайды да керісінше тәрбиешіге қарай дөңгелетеді.
Балалар құрсауды дөңгелетуді және ұстауды жақсы үйренген кезде бір-бірімен өздері
ойнай алады.
36.Ұя басқан тауық пен балапандар. Балалар балапандарды, ал тәрбиеші ұя басқан тауықты бейнелейді.
Бөлменің немесе алаңның бір жағында қоршалған орын. Бұл – үй (жалаушалар тізбектеле
жіп 40-50см биіктіктегі ағаштардың немесе бағандарының арасымен тартылады).
Үйде балапандарымен ұя басқан тауық орналасқан.Тауық балапандарына тамақ
(жем) іздеп кетеді. Біраз уақыттан кейін ол: «Ко-ко-ко-ко» деп балапандарын
шақырады. Бұл сигналда естіген балапандар жіптің астынан өтіп,
енесіне келеді