12.Маған қарай жүгіріңдер. Балалар бөлменің бір қабырғасын бойлай қойылған орындықтарда немесе алаңды жағалай
отырады. Тәрбиеші бөлменің қарсы бұрышына немесе алаңның ең алыс бұрышына барып: « Маған қарай жүгіріңдер», - дейді. Балалар оған қарсы жүгіреді. Тәрбиеші оларды қолын
жайып, ишаратпен қарсы алады. Балалардың бәрі келіп, тәрбиешінің қасына жиналып
болғаннан кейін, ол серуендеуді ұсынады. Балалар өздері жүргісі келген жерде
емін-еркін тәрбиешімен бірге бөлме ішінде жүреді. Тәрбиеші бұдан кейін: «Үйге қарай
жүгіріңдер» - дейді. Балалар жүгіріп барып орындықтарына отырады.
Ойын осылай 4-5 рет қайталанады. Алғашқы кезде ойынды азғана балалар
тобымен өткізген дұрыс, кейін ойнаушылардың саны арта түседі
(үйлеріне қайтқан кезде балалардың кез-келген орындыққа отыруына
болады).
13.Үрпек төбет. Балалардың біреуі төбетті бейнелейді; ол кілем үстінде жатады, басын алға созылған
қолымен аяғына қояды. Қалған балалар жай ғана оған жақындай түседі, ал тәрбиеші осы
кезде былай дейді:
Алдыңғы екі аяққа басын сұғып,
Әнеки жалбыр төбет жатыр сұлық.
Белгісіз жатқаны ұйықтап, яки қалғып,
Момақан, сырты пішіні жуас салғырт.
Ояталық жақындап барайық та,
Қайтер екен содан соң – қарайық та.
Төбет орнынан ұшып тұрып үре бастайды. Балалар қаша жөнеледі. Төбет оларды қуа
жөнеледі. Балалардың бәрі жан-жаққа қашып тығылады. Төбет қайтадан кілемге
жатады. Ойын жаңа бастаушымен қайта басталады. Ойын азғана балалар
тобымен жүргізіледі.