10.Күн шұғыласы (сәулесі). Тәрбиеші өзінің жанына бір топ балаларды жинап, айнаның көмегімен күн шұғыласын
қабырғаға түсіреді де:
Қабырғаға елбеңдеп,
Ойнайды сәуле құбылып.
Ымдасаң болды «кел» деп,
Жетеді демде жүгіріп.
Сәл үзіліс жасайды да: «Сәулені ұстаңдар» деген сигнал береді. Балалар
қабырғаға жүгіріп, қолға тұрмай жалтаңдап тұрған күн сәулесін ұстауға
тырысады.
11.Мені қуып жетіңдер. Балалар бөлменің бір қабырғасын бойлай қойылған орындықтарды немесе алаңда
отырады. Тәрбиеші: «Мені қуып жетіңдер», - дейді де алыңның қарсы жағына жүгіреді.
Балалар тәрбиешінің соңынан жүгіріп, оны ұстауға тырысады. Одан кейін тәрбиеші тағы
да: «Мені қуып жетіңдер», - дейді де қарсы жаққа қарай жүгіреді, балалар оны қайтадан
қуалайды. Екі рет жүгіргеннен кейін балалар орындықтарға отырып дем алады. Одан
кейін ойын қайта басталады.
Ойынды азғана балалар тобымен өткізген дұрыс: балалардың бір тобы ойнап
жатқан кезде екінші тобы қарап тұрады, одан кейін балалар рөлдермен
ауысады.