2.Қоңырау қайдан естіледі? Балалар қабырғаға беттерін беріп тұрады. Күтуші әйел бөлменің басқа бір шетіне тығылып
тұрады да қоңырау соғады. Тәрбиеші балаларға: «Тыңдаңдар, қоңырау қайдан соғылып
тұр, қоңырауды табыңдар», - дейді. Балалар қоңырауды тапқан кезде, тәрбиеші оларды
мақтайды, одан кейін балаларға тағы да қабырғаға беттерін беріп тұруды ұсынады. Күтуші
әйел басқа жерге тығылады да қайтадан қоңырау соғады.
3.Өз түсіңді тап. Балалар үш-төрт жалаушалар алады. Біріншісі – жасыл, екіншісі – көк, үшіншісі – сары
жалауша алады да 4-6 адамнан бөлменің (алаңның) бұрыштарында топтасады. Әр
бұрыштағы тұғырдың үстіне тәрбиеші әр түрлі жалаушалар (жасыл, көк, сары)
қояды. Тәрбиешінің: «Қыдыруға барыңдар», - деген сигналы бойынша балалар
топтанып немесе жеке-жеке алаңды (бөлмені) аралап кетеді. «Өз түсіңді тап деген жаңа
сигнал бойынша балалар өздеріне лайықты түстегі жалаушаға қарай жүгіреді.