9.Күн мен жаңбыр. Балалардың алаңның бір шетінен немесе бөлменің қабырғасынан біразырақ жерге
қойылған орындықтардың артында тізерлеп отырады да «терезеге» (орындықтың
арқасындағы тесікке) қарайды. Тәрбиеші: «Аспан ашық, күн шығып тұр! Серуенге
шығуға болады», - дейді. Балалар бүкіл алаңда жүгіріп жүр. «Жаңбыр! Тез үйге
жүріңдер! деген сигналды естіп, бәрі өз орындарына қарай жүгіріп келіп,
орындықтардың артына отырады. Тәрбиеші қайтадан: «Күн шықты! Барыңдар,
серуендеңдер», - дейді, ойын қайта басталады